«Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері
бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
02 желтоқсан 2022 жыл Индербор кенті
Талданатын объект: «Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ (бұдан әрі - мекеме), Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Н.Меңдіғалиев көшесі, №30/9.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:
1) Салахадинов Тоғайбай Қайырғалиұлы – бөлім басшысы;
2) Абдиров Абай Каденович –бас маман;
3) Шашбекова Лейла Марсовна – бас маман;
4) Темирбулатов Мурат Амиргалиевич – маман;
5) Тагапова Ардак Абаевна – есепші.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі: 1-5 желтоқсан 2022 жыл.
Талданатын кезең: 01.01.2022-02.12.2022 ж.ж.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 5-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.
Мекемеге бағынысты мекемелер жоқ.
І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік – процестік кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
Талдау жүргізу барысында Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызметшілер саны – 3, нақты саны - 6.
2022 жылдың 02 желтоқсандағы жағдай бойынша бос вакансиялар жоқ.
Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған мемлекеттік қызметшілер анықталмады.
Талдау кезеңінде бөлімнің 1 қызметкері ауысу тәртібімен тағайындалды (1- бас маманнан бөлім басшысы лауазымына).
Ауысу тәртібімен орналасу Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген ережесіне сәйкес жүргізілді.
Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.
Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2021 жылға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылған.
Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі барлық қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасында тексеріліп, талдау кезеңінде басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ.
Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Талдау барысында мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Ережеге сәйкес Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.
VII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ережеге сәйкес Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде бақылау функциялары жоқ.
Ұсыным:
VIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданып отырған кезеңде Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне жеке және заңды тұлғалардан 2021 жылы барлығы 4 және 2022 жылдың 11 айында 10, барлығы 14 өтініш келіп түскен.
Соның ішінде 2021 жылы жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 4, заңды тұлғалардан өтініш келіп түскен жоқ.
2022 жылдың 11 айында жеке тұлғалардан - 10, заңды тұлғалардан өтініш келіп түскен жоқ.
Соның ішінде 2021 жылы 4 өтініш келіп түссе, 2022 жылдың 11 айында 10 өтініш келіп түскен.
Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің 2022 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес, 28.977.000 мың теңге қаражат бөлінген, игерілген сомасы – 23.004.738 мың теңге, қалған қаражат жыл соңына дейін игеріледі.
Ұсыным:
Ережеге сәйкес, Мекемемен мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
ҰСЫНЫМДАР:
Басшысы Салахадинов Тоғайбай Қайырғалиұлы
Жұмыс тобы мүшелері: Абдиров Абай Каденович
Шашбекова Лейла Марсовна
Темирбулатов Мурат Амиргалиевич
Тагапова Ардак Абаевна