Атырау облысында 2017-2022 жылдарға арналған Құқықтық ағарту саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалысы

Атырау облысында 2017-2022 жылдарға арналған Құқықтық ағарту саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалысы

 

Индер ауданы бойынша құқықтық тақырып бойынша 4 баннер орналастырылды.

Жалпы аудан бойынша халықтың құқықтық сауатын арттыру мақсатында барлығы 800 дана шамасында жадынамалар таратылды. Олар, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) туралы, облыстық Дін істері басқармасынан ҚР ӘҚБтК-нің 453 бабының 2 тармағына сәйкес, интернет ресурстарында діни араздықты қоздыру туралы, облыстық Ішкі саясат басқармасынан «Республикалық референдум» бағыттары бойынша.

Сондай-ақ барлық білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты бұрыштар орналастырылған.

Жыл басынан бері азаматтарды және заңды тұлға өкілдерін қабылдау бойынша аудан әкімімен (40) жеке қабылдау өткізілді.

Әрбір тоқсан сайын аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдау кестесі жасақталып, жергілікті ақпарат құралдарында және аудан әкімінің веб-сайтында, әлеуметтік желілерде, Фейзбук, Инстаграмм, Телеграмм және де аудан әкімінің жеке парақшаларында жариялануда.

Сонымен қатар, Индербор кенті және ауылдық округтер тұрғындарымен айына екі мәрте кездесу өткізіліп отырады.  

Ағымдағы жылдың 11 сәуір күні Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, полиция майоры Г.Кубашеваның қатысуымен  Есбол ауылдық округінде 14-29 жас аралығындағы жастармен «Жастар арасында қылмыстың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.

Ағымдағы жылдың 11 сәуір күні Индер аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері жергілікті учаскелік полициямен бірлесіп түнгі рейдке шықты.

Аудан әкімдігінің интернет-ресурсында «Құқықтық ағарту» арнайы айдары ашылған, материалдармен толықтырылып отырады. 

Аудан бойынша 11 кәсіби емес медиатор, 1 кәсіби медиатор және судья медиаторы жұмыс жасайды. Аудандағы білім беру ордаларында «Медиация» кабинеттері ашылған. Дауларды сотқа дейін жеткізбей шешудің балама тәсілі ретінде «Билер кеңесінің» халық арасында кездесулері өткізіліп, ақпараттық құралдар арқылы насихатталып отыр.

Дербес бөлімдер және мекеме басшыларының қатысуымен аудан тұрғындарына онлайн кеңес беру мақсатында ZOOM арқылы «Халық заңгері» акциясы (1) өткізілді.

Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беру бойынша «Адал көмек жобасы аясында» мекеме басшыларының қатысуымен онлайн форматта 5 тікелей эфир өткізілді.

Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің қатынасуымен заңды бұзбайтын азаматты қалыптастыруға бағытталған құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында оқушылар арасында «Балалар және қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел, «Адам құқығы жөнінде не білеміз?» атты тренинг, «Жас өспірім және құқық» атты кездесу өтті.

9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен аудандық олимпиадаға құқық негіздері пәнінен 19 оқушы қатынасып, 7-і жүлдегер болды. Аталған пәннен облыстық кезеңге қатынасқан 2 оқушы (Қ.Абаханов орта мектебінен) жүлделі ІІ және ІІІ орындарды иемденді.

 

 

 

Выполнение плана мероприятий по реализации Концепции по совершенствованию сферы правового просвещения в Атырауской области на 2017-2022 годы
Дата публикации
15 июня 2022