Қайырлы күн, мен қазір зейнеткермін және зейнетақы жинақтарым жеткіліктілік шегінен жоғары, сондықтан емделу үшін зейнетақы жинақтарымның бір бөлігін ала аламын ба?
Заңның (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы) 30-бабының 1-тармағына сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері түрінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында көрсетілген адамдарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде беріледі.
Осылайша, Заңның 31-бабының 1-1-тармағында және 32-бабының 1-1-тармағында МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен біржолғы зейнетақы төлемдеріне, оның ішінде өзіне немесе жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдардың төменде көрсетілген талаптардың бірі болған кезде құқығы көзделген, олар:
егер салымшының жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) бар МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асып кетсе;
егер зейнетақы мөлшері, ал отставкадағы судьялар үшін ай сайынғы қамту сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленетін алушының орташа айлық табысының 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе;
егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаса.
Бұл ретте емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібін реттейтін қағидаларда біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер тізбесі де берілгенін атап өткен жөн. Ол мыналарды қамтиды:
- орфандық ауруларды емдеу;
- стоматологиялық қызметтер;
- түзету және қалпына келтіру операциялары (пластикалық);
- радионуклидтіемдеужәне радиойодты терапия;
- радиохирургиялықемдеу;
- протондық терапия;
- офтальмологиялыққызметтер.
Жоғарыдаайтылғандардыескереотырып, егерСізжоғарыдааталғансанаттардыңбірінежатсаңыз, ондабіржолғызейнетақытөлемдерінеқұқығыңыз бар.
АлуғаболатынзейнетақыжинақтарыныңсомасытуралымәліметтердіСіз ЖЗШ-дан үзіндікөшірмеденкөреаласыз. Оны БЖЗҚ сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте (алуға болатын сома автоматты түрде көрсетіледі) не электрондық үкіметтің сайтында немесе қосымшасында көруге болады.