Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

 

2022 жылғы 23 қыркүйекте Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2022 жылғы 16 қазанға  тағайындалған Индер ауданы Өрлік ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат Каженов Муратбек Ермекулы («Amanat» саяси партиясынан) құжаттары ұсынылды.

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Индер ауданы Өрлік ауылдық округі әкімдігіне сайлауға кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.

2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған Индер ауданы Өрлік ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 17 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Ақпараттық хабарлама
Дата публикации
23 сентября 2022