Индер ауданы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 - бабына сәйкес Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2022 жылғы 16 қазанға Индер ауданының:
- Өрлік ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған ауылдық округ әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Дендер» газетінде жариялансын.
Индер аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Сакенов
Индер аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Ш.Сариева