Индер ауданы ауылдық округ әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 - бабы 6) тармақшасына, 21 - бабының 4 тармағына, 22 - бабына сәйкес Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Индер ауданы ауылдық округ әкімін сайлау бойынша:
- Өрлік ауылдық округінің шекарасында Өрлік ауылдық округі әкімін
сайлау бойынша Өрлік сайлау округі құрылсын.
2.Сайлау округінің тізімі және шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орындары көрсетіліп Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Дендер» газетінде жариялансын.
Индер аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Сакенов
Индер аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Ш.Сариева