Индер ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Индер ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

 

  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының              1-тармағының   13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының  48-бабына және 50-бабының 2-тармағының                   2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

1.  Индер ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2.  Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3.  Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

          

 

Аудан әкімі

 

С. Өтеғұлов

Индер ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Дата публикации
24 августа 2022