АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Индер ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын,ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнінде конкурс 2022 жылдың 04 шілде сағат 10.00-де Атырау облысы,  Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі,30 (АБК ғимараты, 3 қабат),  акт залы мекен-жайында өткізіледі. Конкурсқа шығарылған жер телімдерінің тізімі:

Лот №

Жер учаскенің орналасқан орыны

Нысаналы мақсаты

Көлемі, га

Жалға беру мерзімі, жыл

 Шаруашылық, аудандық орталықтан орталыққа дейінгі орташа қашықтық

Алқап құрамы, бонитет балы, сумен қамтамасыз етілу жөнінде мәлімет

 

                                                                                                               Есбол а/о

1

Есбол ауылдық округі, «Қосқұдық» учаскесінің батыс бөлігі

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

500

Уақытша өтеулі 10 жыл

Есбол ауылы–95 км

Индербор кенті - 115 км

Табиғи жайылым, бонитет балл 1,9

 

2

Есбол ауылдық округі, «Қосқұдық» учаскесінің батыс бөлігі

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

500

Уақытша өтеулі 10 жыл

Есбол ауылы–99 км

Индербор кенті - 120 км

Табиғи жайылым, бонитет балл 1,9

 

3

Есбол ауылдық округі, «Нубекермола» учаскесінің ма

ңы

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

500

Уақытша өтеулі 10 жыл

Есбол ауылы–70 км

Индербор кенті - 100 км

Табиғи жайылым, бонитет балл 1,9

 

4

Есбол ауылдық округі, «Төсқұдық» учаскесінің маңы

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

500

Уақытша өтеулі 10 жыл

Есбол ауылы–42 км

Индербор кенті - 60 км

Табиғи жайылым, бонитет балл 2,6

 

                                      Көктоғай а/о

 

5

Көктоғай ауылдық округі, «Тұрғалимола» учаскесі

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

400

Уақытша өтеулі 10 жыл

Көктоғай ауылы–102 км

Индербор кенті – 130 км

Табиғи жайылым, бонитет балл 2,4

 

6

Көктоғай ауылдық округі, «Сейтмола» учаскесі

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

500

Уақытша өтеулі 10 жыл

Көктоғай ауылы–45 км

Индербор кенті - 88 км

Табиғи жайылым, бонитет балл 2,1

 

7

Көктоғай ауылдық округі, «Қаштай» учаскесі

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

500

Уақытша өтеулі 10 жыл

Көктоғай ауылы–100 км

Индербор кенті - 125 км

Табиғи жайылым, бонитет балл 2,4

 

8

Көктоғай ауылдық округі, Салықмола учаскесі маңы

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

500

Уақытша өтеулі 10 жыл

Көктоғай ауылы–28 км

Индербор кенті – 85 км

Табиғи жайылым, бонитет балл 2,4

 

Жарсуат а/о

 

9

Жарсуат ауылдық округі, «Тоғызбай» учаскесінің маңы

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

500

Уақытша өтеулі 10 жыл

Жарсуат ауылы–35 км

Индербор кенті - 52 км

Табиғи жайылым, бонитет балл 2,9

 

                 

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

3) тартылған инвестициялардың көлемін растау туралы банк кепілдіктері немесе қаржы институты кредит комитетінің оң шешімі. (Инвестиция сомасында өнімдерді сақтау және өңдеу объектісін салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жайлар салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды).

Конкурстық ұсыныста:

1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң 2022 жылдың «20» маусымынан бастап 2022 жылдың «1» шілде сағат 10.00-ге дейінгі аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі.

Анықтама телефоны: 8 /71-234/2-17-96, 2-17-86, «Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

 

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Дата публикации
03 июня 2022