Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің  2017-2022 жылдарға арналған Құқықтық ағарту саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалысы

Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің  2017-2022 жылдарға арналған Құқықтық ағарту саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалысы

Әлеуметтік сыртқы жарнама арқылы қоғамда құқықтық сауаттылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін баннерлерді орнату, ақпараттық жадынамаларды және плакаттарды орналастыру тұрақты түрде эскиздерді кезеңді жаңарта отырып тарату көзделген. Осының аясында аудандық экономика және қаржы бөлімі ғимаратында 20-ға жуық жадынамалар мен 1 ақпараттық тақтасы орналастырылды.            

2022 жылдың 5 айында жеке және заңды тұлғалардан барлығы 5 өтініш тіркелсе, былтырғы жылы 5 айдың қортындысы бойынша 1 өтініш келіп түскен.

Өтініштердің барлығына заңдылыққа сәйкес жауаптар берілді. Өтініштерге жасалған талдау нәтижесі көрсеткендей мәселелердің басым көпшілігі (тұрғын үй, мемлекеттік сатып алу) болып отыр. Келіп түскен 5 өтініштің 1-і қанағаттандырылып, 4 –не заң аясында түсінік берілді.

            Қоғамда азаматтардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында «Дипломмен ауылға» жобасына кең ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру мақсатында жыл басынан бері газет беттерінде 2 мақала жарияланды.

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында арнайы айдарды құру және оларды құқықтық мәселелер жөніндегі ақпараттық-түсіндіру материалдарымен сапалы толықтыруды қамтамасыз ету мақсатында әкімдіктің ресми интернет-ресурсында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бөлімі ашылып, «Құжаттар» бөлімінде аудан бюджетінің жоспарлануы және орындалысы туралы ақпараттармен толықтырылған.

          Халықтың осал топтары үшін құқықтық ағарту іс-шараларын өткізу және тегін құқықтық көмек көрсету бойынша жыл басынан бері 1 рет «Адал көмек» құқықтық акциялары өткізілді.

          Бөлім Индербор кенті, ауылдық округ  әкімдерінің бюджетін нормативтік құқықтық актілер (әрі қарай – НҚА) «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталына жариялайды және тұрғындардың НҚА жобаларын көпшілік талқылауға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында бөлімнің Facebook әлеуметтік парақшасына сілтемесі жарияланып келеді.

 

Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің  2017-2022 жылдарға арналған Құқықтық ағарту саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалысы
Дата публикации
05 мая 2022