Есбол ауылында 2017-2022 жылдарға арналған Құқықтық ағарту саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалысы
Әлеуметтік сыртқы жарнама арқылы қоғамда құқықтық сауаттылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін баннерлерді орнату, ақпараттық жадынамаларды және плакаттарды орналастыру тұрақты түрде эскиздерді кезеңді жаңарта отырып тарату көзделген. Осының аясында Есбол ауылдық округінде баннерге тапсырылыс беріліп, елуге жуық жадынамалар орналастырылды.
2022 жылдың 5 айында жеке және заңды тұлғалардан барлығы 0 өтініш тіркелсе, былтырғы жылы 5 айдың қортындысы бойынша 1 өтініштер келіп түскен. Өткен жылмен салыстырғанда 100 %-ға азайып отыр.
Өтініштердің барлығы ауылдық округ әкімі аппараттарымен қаралып, заңдылыққа сәйкес жауаптар берілді. Өтініштерге жасалған талдау нәтижесі көрсеткендей мәселелердің басым көпшілігі (тұрғын үй, әлеуметтік көмек, тұрақты жұмыспен қамту, жер мәселелері, коммуналдық мәселелер) болып отыр. Келіп түскен 0 өтініштің 0-і қанағаттандырылып, 0 –ына заң аясында түсінік берілді.
2022 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ауыл әкімінің жеке қабылдауы 0 (2021 жылы 0) мәрте өткізілді.
Қоғамда азаматтардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында кең ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру мақсатында жыл басынан бері газет беттерінде 1 мақала жарияланды.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында арнайы айдарды құру және оларды құқықтық мәселелер жөніндегі ақпараттық-түсіндіру материалдарымен сапалы толықтыруды қамтамасыз ету мақсатында әкімдіктің ресми интернет-ресурсында «Құқықтық ағарту» бөлімі ашылып, әр түрлі тақырыптардағы материалдармен толықтырылды.
Азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезіндегі құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталығында көшпелі 1 жәрмеңке және 1 онлайн эфирлер өткізілді.
Халықтың осал топтары үшін құқықтық ағарту іс-шараларын өткізу және тегін құқықтық көмек көрсету бойынша жыл басынан бері 2 рет «Адал көмек» құқықтық акциялары өткізілді.
Ауылдық округ әкімдерімен қабылданатын, оның ішінде азаматтардың, кәсіпкерлердің мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер (әрі қарай – НҚА) «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталына алдын ала жариялану арқылы қабылдануда. Тұрғындардың НҚА жобаларын көпшілік талқылауға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жадынамалар таратылып, халық көп шоғырланатын жерлерге ілінді.
Ауыл көлімінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идея құндылықтарын насихаттау барысында түрлі тақырыптарда іс-шаралар өтті. Мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Халқымыздың заңгар тұлғасы» атты кітап көрмесі , «Халқы үшін туған қайраткер» портреттік кеш өткізілді. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай ауылдық кітапхана « Қазақ халқының ұлы көсемі» атты виртуалды кітап көрмесін фейсбук парақшасы арқылы көрермендерге ұсынылды.
Ауыл жастарын, соның ішінде мектеп оқушылары мен студенттерді парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеу және құқықтық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында мектептер жанынан «Адалдық сағаттары» өткізілді.
Есбол ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2022 жылдың І тоқсанында тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Пандемия кезінде азаматтарды және заңды тұлға өкілдерін онлайын қабылдау, халықпен кездесулерді өткізу және азаматтар тарапынан неғұрлым сұранысқа ие мәселелер бойынша , әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы консультациялар өткізу алдын ала БАҚ-да және интернет желісінде аңдатпа беру арқылы 4 онлайн тікелей эфир өткізілді.
Халық арасында түсіндіру, профилактиа жұмыстары 3 жүргізілуде (3кездесу). Сонымен қатар аудандық , облыстық бұқаралық ақпарат құралдарына 1 мақала және әлеуметтік желі парақшаларына 4 хабарландырулар, ақпараттар жарияланды.