ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

      ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабына сәйкес аудандық мәслихат хатшысы 2022 жылдың 13 сәуір күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында жетінші шақырылған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс ХIX сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

 

Тұрақты комиссияның және сессияның қарауына

ұсынылатын мәселелер:

  1. Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №80-VII «2022-2024 жылдарға арналған Индер ауданының ауылдық округтерінің және Индербор кентінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Г. Қонасова – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. Басқа да мәселелер.

Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2022 жылдың 13 сәуірінде сағат 10.00-де аудандық мәслихат хатшысының бөлмесінде өткізіледі.

 

 

Индер аудандық мәслихатының аппараты

 

Дата публикации
12 апреля 2022