ҚҰРМЕТТІ ИНДЕР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
2022 жылғы 14 сәуір күні сағат 15:00-де аудандық мәдениет үйінде Атырау облысы әкімі С.Ж.Шәпкеновтің Индер ауданының тұрғындарымен кездесуі және жеке қабылдауы өтетінін хабарлаймыз!
Кездесу Facebook (Индер ауданының әкімдігі) және Instagram (akimat.inder) желісіндегі парақшаларда тікелей эфир арқылы көрсетіледі.
Тұрғындардың облыс әкіміне қоятын сұрақтары мен ұсыныстары үшін әкімдіктің электрондық мекен-жайына akimat.inder@atyrau.gov.kz және орталықтандырылған 109 байланыс телефоны жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері үшін аудан әкімдігінің және Индербор кенті әкімі аппаратының ғимараттарында, аудандық мәдениет үйінде арнайы жәшіктер орнатылған.
Индер ауданының әкімдігі