ҚҰРМЕТТІ ИНДЕР АУДАНЫ ЖАРСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
2022 жылғы 14 сәуір күні сағат 10:00-де мәдениет үйінде Атырау облысы әкімі С.Ж.Шәпкеновтің Жарсуат ауылының тұрғындарымен кездесуі және жеке қабылдауы өтетінін хабарлаймыз!
Кездесу Facebook (Индер ауданының әкімдігі) және Instagram (akimat.inder) желісіндегі парақшаларда тікелей эфир арқылы көрсетіледі.
Тұрғындардың облыс әкіміне қоятын сұрақтары мен ұсыныстары үшін әкімдіктің электрондық мекен-жайына akimat.zharsuat@atyrau.gov.kz және орталықтандырылған 109 байланыс телефоны жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері үшін Жарсуат ауылдық округінің әкімдігінде және мәдениет үйінде арнайы жәшіктер орнатылған.
Индер ауданының әкімдігі