Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен 2021 жылы атқарылған жұмыстары

Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен 2021 жылы атқарылған жұмыстары

 

Индер ауданы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы»  2020 жылғы 18 наурыздағы №122 қаулысын басшылыққа ала отырып, күн тәртібіне қойылған мәселелерді жан-жақты зерделеп, оң шешімдер қабылдап келеді. 

2021 жылы Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясымен жоспардан тыс және жоспарлы 14 комиссия отырыстары өткізіліп хаттама жасақталды, барлығы 30 мәселе қаралып, хаттамалардағы тапсырмалар орындауға жолданды.

Аудан бойынша:

          5-бала тіркеуде тұр, оның ішінде 1-оқушы наркологиялық диспансердің есебінде тұр.

          15 тұлға - қолайсыз отбасы, 20 жасөспірім - қолайсыз отбасылар балалары санатында тіркелген.

          Комиссия отырысында жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу, кәмелет жасқа толмағандарға қарсы қылмыстың алдын алу, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жазғы суға шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, және т.б. мәселелер талқыланды.

          Анықтама үшін, Индер ауданы, Есбол ауылы, К.Шүйінішқалиев көшесі 21 үйдің тұрғыны бала жастан мүгедек Б.Саудабаеваны тәрбиелеп отырған патронат ата-ана Х.Гумароваға атаулы күнге берілетін бір жолғы көмек ақша төленді.

          Баласына немқұрайлы қараған Н.Мұқамбетқалиева «Қолайсыз отбасы есебіне» алынып, жұмыспен және үймен (2020 жылдың қазан айында Махамбет көшесі 12 үйдің №3 бөлмесі уақытша тұруға берілгенімен, 2021 жылдың қараша айында үйді тапсырмастан кетіп қалған) қамтамасыз етілді. Қәзіргі уақытта Жарсуат ауылдық округінің Жаман құдық елді мекенінде тұрады. Ал қызы Мұқамбетқалиева Назгул Көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжінің І курс студенті, жатақханада жатып оқиды.        

          Жасөспірім кәмелет жасқа толмаған Т.Талапұлын токсикоманиядан емдеу жұмыстары және ата-атанысымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

          Жасөспірім кәмелет жасқа толмаған Қаршыға Әмірхан Бекболұлы, Қаршыға Бекназар Бекболұлы және Жанат Музаффар Жасұланұлын бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсынысы қаралып, алдағы уақытта балдарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және бос уақыттарын үнемді пайдаланып, спорттық және өнер секцияларына беруге ұсыныс жасалды.

          Ата-аналар жиналысында ерте жүктілік туралы мәселелерді ашық айту,  байланысты күшейту, білім беру ұйымдарында анонимді сауалнама жүргізуді ұйымдастыру, өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) фактілерін азайту мақсатында профилактикалық жұмыстарды жүргізу, буллинг және кибербуллингтің алдын-алу бағытында жұмыстарды күшейту, кәмелетке толмағандар арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудың алдын-алу мақсатында кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында тапсырмалар берілді.

          Қылмысты алдын алу­дың бірден-бір жолы – оқу­шыларды мектептен тыс мезгілде бос уақытын тиімді ұйым­дас­тыру болып табылады, яғни ата-аналардың өз балдарына неғұрлым көп көңіл бөліп, спорттық, өнер және т.б. саларларға беру.

          Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау фактілерін азайту, буллингтің, құқықбұзушылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында білім беру, полиция, аурухана ұйымдары және комиссия мұшелерімен жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

          Комиссияның жұмысын әлеуметтіндіру мақсатында Gov.kz (2 ақпарат), Facebook (5 ақпарат) және Instagramm (5 ақпарат) әлеуметтік желілеріне «Мемлекеттік құқық бөлімі» атты арнайы парақшалары ашылып, халықты ақпараттандыру бойынша жұмыстары жүргізілуде.

 

Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен 2021 жылы атқарылған жұмыстары
Дата публикации
31 декабря 2021