Есеп, Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 бұйрығымен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес жасақталды.
Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі 2019 жылы құрылды. Бөлімде 2 мемлекеттік қызметкер бар 1-бөлім басшысы және 1-бас маман. Одан бөлек 4 азаматтық қызметкер қызмет етеді. Бөлім арқылы 13 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олар: «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту", "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" , "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру","Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру","Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру","Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу","Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау","Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" ,"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" ,"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметтерін, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру", «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды ұсыну және "Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну", «Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу". Бұл қызметердің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетіні – 1; электрондық нысанда көрсетілетнін- 9; электрондық және қағаз түрінде көрсетілетіні – 2; қағаз түрінде көрсетілетіні-1. Қызметтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген қағидаға, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 168 бұйрығына сай көрсетіледі.
2021 жылы бөлім арқылы барлығы 677 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олар: Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту -143, Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру -104, Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау-19, «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды ұсыну және "Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" – 110, «Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу"-89, Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру-212.
Бөлім арқылы көрсетілетін қызметтер туралы бөлімде ақпарат стенд ілінді және Индер ауданы әкімдінінің сайтына жарияланды. 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын, тиімділігін арттыру, уақытын сақтау мақсатында аудандық ХҚКО, кент,округ әкімдіктерінің қатысуымен 4 жиналыс, дөңгелек үстелдер өткізілді. 2021 жыл ішінде мемлекеттік қызмет алушылардан көрсетілген қызметтерге шағымдар түскен жоқ.
Бөлім бойынша электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыру және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы хабардарлығын одан әрі жоғарылату, құқықтық, сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу басты назарда қала бермек.