Индербор кенті поселок Индербор
Индер аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№447-VI «2021 - 2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиiсiнше 1, 2 және
3-қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2021 жылға келесідей көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кірістер – 12 140 406 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 367 491 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 40 988 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 19 748 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 10 712 179 мың теңге;
2) шығындар – 12 802 096 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру – 48 600 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер – 74 144 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу – 25 544 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -710 290 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
710 290 мың теңге:
қарыздар түсімі – 574 144 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 25 544 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 161 690 мың теңге.».
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Аудан бюджетінде жалпы мемлекеттік салықтар түсімінің жалпы сома нормативі 2021 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
корпоративтік табыс салығы бойынша – 30%;
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша– 100%;
әлеуметтік салық бойынша – 75%.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен 4 015 271 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері көзделгенi ескерілсін.».
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен 2 056 757 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері көзделгенi ескерілсін.».
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Ауданық мәслихат хатшысы |
|
Б. Сапаров |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 19.10.2021
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 24815 болып енгізілді