«Дипломмен ауылға» жобасының орындалысы туралы ақпарат
«Дипломмен ауылға» жобасы Қазақстанда 11 жылдан астам уақыттан бері жүзеге асырылып келеді. Ол жас дәрігерлер, мал дәрегерлері мен мұғалімдер қазір білікті мамандар жетіспейтін ауылдарға жұмысқа баруы үшін әзірленген. Аталған жоба бойынша жас мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме жәрдемақы төленіп, баспана алуына жеңілдетілген несие беріліп келеді.
Аудан бойынша аталған жобаның орындалысына қысқаша тоқталып өтсем, жыл сайын әлеуметтік көмек ретінде берілетін қолдаулар туралы мәліметтер, әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін тапсырылатын құжаттар, сонымен қатар құжаттың қабылданатын мерзімі туралы жергілікті баспасөз бетіне мақала жарияланып тұрады.
Аудан бойынша 2009 жылдан бастап күні бүгінге дейін ауданның елді мекендеріне келген тапшы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласы бойынша - 70 маман, білім беру саласы бойынша - 144 маман, спорт саласынан - 7, мәдениет саласынан -3 және агроөнеркәсіп кешен саласынан - 5 маман, барлығы 229 маман әр қайсысына 2019 жылға дейін 70 еселік айлық есептік көрсеткішке тең, 2019 жылдан бастап 100 еселік есептік көрсеткішке тең, жалпы сомасы 39 млн. 128 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы алды. Ал тұрғын үй сатып алу үшін денсаулық сақтау саласынан -35 маман, білім беру саласынан -98 маман, спорт саласынан - 5 маман, мәдениет саласынан - 4 және агроөнеркәсіп кешен саласынан - 4 маман, барлығы 148 маман жалпы сомасы 442 млн. 625 мың теңге көлемінде он бес жыл мерзімге 0,01% пайыздық мөлшер бойынша бюджеттік несие рәсімделіп, пәтермен қамтамасыз етілді. Соның ішінде өткен жылы көтерме жәрдемақы 25 маманға 7 млн. 293 мың теңге, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік несие 15 маманға 65 млн. 632,5 мың теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді.
2020 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Халыққа қызмет көрсету орталығы) арқылы құжаттар қабылданған болса, 2021 жылы мамандар «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы құжаттарын тапсырған.
Бұл жоба 2022 жылы да жалғасын табады. Биылғы жылға республикалық бюджет есебінен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 8 маманға бюджеттік несие рәсімдеуге 36 млн. 756 мың теңге қаржы жоспарланды. Қаржылық жоспар бойынша тамыз-қазан айында игеріледі.
Аудандық экономика және
қаржы бөлімінің басшысы: Г.Қонасова