2021 жыл бойынша «Индер аудандық кәсіпкерлік, туризм және өнеркәсіп» бөлімінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша» талдамалық ақпараты.
«Индер аудандық кәсіпкерлік, туризм және өнеркәсіп» бөлімінің, Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:
Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығына сәйкес, «Индер аудандық кәсіпкерлік, туризм және өнеркәсіп» бөлімінде 2021 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі бақылау нәтижелері бойынша ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. «Индер аудандық кәсіпкерлік, туризм және өнеркәсіп» бөлімінің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны-2 бірлікті құрайды, оның нақты саны-1 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына-2 адам жіберілді. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
«Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша мүдделер қақтығысы, басшымен қызметкерлер арасында келіспеушілік болған жоқ, аппарат қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде бөлімде 1 бірлік бөлім басшысы мен 1 бірлік бас маман болды. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Бөлімде арыз-шағым жәшігі көрнекі жерге орнатылып, 2-13-70 сенім телефоны орнатылған.
Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар және қаржылық тіртіпті сақтау, соның ішінде мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуы мен ұйымдастырылуы бағытында заң бұзушылық фактілері болған жоқ. Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың тексеруі тіркелген жоқ.
Индер аудандық кәсіпкерлік, туризм және өнеркәсіп бөлімі өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 «Еңбек кодексі»;
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 «Жер кодексі»;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375 «Кәсіпкерлік кодексі»;
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-ІV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі»;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413 «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы;
«Индер аудандық кәсіпкерлік, туризм және өнеркәсіп» бөлімі
Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті,Қонаев көшесі №16 тел:8(71234) 2-18-26;