Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың талдамалық АНЫҚТАМАСЫ

Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппаратында

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша

2021 жылдың талдамалық

АНЫҚТАМАСЫ

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Индер  ауданы әкімі аппараты басшысының «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары келесі жұмысшы тобымен жасақталды:

         1)Мурзин Артур Табылдыұлы - аудан әкімі аппаратының басшысы;          2)Сагынгалиев Нурасыл  Құрақұлы - аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық, төтенше жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы;

3)Сансызбаев Айболат Саламатұлы - аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы;

4)Алдабергенова Гульфия Өтеуқызы - аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы;                                                 

5)Нуриев Қайыржан Өтепұлы - аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы.

Талдау кезеңі: 2021 жылдың 1 қаңтар-30 желтоқсан аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                2021 жыл.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

2.Мүдделер қақтығысын реттеу                                                                               3. Мемлекеттік қызмет көрсету

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру
  2. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
  3. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

 

«Инддер ауданы әкімі аппараты» ММ, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті,  Қонаев көшесі, №12.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Индер ауданы әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті  қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Аудан әкімі аппаратында штат саны бойынша мемлекеттік қызметкер - 15, бос орын - 1.

15 мемлекеттік қызметкерге «ескерту», 1 мемлекеттік қызметкерге «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазалары қолданылды.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Мекемеде мүдделер қақтығысы жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

 «Индер ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

«Индер ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

2021 жылда Индер ауданы әкімі аппаратына барлығы – 556 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан - 510, заңды тұлғалардан – 42 өтініш, сонымен қатар - 4 шағым.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облыстық басқармасына  ай сайын «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы»  салыстырмалы тексеру актісі тапсырылуда.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

«Индер ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде Этика Кодексі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңының талаптары қатаң сақталады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

         2021 жылдың ішінде Индер ауданы әкімі аппаратымен: қаулы - 246, шешім - 39 және өкім - 65 қабылданды.

Әділет органдарында тіркелген нормативтік-құқықтық актілер бойынша:  қаулы - 1, шешім - 1.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І.Кіріспе

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: Индер ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді: «Индер ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Қонаев көшесі, №12, электронды пошта: akimat.inder@atyrau.gov.kz, телефон нөмірі 8(71234)2-15-32.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі:

басталды 1 қаңтар,  аяқталды 30 желтоқсан

  1. Бақыланатын кезең: 2021 жыл

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

 

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

 

ІІІ. Қорытынды бөлімі

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

        

1.Мемлекеттік сатып алу және конкурс жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге.                                                                                                                        

2.Индер ауданы әкімі аппаратына келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындауға.

Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың талдамалық АНЫҚТАМАСЫ
Дата публикации
30 декабря 2021