«КӨКТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ 2021 ЖЫЛғы СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
«Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Индер ауданы, Көктоғай ауылы, С.Сейфуллин көшесі 17 үй, 8(71234) 28-4-84, факс 28-4-84. эл.пошта: Koktogai_akimat@mail.ru
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2021 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2021 жылдың желтоқсан айының 13-15 күндері аралығында жүргізілді.
Талдау кезінде ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.
Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін жүзеге асыру кезінде келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.
«ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы;
«ҚазақстанРеспубликасыныңЕңбекКодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V;
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Қазақстан Республикасының Заңы;
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 Қазақстан Республикасының Заңы;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағымен №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі
І. Нормативтік құқықтық актілерді шығару кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша
Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппаратында 2021 жылы округ әкімімен – 42 шешім және –78 өкім қабылданды.
Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ. Әділет органдары тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.
ІІ. Ауылдық округ әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:
Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алу және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру бас маман М.Қайырғалиеваға жүктелген.
2021 жылы Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппаратына барлығы – 6 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан– 6, заңды тұлғалардан – 0 өтініш.
2020 жылы қаралған барлығы 6 өтініштің 3 оң шешіліп; 3-не заң шеңберінде тиісті жауаптары берілді. Қайталама арыздар саны – 0.
Аудан әкімі аппараты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облыстық басқармасына «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппаратының 2021 жыл бойынша есебі жолданып және ай сайын салыстырмалы тексеру актісі тапсырылып отыр.
2021 жыл ішінде прокуратурадан және сот органдарынан қадағалау немесе басқа да актілер мен ұсыныстар түскен жоқ.
ІII. Округ әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша
Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппаратында 2021 жылы кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша округ әкімі аппаратында 6 штат бар. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 6 адам.
Көктоғай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі №19-ө өкімімен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.
Қорытынды: Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады.
«КӨКТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ