Атырау облысы Индер ауданы «Өрлік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2021 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында аппарат өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер қарастырылды.
Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары аппарат қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 21 ақпандағы №58 бұйрығы «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №15 бұйрығы «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, аппаратқа келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, аппарат бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, прокурорлық тексерулердің актілері, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.
Округ аппаратында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмей, сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жағдай жасайтын фактілерді болдырмау оларды жою шаралар жүргізілді.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.
Өрлік ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.
Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық брошюралар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша түрлі тақырыпта аппарат қызметкерлерімен 2 жиын, 5 дөңгелек үстел өткізілді. Өрлік ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлық жағдайларының алдын алу мақсатында ауыл тұрғындары және мекеме қызметкерлеріне екі (қазақ, орыс) тілде брошюралар таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тақырыбында баннер орнатылған.
Атырау-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жұмысын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында адамдар көп шоғырланатын мекемелер мен жеке кәсіпкерлік нысандар ғимаратының хабарландыру тақтайшаларына жадынамалар ілінді.
Өрлік ауылдық округі әкімі аппаратында сенім телефоны ретінде 27-3-47 нөмірі бекітілген.
«Өрлік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі