2021 жылға арналған «Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
«Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Индер ауданы Елтай ауылы, Жеңіс көшесі 23 үй. 8(71234)2-52-47, факс 2-52-47. Эл.пошта:Eltaiakimat2009@mail.ru
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2021 жылдың желтоқсан айының 29 күні жүргізілді.
Талдау округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.
Округ әкімі аппараты өз қызметін жүзеге асыру кезінде келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.
«Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы;
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымындағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік» Кодексі
«Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V;
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 Қазақстан Республикасының Заңы;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы»Заңы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі.
«Елтай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілердің штат саны-7, келісім шарт бойынша-10 теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандар, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар, мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынғандар жоқ.
Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы, мерзімінде өткізіліп отыр.
Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алған жоқ.
Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін мерзімдерін бұзып қарау немесе азаматтарды «әуре-сарсаңға» салу фактілеріне жол берілген жоқ. Округ әкімі бекітілген кестесіне сәйкес тұрақты негізде жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізеді.
Елтай ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген.
Аппаратта мемлекеттік қызмет көрсету түрі.
Есепті кезеңде Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша барлығы 102 мемлекеттік қызмет көрсетілді олар:
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы – 150 қызмет көрсетілді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мерзімінен кешіктіру және қызмет алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына арыз шағымдар болған жоқ.
2021 жылы барлығы 11 өтініш қаралды (оның ішінде жеке тұлғадан-11).
Бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.
Прокурорлық наразылық келіп түскен жоқ. Мемлекеттік сатып алулар www.goszakup.gov.kz порталы арқылы жасалды. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы аппарат қызметкерлері арасында 3 жиналыс өткізілді. Округ әкімшілігі ғимараты маңына «Адал тұрып, адал жүр» тақырыбында баннер орнатылды. Мекеменің көрнекі жеріне арыз-шағымдар жәшігі қойылып, 25-247 сенім телефоны орнатылған.
Есептік кезеңде Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.
«Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі