«ЕСБОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ 2021 ЖЫЛДЫҢ ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

«Есбол ауылдық округі ӘКІМІнің АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ 2021 ЖЫЛДЫҢ ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

                                 

«Есбол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Индер ауданы, Есбол ауылы, Жамбыл көшесі 22 үй, 8(71234) 2-40-26, факс 2-44-47. эл.пошта: esbol.akim@bk.ru

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, Есбол ауылдық округі әкімі аппаратына  сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жауапты болып округтің  бас маманыЖ.Қ.Сұлтанғалиеваға жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2021 жылдың қыркүйек айының 13-16 күндері аралығында жүргізілді.

Талдау кезінде округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

Аудан әкімі аппараты өз қызметін жүзеге асыру кезінде келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.

«ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы;

«ҚазақстанРеспубликасыныңЕңбекКодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V;

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Қазақстан Республикасының Заңы;

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 Қазақстан Республикасының Заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағымен №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі

І. Нормативтік құқықтық актілерді шығару кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Есбол ауылдық округі әкімі аппаратында 2021 жылдың II жартыжылдығындаокруг әкімімен – 38 шешім және –121 өкім қабылданды.

Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ. Әділет органдары тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.

ІІ. Аппаратта рұқсат беру және бақылау – қадағалау функциялары:

Округ әкімі аппаратымен мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Аталған қызметтерге байланысты сыбайлас тәуекелдерін тудыратын себептер анықталған жоқ.

ІІІ. Округ әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

Есбол ауылдық округі әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алу және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру округтің бас маманы Е.С.Сабировқа жүктелген.

2021 жылдың ІІ жартыжылдығында Есбол ауылдық округ әкімі аппаратына барлығы –3өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан– 4, заңды тұлғалардан –өтініш түскен жоқ.

2021 жылдыңІІ жартыжылдығында қаралған барлығы 4 өтініштің  оң шешіліп; 4-іне заң шеңберінде тиісті жауаптары берілді. Қайталама арыздар саны – 0.

2021 жылдыңІІ жартыжылдығының қорытындысы бойынша округ әкімімен 2 азаматтар қабылданып тиісті түсініктемелер берілді.

Есбол ауылдық округі әкімі аппараты Индер аудандық әкімі аппаратының жалпы бөліміне  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2021 жылдың ІІ жартыжылдық бойынша есебі жолданып және ай сайын салыстырмалы тексеру актісі тапсырылып отыр.

Есбол ауылдық округі әкімінің аппаратында 2021 жылдың ІІ жартыжылдығында кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша округ әкімі аппаратында 6 штат бар. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 5 адам.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Округ әкімінің 2017 жылғы 09 қантардағы № 06-ө өкімімен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

Қорытынды: Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Есбол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады.

 

 

Есбол ауылдық округ әкімі аппараты.

«ЕСБОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ 2021 ЖЫЛДЫҢ ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Дата публикации
28 декабря 2021