Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша анықтама

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша

анықтама

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 жылғы                   №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі (әрі қарай-Бөлім) басшысының 2020 жылдың 05 ақпандағы №7 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) сот актілері

7)ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.

Өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы                     23 қарашадағы  №414 Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының  2008 жылғы               4 желтоқсандағы N95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының                          2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы  Әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік – процестік кодексі бойынша.

2021 жылдың қорытындысымен бұқаралық ақпарат құралдарына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмау және бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі жөнінде халыққа түсіндіру бағытында және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау шараларының жүзеге асыру мәселесін жан-жақты талқылау мақсатында 2021 жылдың қорытындысымен тікелей эфир арқылы 2 онлайн брифинг, аудан әкімі ғимаратындағы сервистік әкімдікте 2 «Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі», 7 ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларымен семинар-кеңес өткізіліп, аудандық «Дендер» газетіне 5 рет мақалалар жарияланды.

2021 жылы жеке және заңды тұлғалардан бөлімге арыз-шағым түскен жоқ. «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 4 өтініш түсіп, жауап берілді. Ай сайын арыз-шағым жөнінде тиісті акт жасақталып отыр.

2021 жылы прокурорлық қадағалау актілері және сот актілері болдыратын жағдайлар орын алған жоқ.

Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің штаттық құрылымы                             4  мемлекеттік қызметші, 3 қызметші келісім шарт негізінде жұмыс жасайды. Атап айтқанда, бөлім басшысы 1 бірлік, бас маман 3 бірлік, маман 1 бірлік,                           есепші 1 бірлік, автокөлік жүргізуші 1 бірлік.

2021 жылдың қорытындысы бойынша тәртіптік жаза алған қызметшілер болған жоқ.

Сондай-ақ, бөлім басшысының өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде және Жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдамамен жүзеге асырылады. Бөлімде 86 бұйрық қабылданған. Қабылданған бұйрықтарда сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады. Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

Бөлімнің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің атына сыбайлас жемқорлыққа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жарияланған жоқ. «Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің                      2-10-38 сенім телефоны және оған жауапты қызметкердің аты-жөні тұрақты түрде жергілікті баспасөз беттерінде жариялануда. Сенім сымтетігі толықтай жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік қызметшілер атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін мәліметтер түскен жоқ.

Бөлім бойынша есепті кезеңде мүдделер қақтығысы болған жоқ.

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланған. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылған.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың баға ұсыныстарын сұрату және бір көзден алу тәсілдері, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар Қазақстан Республикасының біріңғай мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізілді. 2021 жылдың қорытындысымен мемлекеттік сатып алу веб-порталында тәртіптік жауапкершілікке әкелетін заң бұзушылықтар орын алмады. Сонымен қатар бюджеттік өзгерістер болғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жетілдіру және күшейту мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасына» ақпараттар уақытылы салынды.

Жауапты статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маман – Тагапова Ардақ Абайқызы.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 2021 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 138 өтініш түсіп, қанағаттандырылды, Атап айтқанда:

  1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру бойынша - 69 қызмет;
  2. Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру бойынша–50 қызмет;
  3. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу бойынша – 2 қызмет;
  4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу бойынша -17 қызмет;

         Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мерзімінен кешіктірілген құжаттар болған жоқ.

         Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталмады.

         Жоғарыда айтылғандай, бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша анықтама
Дата публикации
25 декабря 2021