«Жарсуат ауылдық округі әкімінің АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ 2021 ЖЫЛға СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
«Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Индер ауданы, Жарсуат ауылы, М.Жаналисов көшесі 13А үй, 8(71234) 2-33-33, факс 2-33-33.
эл.пошта: Jarsuat-ok@mail.ru
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес аудан әкімі аппараты басшысының 2020 жылғы 5қаңтардағы №3 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы бекітілді. Аталған бұйрық негізінде округ әкімі аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу округтің бас маманы Е.Қ.Хамзинге жүктелді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2021 жылдың желтоқсан айының 21-23 күндері аралығында жүргізілді.
Талдау кезінде округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.
Округ әкімі аппараты өз қызметін жүзеге асыру кезінде келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.
«Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы;
«Қазақстан Республикасының ЕңбекКодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V;
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Қазақстан Республикасының Заңы;
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 Қазақстан Республикасының Заңы;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағымен №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі
І. Нормативтік құқықтық актілерді шығару кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша
Жарсуат ауылдық округі әкімі аппаратында 2021 жылы округ әкімімен –58 шешім және –127 өкім қабылданды.
Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ. Әділет органдары тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.
ІІ. Аппаратта рұқсат беру және бақылау – қадағалау функциялары:
Аталған қызметтерге байланысты сыбайлас тәуекелдерін тудыратын себептер анықталған жоқ.
ІІІ. Округ әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:
Жарсуат ауылдық округі әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алу және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне жүктелген.
2021 жылы Жарсуат ауылдық округі әкімі аппаратына барлығы – 5 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан– 5, заңды тұлғалардан – 0 өтініш.
2021 жылы қаралған барлығы 5, өтініштің 2 оң шешіліп; 3-іне заң шеңберінде тиісті жауаптары берілді. Қайталама арыздар саны – 0.
2021 жылдың қорытындысы бойынша округ әкімімен 27 азаматтар қабылданып тиісті түсініктемелер берілді.
Аудан әкімі аппаратына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облыстық басқармасына «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» округ әкімі аппаратының 2021 жыл бойынша есебі жолданып және ай сайын салыстырмалы тексеру актісі тапсырылып отыр.
2021 жылдың мерзімі ішінде прокуратурадан және сот органдарынан қадағалау немесе басқа да актілер мен ұсыныстар түскен жоқ.
Округ әкімі аппаратында 2021 жылы кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша округ әкімі аппаратында 7 штат бар. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 7 адам.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Округ әкімінің 2019 жылғы 2 мамырдағы №51-ө өкімімен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.
Қорытынды: Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады.
Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты