Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10676 тіркелді.
Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ағаш кесу билетінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орман билетінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Ағаш кесу мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидалары бекітілсін.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
С правилами отпуска древесины на корню и правилами пожарной безопасности ознакомлен
Лесопользователь (лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) –
должность, подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Отметки о представлении отсрочек по вывозке _________________________
____________________________________________________________________
Мөр орны, мекеме басшысы ______________________________________
Место печати, руководитель учреждения (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
қолы – подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Мероприятия по восстановлению леса по материалам освидетельствования мест рубок
Сохранение подроста, обеспечивающего восстановление леса
Мыналар талап етіледі:
Требуется:
Создание лесных культур на
Содействие естественному возобновлению на
Руководитель учреждения (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы –
подпись, фамилия, имя, отчество(при его наличии))
ОРМАН БИЛЕТІ ЛЕСНОЙ БИЛЕТ
на ______________________________________________
(орман пайдаланудың түрі – вид лесопользования)
|
|
"___" __________ 20 __ жыл год |
Область
Учреждение (лесовладелец)
3.Орманшылық ______________________________________________________
Лесничество
4.Айналым __________________________________________________________
Обход
Номера кварталов и выделов
На основание______________________________________________________
Допустить ______________________________________________
(орман пайдаланушы және оның пошталық мекен–жайы –
лесопользователь и его почтовый адрес)
к _________________________________________________________________
(орман пайдаланудың түрі – вид лесопользования)
На площади (га) в размере (саны, көлемі – количество, объем)
Стоимость по таксе
10.Ерекше шарттар _______________________________________________
Особые условия
Срок пользования с "__"___________20____года по "__"_______ 20___года
Мекеме басшысы __________________________________________________
Руководитель учреждения
Инженер _______________________________________________________
Инженер
Орман айдаланушы _________________________________________________
Лесопользователь (Лауазымы, қолы, тегі (бар болса), аты-жөні –
должность, подпись, фамилия, имя, отчество(при его наличии))
Ағаш кесу билеті мен орман билетін есепке алу,
сақтау, толтыру және беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) сүрек дайындау;
2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;
3) қосалқы сүрек ресурстарын дайындау;
4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзгеде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау);
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін пайдалану;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалану;
7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану;
8) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.
Басылған бланкілер әрқайсысы кітапша түрінде жеке 25 жиынтықтан көбейтіледі.
Ведомство өзінің аумақтық органдары арқылы облыс аумағында орналасқан мемлекеттік орман иеленушілерді бланкілермен жабдықтайды.
2-тарау. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін есепке алу және сақтау
Аумақтық орган бланкілер алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардың жергілікті атқарушы органның қарауындағы мемлекеттік орман иеленушілерге берілуін қамтамасыз етеді. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін бере отырып, аумақтық орган босатылған бланкілер санына екі дана етіп жүк құжатын жазады, олардың біреуі алушы – мемлекеттік орман иеленушіге беріледі, ал екіншісі аумақтық органның іс қағаздарында қалады.
Орман пайдаланушыларға нақты берілген және бүлінген ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін мемлекеттік орман иеленушінің есебінен шығару осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес осы бланкілердің кірісі мен шығысы туралы есептің негізінде жүргізіледі.
Бүлінген бланкілер бір бұрышынан екіншісіне қиғаш сызық тартылып, Қатаң есептілік бланкілерін есепке алу кітабы бойынша шығысқа шығарылып, жеке папкада сақталады.
Бланкілер сақталатын сейфтер, шкафтар және жәшіктер құлыпталып, оларға бланкілердің сақталуына және жұмсалуына жауапты адамда сақталатын мөр басылады.
Бухгалтерлік есеп қызметі ағаш кесу мен орман билеттері бойынша есеп айырысулардың аяқталғанын тексеріп, осыдан кейін оларды сақтауға қабылдап алады.
Бухгалтерлік есеп қызметі сақтауға қабылдап алған ағаш кесу мен орман билеттері нөмірлер ретімен "20__ жылғы ағаш кесу мен орман билеттері" деген атаумен арнайы іске тігіледі.
Іске тігілген ағаш кесу мен орман билеттеріне және оларға қоса тіркелген материалдарға тізілім жасалып, ол жылдың аяғында тігіледі.
Бухгалтерлік есеп қызметі сақтауға қабылдап алған ағаш кесу мен орман билеттері оларға қатысты барлық материалдармен және құжаттармен бірге бес жыл бойы сақталады, содан кейін жойылуға жатады. Ағаш кесу мен орман билеттерінің істерін жоюды мемлекеттік орман иеленушінің басшысы тағайындайтын құрамы үш адамнан тұратын комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін жою туралы акт жасай отырып жүргізеді.
3-тарау. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін толтыру және беру
1) біріншісі – орман пайдаланушыға беріледі, ол оны орман пайдаланудың аяқталуына дейін сақтайды және мемлекеттік орман иеленушінің, ведомство мен оның аумақтық органдарының лауазымды тұлғаларының, ормандарды мемлекеттік бақылау органдары мен табиғат қорғауды бақылау органдары өкілдерінің талап етуі бойынша көрсетеді;
2) екіншісі – орманшылыққа жіберіледі, ол учаске беру, орман пайдалануға рұқсат беру үшін негіз болып табылады және орман күтуші оны куәландыру актісімен бірге мемлекеттік орман иеленушіге тапсырады;
3) үшіншісі – мемлекеттік орман иеленушіде қалдырылады.
13-1. "Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) мемлекеттік орман йеленушілерге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.
Өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берілген кезде оның көшірмесінде күні мен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің тегін көрсете отырып қабылданғаны туралы белгі қойылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" нәтижені беру күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы, бюджетке орман пайдалану үшін төленгені туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы сағат 17.00-ден кейін немесе 2017 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күнімен жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолтаңбасымен куәландырылады.
Порталда өтінішті қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылып, электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
13-2. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Құжаттар пакеті толық болған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған деректердің 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 36-бабына сәйкестігін қарайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ағаш кесу билетін немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес орман билетін толтырады, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.
13-3. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
1) дайындалған ағаш материалдарын тасып әкетуге рұқсат беру туралы;
2) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3) ағаш кесу билеті бойынша орман пайдалану құқығының ауысуы туралы және басқа да жазбалар жазылып, белгілер қойылады.
"Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-02/691 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10141 нөмірмен тіркелген) бекітілген нысан бойынша ағаш кесілген жерді куәландыру туралы акт дайындалған ағаш материалдарын тасып әкетуге рұқсат беру үшін негіз болып табылады.
1) "Пайдалану түрі" деген 6-жолда: басты, аралық, өзге де мақсаттарда пайдалану үшін ағаш кесу көрсетіледі немесе қосалқы сүрек ресурстарын дайындаудың нақты түрі көрсетіледі;
2) "Кесу тәсілі" деген 3-жолда: ағаштарды жаппай, іріктеп, біртіндеп, ерікті түрде іріктеп кесу, бірлі-жарым ағаштарды кесу көрсетіледі.
Орманға күтім жасау мақсатында ағаш кесуге арналған ағаш кесу билетін жазып беру кезінде "іріктеп" деген сөзден кейін күтім жасау үшін кесу түрін (жарықтандыру, тазарту, сирету, өтпелі кесу, санитариялық мақсатта кесу) көрсету қажет, ал басқа мақсаттарда ағаш кесу түрлеріне ағаш кесу билетін жазып беру кезінде – ағаш кесу тәсілінен (жаппай, іріктеп) кейін кесудің нысаналы мақсаты көрсетіледі (санитариялық мақсатта кесу, өтімді қоқыстарды жинау, электр желісін тартуға жол аршу, құрылыс салуға алаңқайлар тазарту, зерттеу жұмыстары кезінде нысаналар жасау және өзге де мақсаттар үшін). Қосалқы сүрек ресурстары дайындалған жағдайда ол жолға сызықша қойылады;
3) "Есепке алу тәсілі" деген 7-жолда: кесуге белгіленген алқап бойынша, ағаштардың саны бойынша, дайындалған ағаш материалдарының немесе қосалқы ағаш ресурстарының саны бойынша есепке алу тәсілі көрсетіледі.
1) алқабы бойынша – жаппай кесудің барлық түрлерінде, сондай-ақ өтімді қоқыстарды жинау кезінде;
2) кесуге белгіленген ағаштардың саны бойынша – іріктеп кесу кезінде және сүрекдің сегіз сантиметр және одан да жуан болған жағдайда; іріктеп санитариялық кесу және бірлі-жарым ағаштарды кесу кезінде;
3) егер кесуге жататын сүрек қорын алдын ала анықтау мүмкін болмаса, дайындалған ағаш материалдарының мөлшері бойынша жүргізіледі.
Шөпшектерде, қураған ағаштарда, құйын құлатпаларында, жел сұлатпаларында жұмыс жүргізген жағдайда сүрек босату ағаш кесу билетінде дайындалатын сүректің дәл мөлшері көрсетіле отырып жүргізіледі.
Босатылатын сүректің мөлшері есепке алудың барлық түрінде тығыз текше метрлер бойынша айқындалады. Сексеуіл сүрегін босатқан кезде оны массасын тоннамен есептеуге рұқсат етіледі.
Қосалқы сүрек ресурстарын босату мынадай өлшем бірліктерін қолдана отырып, олардың мөлшері бойынша есепке алынып жүргізіледі:
1) тонналар - шайыр, ағаш шырындары, қабығы, жапырақтары, бүршіктері (килограммен есептеледі) үшін;
2) қоймалық текше метрлер – кесілген ағаш қалдықтары, түбірлер, тамырлар, қурайлар, бұтақты азық, қылқан жапырақты ағаш бұтақтары үшін;
3) даналар – жіңішке ағаштар мен қурайдан, тал шыбықтардан, сондай-ақ жаңа жылдық шыршалардан дайындалатын ұсақ сортименттер үшін.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін бекіту туралы ведомство басшысының бұйрығы сүректі түбірімен босатуға негіз болып табылады.
"Рұқсат етіледі" деген сөздерден кейін орман пайдаланушының толық атауы, өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе оның заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
"20__ жылдың кеспеағаш қоры есебінен кесілсін" деген 10-жолда кеспеағаш қоры бөлінген жыл, сондай-ақ қай орманнан (өсіп тұрған, қураған, өрттен, зиянкестерден зақымданған, жел құлатқан және басқалар) ағаш кесуге рұқсат етілетіні көрсетіледі.
"Тасымалдау қашықтығы" деген 11-жолда кеспеағаштан жалпы жұрт пайдаланатын жолға дейінгі қашықтық көрсетіледі, ол кеспеағаш орталығынан жолға дейінгі ең қысқа қашықтық бойынша картографиялық материалдармен анықталады және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 587-бабына сәйкес жергілікті рельефке байланысты түзетіледі.
"Мемлекеттік орман қорының санаты" деген 5-жолда мемлекеттік орман қорының санаттары: ерекше қорғалатын орман аумақтары, қала ормандары мен орман саябақтары, жасыл аймақтар, эрозияға қарсы ормандар, егістік пен топырақ қорғайтын ормандар және басқалары көрсетіледі.
1) гектардың оннан бір бөлігіне дейінгі дәлдікпен кеспеағаштар көлемі гектармен, сондай-ақ шаруашылық (қылқан жапырақты, қатты жапырақты немесе жұмсақ жапырақты) көрсетіледі. Қажет болуына қарай шаруашылық басты тұқымды бойынша: қарағай, шырша, сексеуіл, тал және басқа да шаруашылықтар деп көрсетіледі;
2) "Өскіннің сақталуын қамтамасыз ету" деген бағандарда - өскін және кеспеағашты бөлу кезінде жүргізілген есепке сәйкес 1 гектарға шаққанда мың данадағы өскін саны сақталуға тиіс алқап;
3) "Тығыз текше метрмен алғанда сүрек көлемі" деген бағандарда - босатылатын бір текше метрге дейін дәлдікпен босатылатын сүрек көлемі;
4) "Теңгемен ставка бойынша құны" деген бағандарда - орман пайдалану үшін ақы мөлшерін мемлекеттік орман иеленуші түбірімен босатылатын сүрек көлемін және ол үшін белгіленген ақы ставкаларын, шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы ағаш ресурстарын дайындау көлемдері, Салық кодексінің 587-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 13 қыркүйектегі (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қазанда № 17560 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларына сәйкес олардың бағасы басшылыққа алына отырып есептелген кеспеағаштың материалдық-ақшалай бағасының негізінде анықтайды;
5) "Төленуге тиіс, теңге" деген бағанда төленуге тиіс сома көрсетіледі. Тегін босатылатын жағдайда бұл бағанда "тегін" деп жазылады.
Кесте әрбір мөлдек бойынша жеке-жеке толтырылады.
Ағаш кесу билеті екі немесе одан көп босату бірліктеріне (кеспеағаштар немесе мөлдектер) жазылатын жағдайда кестенің соңында осы билетке енгізілген барлық босатылатын бірліктер бойынша жалпы қорытындысы шығарылады.
Сүректі түбірімен, шайырды, ағаш шырындары мен қосалқы ағаш ресурстарын босату кезінде (шамалы мөлшері бойынша немесе алқабы бойынша есепке ала отырып, сондай-ақ қателер анықталған жағдайда) дайындалған сүректің, шайырдың, ағаш шырындарының және қосалқы ағаш ресурстарының жалпы мөлшері ағаш кесу билетінде көзделген мөлшермен (көлеммен) сәйкес келмеген жағдайларда (егер дайындау онда көрсетілген жерлерде жүргізілген жағдайда) мемлекеттік орман иеленушілер төлем сомасын қайта есептеуді және оны орман пайдаланушылардың қайта есептеу кезінде анықталған нақты дайындалған көлем үшін төлеуін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда қосымша есептелген соманы орман пайдаланушылар кезекті төлем жасау мерзімінде бюджетке енгізуі тиіс.
Мемлекеттік орман иеленушінің сүректі түбірімен босатумен айналысатын маманы ағаш кесу билеті жазылған күннен кейін, сондай-ақ орман пайдаланушылардың жеке шоттарына-карточкаларына тиісті жазбалар жазу үшін оған әрбір өзгеріс енгізілген күннен кейін ертеңінен қалдырмай оның үшінші данасын өзінің бухгалтерлік есеп қызметіне тапсырады. Бухгалтерлік есеп қызметінің аталған жазбаларды енгізуі туралы ағаш кесу билетіне белгі қойылады.
1) сүрек босату кезінде алқабы ескеріле отырып, "Тасып әкетуге рұқсат етіледі" деген сөздерден кейін "дайындаумен бір мезгілде" деп көрсетілуі тиіс;
2) сүрек босату кезінде мөлшері бойынша ескеріле отырып, "Тасып әкетуге рұқсат етіледі" деген сөздерден кейін "дайындаумен бір мезгілде уақытша орман қоймаларына" немесе "дайындалған ағаш материалдарының мөлшері куәландырылғаннан кейін" деп көрсетілуі тиіс;
3) сүрек босату кезінде өрттер, сондай-ақ дауыл құлатқан және желсұлатпаларынан зақымдалған екпелерде мөлшері бойынша ескеріле отырып, "Тасып әкетуге рұқсат етіледі" деген сөздерден кейін "дайындаумен бір мезгілде" деп көрсетілуі тиіс.
1) ағаш кесу қалдықтарын шіріп кету немесе өрт жағынан қауіпсіз кезеңде кейіннен жағып жіберу үшін жатқан жерінде қалдырып, оларды үйіп қою немесе үзік-үзік жал етіп жинап қою;
2) бұл орман өсу жағдайларын жақсартуға жәрдемдесетін кезде ұнтақталған ағаш кесу қалдықтарын (ағаштың құрғақ түрлерінен басқа, жоңқа немесе ұзындығы бір метрден аса қоймайтын кесінділер түріндегі) ағашы кесілген жерлерге шашып тастау;
3) ағаш кесу қалдықтарын тасымалдау жолдарына жинау және оларды сүйретіп тасу барысында нығыздау.
Кеспеағаштарды тазартудың атап көрсетілген әдістері аралас пайдаланылуы мүмкін.
Ағашы кесілген жерлерді тазартудың нақты тәсілдерін орман иеленушісі қолданылатын кесу ағаш тәсілін және оның өсу орнының жағдайларын және орманды қалпына келтіру ерекшеліктерін ескере отырып белгілейді.
Орман ағаштарын егу немесе өскінмен қалпына келтіру көзделген жаппай ағаш кесу орындарында кесу қалдықтары аралықтарындағы қашықтығы кемінде жиырма метр болатындай етіп биіктігі 1 - 1,2 метр қаз-қатар үйінділер немесе жалдар етіп жиналып, кейіннен олар жағып жіберіледі немесе шіру үшін қалдырылады.
Технологиялық картада орманды кесу және оны сүйретіп әкету, ағаш кесілген жерлерді кесу қалдықтарынан тазарту, орманды қалпына келтіру тәсілдері; алаңдарында өскін мен жас шыбықтар, күзет аймақтарымен бірге кесуге жатқызылмайтын ағаштар, құмырсқа илеулері сақталуға тиіс ағаш тасу жолдарының, бұрылыстарының, сүйрету жолдарының, тиеу алаңшаларының, қоймалар орналасқан орындардың, механизмдер орнатылған жерлердің және жұмысшыларға қызмет көрсету объектілерінің схемасы; топырақты эрозиядан қорғау және сүрекдіңнің қалатын бөлігін сақтау жөніндегі талаптары көрсетіледі.
"Орманның қалпына келуін қамтамасыз ететін өскіннің сақталуы" деген 28-жолда орман ағаштарын құру шараларын жүргізбей немесе табиғи қалпына келуге жәрдемдеспей-ақ орманның қалпына келуін қамтамасыз ететін өскін сақталған алқап көрсетіледі.
Өскіннің сақталуы қамтамасыз етілмеген жағдайда "орман ағаштарын құру" және "табиғи қалпына келуге жәрдемдесу" деген жолдарда аталған іс-шаралардың талап етілетін көлемі жазылады. Өскіннің сақталуы қамтамасыз етілген жағдайда көрсетілген жолдарда сызықша қойылады.
"Мекеме басшысы" деген 31-жолда мемлекеттік орман иеленуші басшының қолы мен тегі, аты-жөні қойылып, мөрмен расталады.
"Негізінде" деген 6-жолда мемлекеттік орман қоры учаскілеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендердің нәтижелері туралы хаттама бойынша шешім, мемлекеттік орман иеленушінің шешімі, аумақтық органның немесе ведомствоның орманды пайдалануға беру туралы шешімі келтіріледі.
"Рұқсат етілсін" деген 7-жолда орман пайдаланушының атауы - жеке тұлғаның тегі, аты-жөні, оның жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлға үшін мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі және одан кейін "к" деген жолда орман пайдаланудың мынадай түрлері көрсетіледі:
1) орманды жанама пайдалану (нақты пайдаланылуы анықтала отырып);
2) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;
3) мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану;
4) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалын және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану;
5) аң аулау объектілеріне жатпайтын жануарлар дүниесін, сондай-ақ жабайы жануарлардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарда пайдалану (нақты пайдаланылуы анықтала отырып).
"Алқапта" және "мөлшерде" деген көрсеткіштердің 8-жолында - алқабы гектармен және орман пайдалану бойынша деректер: көлемдері текше метрмен, данамен, тоннамен, килограммен көрсетіледі. Орман пайдаланудың алқабы мен көлемін анықтау кезінде ғылыми негізделген нормалар және жергілікті өкілдік органдар бекітетін нормативтер ескеріледі.
"Такса бойынша құны" деген 9-жолда орман пайдалану үшін белгіленген төлем сомасы (теңге) қойылады, ол:
1) орманды жанама пайдалану және мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда пайдалану үшін – облыстардың жергілікті атқарушы органдары жасаған, аумақтық органдармен келісілген есеп-қисаптар негізінде жергілікті өкілдік органдар белгілеген ставкалар бойынша;
2) аң аулау және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарлар дүниесін шаруашылық мақсаттарда пайдалану үшін Салық кодексінің 582-бабына сәйкес анықталады.
Көрсетілген пайдаланулар үшін төлемдерді бюджетке енгізу рұқсат беретін құжат алынғанға дейін жүргізіледі, онда төлем құжатының деректемелері көрсетіле отырып жүргізілген төлем туралы белгі қойылады.
"Ерекше жағдайлар" деген 10-жолда орман пайдаланудың әрбір түрін жүзеге асыру кезінде сақталуы тиіс оған тән негізгі ерекшеліктер мен жағдайлар көрсетіледі.
Қысқа мерзімді орман пайдалануда уақытша құрылыстарды көрсету керек - күзет үйшіктерін, құрал-жабдықтар сақтайтын қоймалар мен қашарларды, уақытша қара жолдарды. Аталған құрылыстардың шекті мөлшері, түрі және сипаты, оларды құлату (алып кету) тәртібі, сондай-ақ тартылатын жолдардың бағыты, ұзындығы және мөлшері осы жолда айқындалады.
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін мемлекеттік органның, атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
Ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.