Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 шілдеде № 11711 болып тіркелді.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.08.2020 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
__________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 19 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________ Е. Досаев
2015 жылғы 7 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 16 маусым
|
|
Қазақстан Республикасы |
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.08.2020 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар – ең жоғары конструкциялық жылдамдығы сағатына елу және елу километрден аз қаршаналар мен квадроциклдер;
2) көрсетілетін қызметті алушы – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тракторшы-машинист куәлігін алуға жүгінген жеке тұлға;
3) тракторшы-машинистің куәлігі – тракторшы-машинистердің машиналарды басқаруына рұқсат етілгенін растаушы құжат;
4) тракторшы-машинистің куәлігін тіркеу мен берудің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – "E-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешендегі салаларды басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесінің "Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу" кіші жүйесінде мәліметтердің орталықтандырылған есепке алынуын қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;
5) тіркеу іс-қимылдары – көрсетілетін қызметті берушінің тракторшы-машинистің куәлігін тіркеу мен берудің ақпараттық жүйесіне тіркеу деректері мен өзгерістер енгізе отырып, көрсетілетін қызметті алушының тракторшы-машинист куәлігін тіркеуді және оған беруді жүзеге асырумен байланысты қызметі.
Барлық санаттағы машиналарды басқару құқығына емтиханды өтініш берілген күні емтихан пункттерінде емтихан комиссиялары қабылдайды.
Емтихан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын және оқу бағдарламаларында көзделген машиналарды пайдалану қауіпсіздігі туралы білімдерін тексеру мақсатында жүргізіледі.
Емтихан тапсыруға рұқсат беру және куәлік беру азаматтардың тұрақты тіркелген тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері (уақытша тіркелген жағдайда) бойынша, сондай-ақ шетел азаматтарының келген жеріндегі ішкі істер органдарында тіркелуі бойынша жүзеге асырылады.
Емтихан қабылдау он сұрақтан тұратын компьютерлік кешенді не емтихан материалын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Барлық сұрақтарға жауап беру үшін тракторшы-машиниске кандидатқа 30 (отыз) минут беріледі.
Жауаптардың дұрыстығын автоматты режимде компьютер кешені не емтихан алушы тексереді.
Кем дегенде сегіз сұраққа дұрыс жауап берілген кезде "ТАПСЫРДЫ" деген қорытынды баға қойылады, ал қарсы жағдайда "ТАПСЫРМАДЫ" деген баға қойылады.
"ТАПСЫРМАДЫ" деген теріс баға алған жағдайда, қайта емтихан қабылдау алдыңғы емтиханды тапсырған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кейін жүзеге асырылады.
Уақыттың хронометражын теориялық емтихан басталған сәттен бастап компьютерлік кешен жүргізеді.
Билеттің сұрақтарына жауаптың жүйелілігін емтихан тапсырушы өз еркімен таңдайды.
Емтихан тапсыру нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша емтихан парағына жазылады және оған көрсетілетін қызметті алушы мен емтихан комиссиясы қол қояды.
Емтихан тапсырған адамдарға емтихан парағының негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде куәлік беріледі.
1) "А" – сыныбы 30 килоНьютонға (3,0 тартылыс күші) дейінгі (қоса алғанда) доңғалақты тракторларды;
2) "Б" – сыныбы 30 килоНьютоннан (3,0 тартылыс күші) жоғары доңғалақты тракторларды;
3) "В" – шынжыр табанды тракторларды;
4) "Г" – өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналарын;
5) "Д" – барлық өздігінен жүретін механикаландырылған мелиорациялық машиналарды және жол-құрылыс машиналарын, оның ішінде экскаваторларды, монтаждалған мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары бар тракторларды басқара алады.
Куәлік қосымша жабдықтар монтаждалған немесе олар агрегат (тіркеме, автопойыз) құрамында жұмыс істейтін тиісті санаттағы машиналарды жүргізуге құқық береді.
1) он жеті жасқа толған адамдарға – "А", "В" және "Г" санаттарындағы машиналарды басқаруға;
2) он сегіз жасқа толған адамдарға – кемінде алты ай "А" және "В" немесе "Г" санаттарындағы машиналарды басқару өтілі болған жағдайда, "Б" және "Д" санаттарындағы машиналарды басқару құқығын қосымша алуға.
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген құжаттардың кез келгені көрсетілетін қызметті алушының жұмыс өтілін растайтын құжат бола алады.
"Ерекше белгілер үшін" деген бағанда "қаршаналар және (немесе) квадроциклдер жүргізуге рұқсат" деген жазуы бар куәлікті беру "А" және "В" немесе "Б", "В" санаттарына рұқсаты бар жүргізуші куәлігі немесе "А" немесе "А1" немесе "В1" санаттына рұқсаты бар жүргізуші куәлігі болған кезде жүзеге асырылады.
"Рұқсат туралы белгі" бағанында "қаршаналарды және (немесе) квадроциклдерді басқаруға рұқсат" деген жазуы бар куәлікті беру кезінде қиғаш жолағы бар мөртабан қойылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтініштің көшірмесінде күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетіле отырып, тіркелгені туралы белгі оның қағаз тасымалдағышта қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініштегі мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізеді, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тракторшы-машинистің куәлігін беру кітабына тіркеу жазуын енгізеді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – куәлікті немесе осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап дайындайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.
Куәлік көрсетілетін қызметті алушыларға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде, тракторшы-машинист куәліктерін беру кітабында олардың жеке қолы қойылғаннан кейін беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тракторшы-машинист куәлігінің дайын екендігі туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап жібереді.
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқықтарынан айырылады.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
1) аты, әкесінің аты (бар болса), тегінің өзгеруі;
2) пайдалануға жарамсыз болуы;
3) қолданылу мерзімінің өтуі (10 (он) жыл);
4) көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша.
Куәлікті ауыстыру бұрын берілген куәлікті бере отырып, Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесінің негізінде, ал аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген кезде сауалнамадағы мәліметтердің өзгергенін растаушы құжат негізінде жүргізіледі.
1) ескі үлгідегі куәліктегі "А", "Б", "В", "Г", "Д", "Е" санаттары жаңа куәліктегі "А", "Б", "В", "Г", "Д" санаттарына сәйкес келеді;
2) 3-сыныпты куәлік жаңа үлгідегі "А", "В", "Г" санаттары бар куәлікке сәйкес келеді;
3) 2-сыныпты куәлік жаңа үлгідегі "А", "Б", "В", "Г" санаттары бар куәлікке сәйкес келеді;
4) 1-сыныпты куәлік жаңа үлгідегі "А", "Б", "В", "Г", "Д" санаттары бар куәлікке сәйкес келеді;
5) К-701 "Кировец" куәлік жаңа үлгідегі "Б" санатты куәлікке сәйкес келеді;
6) "комбайыншы" мамандығы көрсетілген ауыл шаруашылығы механизаторының куәлігі жаңа үлгідегі "Г" санатты куәлігіне сәйкес келеді;
7) "тракторшы" мамандығы көрсетілген ауыл шаруашылығы механизаторының куәлігі жаңа үлгідегі "А", "В" санатты куәлігіне сәйкес келеді.
Санаттары осы Қағидалардың осы тармағында көзделмеген ескі үлгідегі куәліктерді айырбастауға ұсынған кезде жаңа үлгідегі куәліктердің санаттарының сипатына сәйкес келетін санаттарды ғана көшіріп қоя отырып, айырбастау жүзеге асырылады.
1) тұрғылықты жері бойынша тіркелген тұлғаларға осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттары тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының жүгінген орны бойынша куәлікті бергені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, куәлікті берген көрсетілетін қызметті берушінің тракторшы-машинист куәлігін беру кітабындағы жазба негізінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттары тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.
Тракторшы-машинист куәлігін беру кітабындағы жазуды нақтылауды куәлікті берген көрсетілетін қызметті берушіге тиісті сұрау жіберу арқылы көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
Бұл ретте ұлттық куәлікте рұқсат етілген машиналардың санаттарын басқаруға құқық беретін және келу құжаттарының қолданылу мерзіміне осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес келетін куәлік беріледі. Ұлттық куәлік көрсетілетін қызметті берушіде сақталады және көрсетілетін қызметті алушыға оның еркін нысандағы өтініші бойынша және бұрын берілген Қазақстан Республикасының куәлігін тапсырғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қайтарылып беріледі.
Дәл осындай тәртіппен мыналар кәдеге жаратылады:
1) орнына жаңасы берілген, қайта табылған куәліктер;
2) жүргізу құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін 2 (екі) жыл өткеннен кейін талап етілмеген куәліктер, бұл ретте тракторшы-машинист куәліктерін беру кітабына белгі қойылады.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге бара отырып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарауға өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
|
|
Тракторларды және олардың |
|
|
Нысан |
_____________________________________________________________________ (емтихан пунктінің атауы)
Оқыту курстарын бітіргені туралы куәлік № ______________
Осы куәлік азамат __________________________________________________
(аты, әкесінің аты(бар болса), тегі)
________"___"_________ бастап, _______"___"_________ дейін
тракторист-машинист даярлау, қайта даярлау, сыныптылығын жоғарылату бағдарламасы бойынша ______________ сағат көлемінде оқып, біліктілік емтихандарын ("өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық") бағаларына тапсырғаны туралы берілді.
Тракторлардың және басқа да машиналардың құрылысы және техникалық пайдалану қағидалары ________________________________________________________________
(зерделенетін тракторлар мен өздігінен жүретін машиналардың маркалары қөрсетіледі)
Агрономия негіздері, механикаландырылған жұмыс өндірісін ұйымдастыру
технологиясы ______________________________________________________
Жол қозғалысы қағидалары:__________________________________________
Тәжірибелік дағдылары мен жүргізу ___________________________________
Емтихан қабылдау комиссиясының 20___ жылғы "____"_________шешімімен хаттама
№ ______ азамат ____________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
тракторшы-машинист біліктілігі берілді.
Емтихан қабылдау комиссиясының төрағасы_________________________________
Оқыту орнының басшысы _________________________________________________
20____ жылғы "____" ____________________________________________________
№ _____________емтихан парағының негізінде сериясы_______________________
санаты ______________ ___________________________ куәлік берілді.
________________________________________________________________________
___________________ (қолы)
Мөрдің орны (бар болса)
20____ жылғы " " _____________________.
|
|
Тракторларды және олардың |
_____________________________емтихан пунктінің № ___________ емтихан парағы
Машиналардың санаты ________
Тегі_______________
Аты_______________
Әкесінің аты (бар болса)________________
Туған күні____________
Теориялық емтихан
|
Күні _________ |
Сұрақтардың нөмірлері |
Тракторшы-машиниске үміткердің қолы |
|
||||||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
|
||
|
Жауаптардың нөмірі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
Емтихан алушының белгісі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
Қорытынды баға мен емтихан комиссиясы мүшелерінің қолдары |
|
||||||||||||
|
Күні _________ |
Сұрақтардың нөмірлері |
Тракторшы-машиниске үміткердің қолы |
|
||||||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
|
||
|
Жауаптардың нөмірі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
Емтихан алушының белгісі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
Қорытынды баға мен емтихан комиссиясы мүшелерінің қолдары |
|
||||||||||||
|
|
Тракторларды және олардың |
||||||||||||
Тракторшы-машинист куәлігі
Тегі ________________________________________________________________
Аты ________________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) ______________________________________________
Туған күні және туған жері ____________________________________________
___________________________________________________________________
Сериясы және нөмірі _________________________________________________
_____________________________________________________________берді
(облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы)
Өлшемі
3,5х4,5 фотоның орны
------------------------------------ Мөрдің орны
------------------------------------
20__ жылғы " " _______ 20____ жылғы " " _________ дейін жарамды
_________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) _______________________________ _________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы)
Ауыл шаруашылығы тракторлары мен өздігінен жүретін машиналардың санаттары
Мыналарға рұқсат берілгені туралы белгі:
"А" - сыныбы 30 килоНьютонға (3,0 тарту күші) дейінгі (қоса алғанда) доңғалақты тракторларға;
"Б" - сыныбы 30 килоНьютоннан (3,0 тарту күші) жоғары доңғалақты тракторларға;
"В" - шынжыр табанды тракторларға;
"Г" - өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналарына;
"Д" - барлық өздігінен жүретін механикаландырылған мелиорациялық машиналарға және жол-құрылысы машиналарына, оның ішінде экскаваторларға, монтаждалған мелиорациялық және жол-құрылысы машиналарына.
Ерекше белгілер үшін
|
|
Тракторларды және олардың |
|
|
________________________ |
|
|
атқарушы органның атауы) |
|
|
Туған жылы және күні _________________________ |
|
|
(республика, облыс, қала, аудан) |
|
|
__________________________ |
Жеке куәлігі (паспорт сериясы) _________ №___________
________________________________________________________берген
(кім және қашан)
Жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________________________
Азамат______________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Өтініш
Тракторшы-машинист куәлігін беруді, ауыстыруды, тракторшы-машинист куәлігін телнұсқасын беруді сұраймын ___________________________________________________ (себебі көрсетіледі, керек емесін сызып тастау керек)
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) _____________________________________________________________
2) _____________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының колы/электрондық цифрлық колы ______________
Өтінішті берген күні: 20 жылғы __________________
Өтінішті қабылдаған күңі: 20 жылғы __________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер бергенім үшін жауапкершілік туралы хабардармын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушының колы/электрондық цифрлық колтаңбасы _______
_______________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының колы/электрондық цифрлық колтаңбасы __________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
|
|
Тракторларды және олардың |
"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
1) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал); |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Тракторшы-машинист куәлігін берген кезде жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттары тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні. |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Тракторшы-машинист куәлігін беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: |
Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады: |
|
|
|
9 |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы; |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде веб-порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. |
|
|
|
|
Тракторларды және олардың |
|||
|
|
Нысан |
|||
Тракторшы-машинист куәліктерін беру кітабы
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
1 – Р/с № |
|
||||||||
|
|
Тракторларды және олардың |
||||||||
__________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы және мекенжайы) Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы мен мекенжайын көрсету)
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:_______________________________
_______________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)
Бас тарту үшін негіз: _____________________________________________________
_______________________________________________________________________
Осы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.
__________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Алды______________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
20__ жылғы "___"_______
|
|
Тракторларды және олардың |
|||
|
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы |
|
Местный исполнительный орган областей, городов республиканского значения, столицы, районов и городов областного значения |
|
|
|
[уәкілетті органның атауы мемлекеттік тілде] |
|
[уәкілетті органның атауы орыс тілінде] |
|
|
|
[уәкілетті органның деректемелері |
|
[уәкілетті органның деректемелері орыс тілінде] |
|
|
|
[хабарлама нөмірі] |
[Көрсетілетін қызметті алушының атауы] |
|
||
Берілген уақыты мен орны көрсетілген тракторшы-машинист куәлігінің дайын екендігі туралы хабарлама/Уведомление о готовности удостоверения тракториста-машиниста с указанием времени и места выдачи [Хабарлама мәтіні/Текст уведомления] [Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесінің басшысы] [қол қоятын адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]
|
|
Тракторларды және олардың |
|
|
Нысан |
Қатаң есептегі бланкілердің келіп түсуін және жұмсалуын есепке алу кітабы
|
Кіріс |
Шығыс |
Қалдық |
||||||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5.1 |
5.2 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10.1 |
10.2 |
11 |
|
1 - Келіп түскен күні |
||||||||||||
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК