"Азаматтық хал актілері жазбаларын жою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
31-Қосымша

 

"Азаматтық хал актілері жазбаларын жою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (әрі қарай – мемлекеттік қызметті көрсетуші)

1) мемлекеттік қызметті көрсетуші арқылы;
2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
3) Мемлекеттік корпорация арқылы;
4) портал арқылы жүзеге асырылады.

Өтінішті қарау мерзімі - 3 (үш) жұмыс күні;
азаматтық ортақ акт жазбасының күшін жою үшін негіз болып табылатын АХАЖ АЖ-да акт жазбалары болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жібереді).);
портал арқылы берген кезде - өтініштің қабылданғанын растау және азаматтық хал актілері жазбасының күшін жою күнін белгілеу туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі;
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

Электронды/қағаз түрінде

1) мүдделі адамдардың өтініші бойынша, сондай – ақ, сот шешімі негізінде азаматтық хал актілері жазбасының күші жойылған кезде - азаматтық хал актілері жазбасының күшін жою туралы тіркеуші органның жауабы;
2) әкелікті анықтау, бала асырап алу туралы (бастапқы жеке сәйкестендіру нөмірін қалпына келтіре отырып), атын, тегін және әкесінің атын өзгерту туралы акт жазбаларының күші жойылған кезде - бастапқы деректері бар туу туралы қайталама куәлік, қажет болған жағдайда туу туралы анықтама;
3) некені (ерл- зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының күші жойылған кезде-тиісті неке қию (ерл- зайыптылық) туралы куәлік;
4) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш берген кезде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, тіркеуші органның азаматтық хал актілері жазбасының күшін жою туралы жауабы немесе дәлелді бас тарту электрондық түрде жіберіледі.

Тегін

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация – еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Акт жазбаны жою үшін:
1) Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жазбасының күшін жою туралы өтініш;;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жойылуға жататын акт жазбасы негізінде берілген куәліктер (болған жағдайда);
4) азаматтық хал актілері жазбасының күшін жою қажеттілігін растайтын құжат (бар болса);
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
Заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы:
1) осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот шешімі негізінде акт жазбасының күшін жою туралы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін));
3) күші жойылуға жататын акт жазбасын көрсете отырып, соттың күшін жою туралы, акт жазбасын анықтау не мемлекеттік тіркеу туралы бұрын шығарылған сот шешімінің күшін жою туралы, акт жазбасын жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі туралы мәліметтер.

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет – тууды тіркеу бөлігінде проактивті түрде көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

"Азаматтық хал актілері жазбаларын жою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Дата публикации
07 октября 2021