Хабар

Хабар

          2021 жылғы 25 шілдеде Индер ауданының екі ауылдық округ бойынша округ әкімдерінің сайлауы өтті.

          Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабы 9-тармақшасы, 44-бабының 2-тармағы,        45-бабы, 113-10 баптарына сәйкес, Индер ауданы ауылдық округтер әкімдері сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:

         

Жарсуат ауылдық округі бойынша:

          Сайлаушылар тізіміне 1722 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 1277. Жарамсыз бюллетеньдер саны 6, «Бәріне қарсымын» белгісін белгілегендерсаны - 0.

          Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

          Е.Е.Букеевке- 903;Т.К.Махметовке - 119;К.А.Уразбаевқа- 249.

          Жарсуат ауылдық округінің әкімі болып Букеев Ербол Ержанович, 1962 жылы туған, Индер аудандық ветеринариялық станса коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны директоры, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылғанИндер ауданы, Жарсуат ауылының тұрғынысайланды.

         

Көктоғай ауылдық округі бойынша:

          Сайлаушылар тізіміне 1530 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 1228. Жарамсыз бюллетеньдер саны 12, «Бәріне қарсымын» белгісін белгілегендер саны - 15.

          Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

          Ш.А.Габбасовқа- 406; М.Ж.Кусайновқа- 779; М.Қ.Ілиясқа- 16.

Көктоғай ауылдық округінің әкімі болып Кусайнов Мамбеткали Жолдаскалиевич, 1964 жылы туған, Көктоғай ауылдық округінің әкімі,«Nur Otan» партиясынан ұсынылған, Индер ауданы, Көктоғай ауылының тұрғыны сайланды.

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Хабар
Дата публикации
26 июля 2021