2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы бойынша кандидаттардың тіркелуі туралы
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
баспасөз релизі
15 шілде 2021 жыл Индербор кенті
Ауданда 10 кандидат ұсынылды: олардың ішінде 6–ы саяси партиялармен, оның ішінде саяси партиялардан ұсынылған 2-кандидат өз өтініші негізінде құжаттарын кері алды, 4-і өзін-өзі ұсынғандар.
А.ж. 14 шілдесі сағат 18.00-дегі жағдаймен 8 кандидат тіркелді, олардың ішінде: 4-і саяси партиялармен, 4-і өзін-өзі ұсынғандар.
Түрлі себептермен саяси партиядан тіркелген 2 кандидат түсірілді:
2-уі – өздерінің кандидатураларын алып тастау жөніндегі өтініштеріне байланысты.
Орташа бәсекелестік 3 құрады.
Барлық тіркелген кандидаттар тіркеу куәліктерін алды, сайлау бюллетендеріне енгізілді.
Тіркелгендердің ішінде 6-ы ерлер немесе 100%.
Барлық кандидаттарда жоғары білім бар.
Мамандықтары бойынша: 1 мұғалім, 1 экономист, ауылшаруашылығы мамандары – 4.
Мемлекеттік қызметшілер - 3, бюджеттік сала қызметкерлері – 2, коммерциялық құрылым өкілдері – 1.
Орташа жас – 53 құрайды.
Кандидаттарды тіркеу туралы хабарлар аумақтық сайлау комиссияларының интернет-бетшелері мен жергілікті баспа БАҚ-да жарияланды.
2 сайлау округінде – 3 кандидаттан бар.
1 сайлау округінде 2 саяси партия тіркелген.
Ұсыну мен тіркеу кезеңінде сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
тел. +7 (712) 342-00-34