Индер ауданы бойынша 2021 жылдың II тоқсан қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы туралы мәліметі

Индер ауданы бойынша 2021 жылдың II тоқсан қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы туралы мәліметі

   Индер ауданы әкімі аппаратына келіп түскен өтініштердің барлығы  тіркеліп, бақылауға алынып, жауаптары мерзіміне берілуде. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің бұйрығына сәйкес іске қосылған «Айқын» жобасы арқылы арыздар бірыңғай электронды құжатайналым жүйесінде (ЭСЕДО) «азаматтардың өтініштері модулінде» тіркеледі.

   2021 жылдың II тоқсан қортындысы бойынша аудан әкімінің атына барлығы 389 өтініш түскен. Оның ішінде жеке тұлғалардан - 334, заңды тұлғалардан -53  сондай-ақ 2-шағым тіркелген.

   Оның ішінде, баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бойынша тұрғындардан 2021 жылдың ІІ тоқсанына 72 өтініш түскен. Жұмысқа орналастыру мәселесімен - 25 өтініш, кәсіпкерлік бағытта - 11 өтініш тіркелген. Жер және жерді пайдалану бойынша - 153 өтініш болып отыр. Атаулы әлеуметтік көмек мәселесі - 23, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 10, жол мәселесі - 7, ауыл шаруашылығы саласы бойынша  - 7, денсаулық саласы бойынша – 1  Мәдениет және өнер, спорт, ономастика – 5,  білім саласы – 31,  Басқада түрлі мәселелер бойынша –44 өтініш тіркелді.

   Есепті кезеңде түскен 389 арыз - шағымдардың 19-ы қанағаттандырылып, 370-не жазбаша түрде түсінік берілді.

   Есепті кезеңде  48 рет аудан әкімінің жеке қабылдауы болып барлығы - онлаин форматта өткізілді. Қабылдауда  145 азаматтың жеке мәселесі қаралды. Ал, аудан әкімнінің орынбасарларымен 38 мәрте жеке қабылдау өткізіліп, онда  38  азаматтың мәселесі тыңдалды. 

   Қабылдау қорытындысы бойынша 139 адамға заңдылық негізде жазбаша түсінік беріліп, 6  адамның өтініші қанағаттандырылды. Сонымен қатар, есепті кезеңде «Ашық әкімдікте» аудан әкімімен және орынбасарларымен қабылданған тұрғындардың жалпы саны – 15. Сондай-ақ жалпы бөлім басшымен 8-тұрғынға түсінік берілді. Жалпы 85 тұрғынға «Ашық әкімдік» жобасымен түрлі қызметтер көрсетілді. Фронт-кеңседе сервистік әкімдік принципінде жұмыс жасайды, яғни азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастырады.

   Аудан әкімдігі ғимаратында Фронт - кеңсе ашылғалы  90 - нан астам азаматтар әр түрлі мәселелері бойынша сұрақтарымен хабарласқан.

   Кеңес беру және ақпараттық қызмет көрсету өтініш берушілерді фронт - кеңседе қабылдау барысында және  қоғамдық қабылдау бөлмесінің (871234-2-12-74) келіп түскен өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.

    Бұл бағыттағы жұмыстар алға қарай да жалғасатын болады.

Индер ауданы бойынша 2021 жылдың II тоқсан қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы туралы мәліметі
Дата публикации
15 июля 2021