Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін ұсынатын құжаттар тізбесі

Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін ұсынатын құжаттар тізбесі

 

Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін ұсынатын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 102 Бірлескен бұйрығы және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 4/407 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 22 маусымда № 23158 болып тіркелді

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы бұйрық береді, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін ұсынатын құжаттарының қоса беріліп отырған Тізбесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен::

1) осы бірлескен бұйрық пен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) осы бірлескен бұйрық пен қаулыны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен бұйрық пен қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының Мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бірлескен бұйрық пен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

Қазақстан Республикасының

__________ Б. Имашев

Агенттік Төрағасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері

__________ А. Жайылғанова

Бекітілген

бірлескен бұйрықпен

Агенттік Төрағасының

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі

2021 жылғы 21 маусымдағы № 102 және

қазақстан республикасы Орталық

сайлау комиссиясының

Қазақстан Республикасының

2021 жылғы 22 маусымдағы № 4/407

Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін ұсынатын құжаттарының тізбесі

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) осы тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттың қызметтік тізімі;

3) еңбек кітапшасының көшірмесі;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ"халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы 1), 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен немесе нотариат куәландырған көшірмелерімен салыстырып тексереді.

Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидат құжаттарды тапсырғаннан кейін келесі күнтізбелік күннен кешіктірмей мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық органына жоғарыда көрсетілген құжаттарды және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органның жеке тұлғаға мәліметтердің болуы / болмауы туралы деректерді алу үшін талапқа жауабын жібереді.

 

 

 

 

 

 

АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАНЫҢ, АУЫЛДЫҢ, КЕНТТІҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІҢ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА В АКИМЫ ГОРОДА РАЙОННОГО ЗНАЧЕНИЯ, СЕЛА, ПОСЕЛКА, СЕЛЬСКОГО ОКРУГА

1.

Т.А.Ә.____________________________________________________________________

Ф.И.О. ____________________________________________________________________

2.

Жұмыс орны, лауазымы, санаты / Место работы, должность, категория ____________________________________________________________________

3.

ЖСН / ИИН ___________________________________________________________________

4.

 Туған кезі / Дата рождения

ДД/ММ/ГГГГ)

5.

Туған жері / Место рождения

 

6.

Ұлты / Национальность

 

7.

Білімі / Образование

 

8.

 Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы / Год окончания и наименование учебного заведения

 

9.

Мамандығы бойынша біліктілігі / Квалификация по специальности

 

10.

Мамандығы / Специальность

 

11.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы / Ученая степень,  ученое звание

 

12.

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении дисциплинарного взыскания за совершение дисциплинарного проступка, дискредитирующего государственную службу

 



ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ



Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность*, место работы, местонахождение организации



қабылданған / приема

босатылған / увольнения





 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

      Көрсетілген ақпараттың дәйектілігіне жауап беремін және ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына жауап беремін. /

      Отвечаю за достоверность указанной информации и несу ответственность за подлинность представленных документов.

_____________________  Кандидаттың қолы /  Подпись кандидата

_______________ күні / дата

      * Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазымы жеке бағанда толтырылады / Примечание: в послужном списке каждая занимаемая должность заполняется в отдельной графе




© 2012. РГП на ПХВ «Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан» Министерства юстиции Республики Казахстан

 

Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін ұсынатын құжаттар тізбесі
Дата публикации
26 июня 2021