Ақпараттық хабарлама
2021 жылғы 03 шілдеде Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Индер ауданы бойынша Жарсуат, Көктоғай ауылдық округтері әкімінің сайлауына кандидаттар Ілияс Мұрат Қайреденұлы («Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы қоғамдық бірлестігінен), Амантурлин Жанибек Ислямгалиевич (Қазақстан халық партиясынан) құжаттары ұсынылды.
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Индер ауданы бойынша Жарсуат, Көктоғай ауылдық округтері әкімінің сайлауына кандидаттар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.
2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Индер ауданы бойынша Жарсуат, Көктоғай ауылдық округтері әкімін сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 26 маусым мен 09 шілде аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.