Ақпараттық хабарлама
2021 жылғы 28 маусымда Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Индер ауданы Жарсуат, Көктоғай ауылдық округтері әкімінің сайлауына кандидаттар Габбасов Шапагат Ахметхамбарович және Махметов Талгат Касымовичтің (өзін-өзі ұсыну тәртібімен) құжаттары ұсынылды.
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Индер ауданы Жарсуат, Коктогай ауылдық округтері әкімдігіне сайлауға кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.
2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Индер ауданы Жарсуат, Көктоғай ауылдық округтері әкімін сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 26 маусым мен 09 шілде аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.