Индер ауданы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Индер ауданы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

25.06.2021 жылы Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "25.07.2021 жылға тағайындалған Индер ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы" қаулы қабылданды

Ағымдағы жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"Конституциялық заңға түзетулерге қол қойды. Өзгерістер аудандық маңызы бар қалалардың,ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізуді көздейді.

Сайлау заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар қаланың,ауылдың, кенттің және ауылдық округтің әкімі жалпыға бірдей, тең,төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жиырма бес жастан төмен емес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан төрт жыл мерзімге қызметке сайлайды.

Күнтізбелік жоспардың негізгі кезеңдері туралы сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Г.М.Кабиева баяндама жасады.

Ол кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады, яғни 26.06.2021 ж. және сайлау өткізілетін күннен он бес күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады,яғни 14.07.2021 ж.

Әкімдікке кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін он күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде, яғни 14.07.2021 жылы аяқталады.

Сайлау қорытындылары аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысында учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.

Индер ауданы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
25 июня 2021