Индер ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Индер ауданы ауылдық округтері

әкімдерінің сайлауын

тағайындау туралы

 

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 - бабына сәйкес Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге Индер ауданының:
  • Жарсуат ауылдық округі әкімінің;
  • Көктоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Индер ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Дендер» газетінде жариялансын.

 

 

Индер аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                  А.Сакенов  

 

 

Индер аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                                 Ш.Сариева                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

«25»  маусым 2021 жыл                №7          

 

Индер ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
25 июня 2021