Есбол ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының
№ 2 ХАТТАМАСЫ
Есбол ауылы «2» сәуір 2021 жыл
Өтетін орны: Мәдениет үйі
Уақыты: сағ 10:00
Есбол ауылдық округі тұрғындарының қоғамдастық жиналысы өтті. Жиналысқа 21 қоғамдастық мүшесі қатысты.
Күн тәртібінде
2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларына өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы бас маман-есепші Н.Гинаятов.
Есбол ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджет жобасына өзгерістер енгізу туралы бас маман-есепші Н.Гинаятовтың хабарламасы:
Округ бюджетіне облыстық трансферттен бөлінген қаржыдан -1 947,0 мың теңге қаржыныкері қайтаруды қажет етеді және «Парус-Каз» бағдарламасының қызметіне 890,0 теңге қаражат қажет. Осы қаражатты төмендегі жұмыстарға жоспарлап отырмыз:Атап айтсақ: 001 -Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бағдарламасы бойынша мекемедегі 1 штат заңгер маманының қысқартылуына байланысты -1947,0мың теңге қаражатты кері қайтаруды қажет етеді; «Парус-Каз» бағдарламасының ай сайынғы қызметіне 325,0 мың теңге, 006-Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау бағдарламасы бойынша «Парус-Каз» бағдарламасының ай сайынғы қызметіне 325,0 мың теңге;022-Мемлекеттік органның күрделі шығыстары бағдарламасы бойынша «Парус-Каз» бағдарламасын сатып алу үшін 120,0 мың теңге, 032-Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары бағдарламасы бойынша «Парус-Каз» бағдарламасын сатып алу үшін 120,0 мың теңге қаражат қарастырылып отыр. Осы жобаны мақұлдауларыңызды сұраймын.
Сөйлеу
С.Бимуқашев - Ауылымыз үлкен негізі заңгер маманының штатының қысқартылғаны көңілге қоныңқырамайды дегенмен «Парус-Каз» бағдарламасының қызметіне бөлінген қаражатты дұрыс деп қолдаймын.. Жалпы жоспарланған бюджет жобасын мақұлдаймын.
М.Қайырлы - Мемлекет қаржысы мақсатты жұмсалуы керек. Заман ағымына сай жұмысты жетілдіру үшін «Парус-Каз» бағдарламасының болғаны дұрыс. Қаражаттың орынды жұмсалғанын қалаймыз. Сондықтан бюджет жобасын мақұлдаймын.
Қоғамдастық мүшелері Р.Испусинов, Б.Досқалиев, Ж.Шабдаров бөлінген қаражатпен танысып, ұсынысты қолдады.
Қаулы
Жиналыс төрағасы А.Рамазанов
Жиналыс хатшысы Г.Азгалиева