Есбол ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының № 1 хаттамасы

Есбол ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының

№ 1 ХАТТАМАСЫ

Есбол ауылы                                                                      «10» наурыз  2021 жыл

Өтетін орны: Мәдениет үйі

Уақыты:  сағ 10:00

Есбол ауылдық округі тұрғындарының қоғамдастық жиналысы өтті. Жиналысқа  18  қоғамдастық мүшесі қатысты.

Күн тәртібінде

  1. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің                    

2021-2023 жылдарға арналған  бюджеттік бағдарламаларына өзгерістер енгізу  туралы.

Хабарламашы бас маман-есепші  Н.Гинаятов.

Есболауылдық округінің  2021 жылға арналған бюджет  жобасына өзгерістер енгізу  туралы бас маман-есепші  Н.Гинаятовтыңхабарламасы:

Округ  бюджетіндегі 2020 жылғы 3415,0 мың теңге көлеміндегі бос қалдық қаражатын төмендегі жұмыстарға жұмсауға ұсынамын:Атап айтсақ: 022-Мемлекеттік органның күрделі шығыстары бағдарламасы бойынша ауылымыздағы өрт сөндіру депосының күрделі жөндеугесметалық құжаттарын жасақтау жұмысының қызметіне 2337,0 мың теңге,;011-Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бағдарламасы бойынша ауылымыздағы жасыл желекті қоршау жұмысына -     1 067,0 мың теңге,пайдаланылмаған бюджет қаражатын кері кайтару үшін – 11,0 мың теңге қаражат қарастырылып отыр. Осы жобаны мақұлдауларыңызды сұраймын.

Сөйлеу

Б.Иманғалиев  - Көрсетілген шығыстардың барлығы да қажет деп ойлаймын. Ауылымыз ауданнан кейінгі үлкен елді мекен сондықтан өрт сөндіру депосының болғанын қолдаймын шешімі табылса өте жақсы жоспарланған жұмыс. Жалпы жоспарланған  бюджет жобасын мақұлдаймын.

 

А.Султанғалиева -  Мемлекет қаржысы мақсатты жұмсалуы керек. Заман ағымына сай жұмысты жетілдіру үшін өрт сөндіру мекемесінің болғаны дұрыс. Ауылымызда қоршалған саябақтың болғаны ауыл тұрғындары үшін заманауй демалыс орнының қажет екені де рас.Қаражаттың орынды жұмсалғанын қалаймыз. Сондықтан бюджет жобасын мақұлдаймын.

 

Қоғамдастық мүшелері М. Қайырлы, Б.Досқалиев, Т.Айтжанов бөлінген қаражатпен танысып, ұсынысты қолдады.

Қаулы

  1. Есбол ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілсін.

Жиналыс төрағасы                                                                               А.Рамазанов

Жиналыс хатшысы                                                                               Г.Азгалиева

Есбол ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының № 1 хаттамасы
Дата публикации
24 мая 2021