Өрлік ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының № 2 хаттамасы
«25» ақпан 2021 жыл Өрлік ауылы
Өткізілу орны: Әкімшілік ғимараты
Өткізілу уақты: 11:00
2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасының жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 73-I бабына сәйкес 2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетін жасақтап ауданның жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қарауына ұсыну үшін жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу қағидасы және тұрғындарды өкілдерінің сандық құрамына сәйкес бүгін Өрлік ауылдық округінің жиналысы өткізілді.
Жиналысқа жергілікті қоғамдастықтың мүшелері шақырылды. Жиналыс мүшелерінің жалпы саны –30, жиналысқа қатысқан мүшелерінің саны – 21.
Жиналыс заңды.
Сисатов Серік Ғабдығапарұлын қоғамдастық жиналысының төрағасы етіп сайлау ұсынылды.
Қоғамдастық жиналысының хатшысына- Даулетова Жансаяны сайлау ұсынылды.
Басқа ұсыныстар болған жоқ.
«Қолдағандар» - 21 адам.
«Қарсы», «Қалыс қалған » - жоқ.
Бір ауыздан, Сисатов Серік Ғабдығапарұлын - қоғамдастық жиналысының төрағалығына Даулетова Жансаяны - қоғамдастық жиналысының хатшылығына сайланды.
Жұмыс жүргізудің келесі уақыт тәртібі ұсынылады:
Күн тәртібіндегі мәселе бойыша 10 минут.
Сөйлеушілерге 5 минут.
«Қолдағандар» - 21 адам
«Қарсылық», «Қалыс қалған»-жоқ
Қабылданды.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе
Тыңдалды
Өрлік ауылдық округінің 2020 жыл қорытындысымен округ бюджетінің бос қалдық қаражатын пайдалану үшін бағдарламаларға бөліп салуға ұсыным береді.
Хабарламашы: Идрисова Токжан – Өрлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепші.
Бос қалдықтарды бөлуге ұсыным берілетін бағдарламалар:
124008015.Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру – 271,0 мың теңге;
Округтегі көше шамдарының көбеюіне байланысты электр энергиясына
қажеттілік көбею себепті жыл басында қаралған қаражатқа қосымшақаражат қажет етеді;
124022015.Мемлекеттік органның күрделі шығыстары-688,0 мың теңге;
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тапсырмасын орындау барысында, «Әкімшілік іс жүргізудің біріңғай тізілімі» жобасын іске асыру үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды электронды форматта басып шығару және құқық бұзушыға табыстау үшін планшет, роутер мен термопринтер және де бағдарламалардың көбеюіне байланысты есеп қызметі үшін ноутбук сатып алуға қаражат қажет етеді;
124053015.Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің,ауылдық округтің коммуналдық мүлкін басқару- - 240,0мың теңге;
2020 жылы күрделі жөндеуден өткен әкімшілік ғимаратын қайта бағалау үшінжыл басында қаралған қаражатқа қосымша қаражат қажет етеді.
Сөйлеу
Ж.Нұрсұлтанов– зейнеткер. Округімізге түсетін салықтардың ауылды көркейтуге жұмсалатыны құптарлық іс.
И.Насыров – «Арал»шаруа қожалық басшысы. Көше шамдарының үздіксіз жанып тұруы ауыл бюджетіне түсетін салықтарға қатысты. Сондықтанда салықтарды мезгілінен кешіктірмей төлеп отырсақ бұл ауыл үшін өте маңызды.
Өрлік ауылының қоғамдастық жиналысы күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе:
Өрлік ауылдық округінің бюджетінің бос қалдық қаражатын пайдалану үшін бағдарламаларға
124008015 Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру – 271,0мың теңге;
124001048 Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару- 6,0 мың теңге.
124022015 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары-688,0 мың теңге;
124053015 Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің,
ауылдық округтің коммуналдық мүлкін басқару-240,0мың теңге;
бөліп салу жобасы мақұлдансын.
Жиын төрағасы: С.Сисатов
Жиын хатшысы: Ж.Даулетова