Бөдене ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының № 2 хаттамасы

                 Бөдене ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының

№ 2 ХАТТАМАСЫ

 Бөдене ауылы                                                                «05» сәуір 2021жыл Өтетін орны: Мәдениет үйі                                                                                                Уақыты:  сағ 10:00

 Бөдене ауылдық округі тұрғындарының қоғамдастық жиналысы өтті. Жиналысқа                    21  қоғамдастық мүшесі қатысты.

Күн тәртібінде

  1. «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің                    

2021-2023 жылдарға арналған  бюджеттік бағдарламаларына өзгерістер енгізу  туралы.Хабарламашы  есепші  Г.Төлеуова. Бөдене  ауылдық округінің  2021 жылға арналған бюджет  жобасына өзгерістер енгізу  туралы есепші  Г.Төлеуованың хабарламасы:

Округ  бюджетіндегі 2020 жылғы 885,0 мың теңге көлеміндегі бос қалдық қаражатын төмендегі жұмыстарға жұмсауға ұсынамын: 001 -Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бағдарламасы бойынша экологиялық қызмет көрсетуге 160,0 мың теңге; 022-Мемлекеттік органның күрделі шығыстары бағдарламасы бойынша «Еңбек,әлеуметтік қорғау және кіші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің»  2020 жылғы 8 қыркүйектегі №15 «Бұзушылықты жою туралы ұйғарымы негізіндегі кемшіліктерді қалпына келтіріу жұмыстарына ақуалық акті және ЖСҚ жасау үшін ( мүгедектердің кіріс топтарына пандуспен қамтамасыз ету) -95,0 мың теңге; «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай  тізілімі» жобасын іске асыру үшін планшет, , термопринтер сатып алу үшін –  330,0 мың теңге; 053- бағдарламасы үшін – Қызметтік тұрғын үйді мемлекеттік тұрғын үй қорынан шығарып,өтеусіз тегін жекешелендіріп беру бағытында және мемлекеттік актісін қайта рәсімдеуге- 300,0 мың теңге   қаражат қарастырылып отыр. Осы жобаны мақұлдауларыңызды сұраймын.

                                                             Сөйлеу

К.Сарсенгалиев - Хабарламада айтылған мөлшерлі қаражат тиімді бағытқа жұмсалады деп есептеймін. Қаражат есебінен сметалық-құжат жасақталып салынуы тиіс пандус округ әкімшілігіне мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп шығулары үшін қажет.

 

 

С.Мамаев  -  Мемлекет қаржысы мақсатты жұмсалуы керек. Заман ағымына сай жұмысты жетілдіру үшін планшет, термопринтерлер қызметкерлерге өте қажет екені рас. Қаражаттың орынды жұмсалғанын қалаймыз. Сондықтан бюджет жобасын мақұлдаймын.

     Қоғамдастық мүшелері М.Шамуратов, Ш.Тілекқабылов, Ж.Иманкулова  бөлінген қаражатпен танысып, ұсынысты қолдады.

                                                                  Қаулы

  1. Бөдене ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілсін.

 

Жиналыс төрағасы                                             Ж.Гизатов

Жиналыс хатшысы                                            А.Габдуллина

Бөдене ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының № 2 хаттамасы
Дата публикации
24 мая 2021