Индебор кенті әкімі аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысының № 4 хаттамасы

Индебор кенті әкімі аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысының

№ 4 хаттамасы

Индербор кенті

Өтетін орны: Мәдениет үйі                                                        «10» мамыр 2021 жыл

Уақыты: сағ 10:00

Индербор кенті тұрғындарының қоғамдастық жиналысы өтті. Жиналысқа 23 қоғамдастық мүшесі қатысты.

Күн тәртібінде

  1. «2020 жылдың қортындысы бойынша бюджетінің ҚР Атырау облысы Индербор кенті әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің бос қалдық 5 473,0 мың теңге қаражатын бағдарламаларға орналастыру туралы»

Хабарламашы бас маман- есепші Ш.Тлекова:

124 001 015- «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша Индербор кенті әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде тұрған нысандардың жерге орналастыру жобасын жасақтау жұмыстары мен қызметтері бойынша- 959,0 мың теңге.

124 011 015-«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша Индербор кентіндегі бильбордтарға банерлер жасап, орнату жұмыстары мен қызметтері бойынша- 1524,0 мың теңге.

124 022 015- «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тапсырысын орындау барысында, «Әкімшілік іс жүргізудің біріңғай тізілімі» жобасын іске асыру үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды электронды форматта басып шығару және құқық бұзушыға табыстау үшін планшет, роутер және термопринтер және де бағдарламалардың көбеюіне байланысты есеп қызметі үшін моноблок және СКУД сатып алуға – 1 976,0 мың теңге.

124 002 015-«Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша Индербор кентіндегі бейттердің қоршауына күрделі жөндеу жұмыстарына жасақталған ЖСҚ құжаттарын сараптамадан өткізу -1000,0 теңге.

124 048 015- Пайдаланылмаған (толық пайдалангылмаған) нысаналы трансферттерді қайтаруға- 14,0 мың теңге. Осы жұмыстарға келісім берулеріңізді сұраймын.

Сөйлеу

    М.Нұғманова – Қаражаттың орынды  жұмсалғанын қалаймыз. Кент көшелеріне көрнекі ақпарат құралдарының орнатылып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы  хаттамаларды электронды форматта басып шығару үшін моноблок пен скуд алынғанын қалаймыз. Бюджет жобасын мақұлдаймын.

С.Жұқиев - Индербор кентіндегі бейіттердің қоршалып, күрделі жөндеуден өткізілуге жасақталған жобалық сметалық құжаттамаларын сараптамадан өткізуін мақұлдаймыз. Сондықтан бюджет жобасын қолдаймын.

Қоғамдастық мүшелері Ә.Кенжиев, А.Доспаева қаражатпен танысып, ұсынысты қолдады.

 

 Жиналыс төрағасы                                                                        А.Аймұратов

 Жиналыс хатшысы                                                                        Г.Таласова

Индебор кенті әкімі аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысының № 4 хаттамасы
Дата публикации
24 мая 2021