Елтай ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының
№ 3 ХАТТАМАСЫ
Елтай ауылы «02 » сәуір 2021жыл
Өтетін орны: Мәдениет үйі
Уақыты: сағ 10:00
Елтай ауылдық округі тұрғындарының қоғамдастық жиналысы өтті. Жиналысқа 23 қоғамдастық мүшесі қатысты.
Күн тәртібінде
2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларына өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы бас маман-есепші Г.Жалиева.
Елтай ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджет жобасына өзгерістер енгізу туралы бас маман-есепші Г.Жалиеваның хабарламасы:
Округ бюджетіне облыстық трансферттен 8 075,0 мың теңге қаржы болінді. Осы қаражатта төмендегі жұмыстарға жоспарлап отырмыз. Атап айтсақ: 001 -Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бағдарламасы бойынша «Парус-Каз» бағдарламасының ай сайынғы қызметіне –325,0 мың теңге, 006-Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау бағдарламасы бойынша «Парус-Каз» бағдарламасының ай сайынғы қызметіне –325,0 мың теңге, Социалистік Еңбек Ері М.Енбаеваның портретін жасауға – 300,0 мың теңге, 008-Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша Елтай ауылындағы Базарбаев, Қабиұлы, Жеңіс көшелеріндегі жарық шамдарын жәй жөндеуден өткізу үшін – 6885,0 мың теңге, 022-Мемлекеттік органның күрделі шығыстары бағдарламасы бойынша «Парус-Каз» бағдарламасын сатып алу үшін – 120,0 мың теңге, 032-Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары бағдарламасы бойынша «Парус-Каз» бағдарламасын сатып алу үшін – 120,0 мың теңге қаражат қарастырылды. Осы жұмыстарға келісім берулеріңізді сұраймын.
Сөйлеу
Қ.Құсанов - Көшелеріміз жарықтанып, ауылымыз көркейсе неге қолдамасқа. Көшелердегі жарық шамдары қыс айларында жанып-өшіп дұрыс жұмыс жасамады. Сондықтан соларды ауыстырып, жәй жөндеу жүргізілсе жақсы емес пе? Көше жарық болса, ауылымызда тәртіп бұзушылықтар да азаяды, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы жақсарады деп ойлаймын. Бюджет жобасын мақұлдаймын.
Н.Сағынов - Қаражаттың орынды жұмсалғанын қалаймыз. М.Енбаева апамыздың портретін жасау жақсы іс екен. Ауылымыздан шыққан Социалистік Еңбек Ерлерін ұлықтап, келер ұрпақ ұмытпау үшін есімін жаңғыртып бейнелерін таныстырған жөн. Сондықтан да бюджет жобасын қолдаймын.
Қоғамдастық мүшелері Т.Темірболатов, А.Сейфуллин, Қ.Құсайынов бөлінген қаражатпен танысып, ұсынысты қолдады.
Қаулы
Жиналыс төрағасы О.Хасанов
Жиналыс хатшысы А.Көбенғалиева