Елтай ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының № 2 хаттамасы

Елтай ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының

№ 2 ХАТТАМАСЫ

 

Елтай ауылы                                                                                     «09» наурыз  2021 жыл

Өтетін орны: Мәдениет үйі

Уақыты:  сағ 10:00

                                                          

 Елтай ауылдық округі тұрғындарының қоғамдастық жиналысы өтті. Жиналысқа                    21  қоғамдастық мүшесі қатысты.

 

Күн тәртібінде

  1. «Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің                    

2021-2023 жылдарға арналған  бюджеттік бағдарламаларына өзгерістер енгізу  туралы.

Хабарламашы бас маман-есепші  Г.Жалиева.

Елтай ауылдық округінің  2021 жылға арналған бюджет  жобасына өзгерістер енгізу  туралы бас маман-есепші  Г.Жалиеваның хабарламасы:

Округ  бюджетіндегі 2020 жылғы 1 507,0 мың теңге көлеміндегі бос қалдық қаражатын төмендегі жұмыстарға жұмсауға ұсынамын: 001 -Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бағдарламасы бойынша кеңсе ғимаратына бейнебақылау жүйесін қондыру қызметіне – 222,0 мың теңге, Елтай ауылында орналасқан Атырау-Орал тас жолы бойындағы саябақты техникалық тексеруге – 50,0 мың теңге, Атырау –Орал тас жолы бойының Индербор кентінің кіреберісінде орналасқан арканы техникалық тексеруге – 50,0 мың теңге; 022-Мемлекеттік органның күрделі шығыстары бағдарламасы бойынша Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылындағы саябақты абаттандыру және Индербор кентінің кіреберісінде орналасқан арканы күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ әзірлеуге -100,0 мың теңге, «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай  тізілімі» жобасын іске асыру үшін планшет, 4G мини роутер, термопринтер және кеңсеге  ноутбук сатып алу үшін –  1 052,0 мың теңге; пайдаланылмаған бюджет қаражатын кері кайтару үшін – 33,0 мың теңге қаражат қарастырылып отыр. Осы жобаны мақұлдауларыңызды сұраймын.

Сөйлеу

Н.Сағынов  - Көрсетілген шығыстардың барлығы да қажет деп ойлаймын. Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеңсе ғимаратында бейнебақылау жүйесі міндетті түрде болуы керек. «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» жобасын іске асыру үшін  оргтехникалар алу қазіргі заман талабына сай қажет дүниелер. Бюджет жобасын мақұлдаймын.

С.Сыдықов -  Мемлекет қаржысы мақсатты жұмсалуы керек. Заман ағымына сай жұмысты жетілдіру үшін планшет, термопринтер, ноутбуктер қызметкерлерге өте қажет екені рас. Қаражаттың орынды жұмсалғанын қалаймыз. Сондықтан бюджет жобасын мақұлдаймын.

 

Қоғамдастық мүшелері Т.Темірболатов, А.Сейфуллин, Қ.Құсайынов бөлінген қаражатпен танысып, ұсынысты қолдады.

Қаулы

  1. Елтай ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілсін.

 

 

Жиналыс төрағасы                                                           О.Хасанов

 

Жиналыс хатшысы                                                          А.Көбенғалиева

 

 

Елтай ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының № 2 хаттамасы
Дата публикации
06 мая 2021