Индер ауданы бойынша 2021 жылдың I тоқсан қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы туралы мәліметі

 

Индер ауданы бойынша 2021 жылдың I тоқсан қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы туралы мәліметі

         Индер ауданы әкімі аппаратына келіп түскен өтініштердің барлығы  тіркеліп, бақылауға алынып, жауаптары мерзіміне берілуде. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің бұйрығына сәйкес іске қосылған «Айқын» жобасы арқылы арыздар бірыңғай электронды құжатайналым жүйесінде (ЭСЕДО) «азаматтардың өтініштері модулінде» тіркеледі.

2021 жылдың I тоқсан қортындысы бойынша аудан әкімінің атына барлығы 195 өтініш түскен. Оның ішінде жеке тұлғалардан - 173, заңды тұлғалардан -21  сондай-ақ 1-шағым тіркелген.

         Оның ішінде, баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бойынша тұрғындардан 2021 жылдың І тоқсанына 26 өтініш түскен. Жұмысқа орналастыру мәселесімен 20 өтініш, кәсіпкерлік бағытта 5 өтініш тіркелген. Жер және жерді пайдалану бойынша 76 өтініш болып отыр. Атаулы әлеуметтік көмек мәселесі 10, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 5, жол мәселесі - 2, ауыл шаруашылығы саласы бойынша  -3, ономастика – 3, білім саласы – 5,  Басқада түрлі мәселелер бойынша –40 өтініш тіркелді.

Есепті кезеңде түскен 195 арыз - шағымдардың 24-і қанағаттандырылып, 171-не жазбаша түрде түсінік берілді.

Есепті кезеңде 5 рет аудан әкімінің жеке қабылдауы өткізіліп, барлығы - онлаин форматта. Қабылдауда  59 азаматтың жеке мәселесі қаралды. Ал, аудан әкімнінің орынбасарларымен 10 мәрте жеке қабылдау өткізіліп, онда                                13 азаматтың мәселесі тыңдалды. 

Қабылдау қорытындысы бойынша 70 адамға заңдылық негізде жазбаша түсінік беріліп, 17  адамның өтініші қанағаттандырылды. Сонымен қатар, есепті кезеңде «Ашық әкімдікте» аудан әкімімен және орынбасарлармен қабылданған тұрғындардың жалпы саны – 7. Сондай-ақ жалпы бөлім басшымен 3-тұрғынға түсінік берілді. Жалпы 64 тұрғынға «Ашық әкімдік» жобасымен түрлі қызметтер көрсетілді. Фронт-кеңседе сервистік әкімдік принципінде жұмыс жасайды, яғни азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастырады.

Аудан әкімдігі ғимаратында Фронт - кеңсе ашылғалы  80 - нен астам азаматтар әр түрлі мәселелері бойынша сұрақтарымен хабарласқан.

Кеңес беру және ақпараттық қызмет көрсету өтініш берушілерді                  фронт - кеңседе қабылдау барысында және  қоғамдық қабылдау бөлмесінің (871234-2-12-74) келіп түскен өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.

         Бұл бағыттағы жұмыстар алға қарай да жалғасатын болады.

 

 

Индер ауданы бойынша 2021 жылдың I тоқсан қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы туралы мәліметі
Дата публикации
29 апреля 2021