Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

  Индер аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның ағымдағы жылдың ақпан айында өткен кезекті отырысында Жамбыл орта мектебінің комиссияға ұсынған ұсынысы қаралды. Ұсыныста Есбол ауылы, Жамбыл орта мектебінің жанындағы интернатта білім алушы 9 сынып оқушысы елімізде  карантиндік шараларға байланысты интернат жабылғаннан кейін онлайн форматта оқуын жалғастырып келген. ІІІ тоқсаннан бастап 9-11 сынып оқушылары офлайн форматында оқуға көшкенде оқушы сабаққа қатыспаған. Мектеп интернат карантиндік шектеулерге сәйкес ашылмаған. Есбол ауылында оқушының тұрғылықты үйі жоқ. Аталған жайттарға байланысты оқушыны анасының қасынан Индербор кентіндегі мектепке ауыстыруға ықпал етуді сұраған.

  Комиссияда оқушының анасы Индербор кентінде уақытша мекен-жайға тіркелген жұмыссыз, күйеуінен ажырасқан, тұрақты баспанасы жоқ болғандықтан таныстарының үйінде тұрып жатырғандығы анықталды. Анасы баласын өз қолында тәрбилегісі келетіндігін алайда өзінің жұмыссыз болуына байланысты үй жалдап тұруға жағдайы жетпейдіндігін айтты. Комиссия жиналысының қорытындысымен оқушыны Индербор кентіндегі мектепке орналастырылып, анасы балабақша сыпырушысы ретінде жұмысқа орналасты. Сонымен қатар Индербор кенті әкімдігінің теңгеріміндегі жатақхананың бір бөлмесі уақытша тұруға берілді.

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Дата публикации
06 апреля 2021