2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекітуге ұсыну туралы

2020-2022 жылдарға арналған аудандық

 бюджетті бекітуге ұсыну туралы

 

  Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиiсiнше 1, 2 және
    3-қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2020 жылға келесідей көлемде бекiтiлсiн:

1) кірістер – 11 084 920  мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 847 613 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 22 800 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10 700 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 10 203 807  мың теңге;

2) шығындар –11 084 920 мың теңге;

3)  таза бюджеттік несиелендіру – 51 694 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік несиелер – 51 694 мың теңге;

бюджеттік несиелерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 51 694 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
- 51 694 мың теңге:

қарыздар түсімі – 51 694  мың  теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.   

  1. Аудан бюджетінде жалпы мемлекеттік салықтар түсімінің жалпы сома нормативі 2020 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:

корпоративтік табыс салығы бойынша – 30%;

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша– 100%;

әлеуметтік салық бойынша – 50%.

 

  1. Облыстық бюджеттен аудан бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемдері 2020 жылға 4 985 714 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.
  2. 2020 жылға азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер ескерілсін.
  3. 2020 жылға жергілікті атқарушы органдарының резерві 17 623 мың теңге сомасында бекітілсін.
  4. 2020 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға
    51 694 мың теңге сомасында бюджеттiк кредиттер көзделгенi ескерiлсiн.
  5. 2020 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен 4 843 291 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері көзделгенi ескерілсін.
  6. 2020 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен 374 802 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері көзделгенi ескерілсін.
  7. 2020 жылға арналған жергілікті бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi
    4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  8.       Ауданның 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті аудандық мәслихат сессиясына бекітуге ұсынылсын.
  1. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Өтеғұловқа жүктелсін.
  2.    Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа  енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                          М.Қалауи 

2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекітуге ұсыну туралы
Дата публикации
29 марта 2021