ХАТТАМА №9
Өрлік ауылы «28» желтоқсан 2020 жыл Мәдениет үйі
Сағат: 10:00
Жиынды ашып жүргізетін: округ әкімі С.Сисатов
2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасының жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 73-I бабына сәйкес 2019-2021 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетін жасақтап ауданның жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қарауына ұсыну үшін жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу қағидасы және тұрғындарды өкілдерінің сандық құрамына сәйкес бүгін Өрлік ауылдық округінің жиналысы өткізілді. Жиналысқа жергілікті қоғамдастық мүшелері шақырылды.
Ауылдың жалпы дауыс беруге құқығы бар қоғамдастық мүшелерінің саны 30 адам, жиынға келгендердің саны 19 адам.
Жиын заңды.
Сисатов Серік Ғабдығапарұлын қоғамдастық жиналысының төрағасы етіп сайлау ұсынылды.
Қандай ұсыныстар бар?
Басқа ұсыныстар бола ма? Жоқ.
Кім жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы ретінде сайлауға Сисатов Серік Ғабдығапарұлы үшін дауыс береді.
Дауыс берулеріңізді сұраймын.
«Қолдағандар» - 19 адам.
«Қарсы», «Қалыс» - жоқ.
Сисатов Серік Ғабдығапарұлы бірауыздан қабылданды.
Бас маман Қаженов Мұратбекті қоғамдастық жиналысының хатшысы етіп сайлау ұсынылды.
Қандай ұсыныстар бар?
Басқа ұсыныстар бола ма? Жоқ.
Кім жергілікті қоғамдастық жиналысының хатшысы ретінде сайлауға Қаженов Мұратбек үшін дауыс береді.
Дауыс берулеріңізді сұраймын.
«Қолдағандар» - 19 адам.
«Қарсы», «Қалыс» - жоқ.
Қаженов Мұратбек бірауыздан қабылданды
Сөз жиналыс төрағасы Сисатов Серік Ғабдығапарұлына беріледі.
Күн тәртібі:
«2021 жылға арналған Өрлік ауылдық округ бюджетін бекіту туралы».
Жұмыс жүргізудің келесі уақыт тәртібі ұсынылады:
Күн тәртібіндегі мәселе бойыша 10 минут.
Сөйлеушілерге 5 минут.
«Қолдағандар» - 19 адам
Қарсылық бар ма? Қабылданды.
«2021 жылға арналған Өрлік ауылдық округ бюджетін бекіту туралы».
Хабарламашы: Идрисова Токжан – Өрлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман есепшісі.
2021 жылға
Кірістер:
Жеке табыс салығы - 987,0 мың тенге
Мүлік салығы -37, 0 мың тенге
Жер салығы - 155,0 мың тенге
Көлік салығы - 3991, 0 мың тенге
Барлығы-5170, 0 мың тенге
Төмендегідей шығыстар бойынша қажетті қаражатқа ұсыныс беріледі :
Барлығы – 62176,0 мың теңге.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша
Шешім: 2021 жылға арналған Өрлік ауылдық округінің бюджеті жоғарыда көрсетілген қаражат көлеміне сәйкес бекітілсін.
«Қолдағандар» - 19 адам.
«Қарсы» - жоқ.
«Қалыс» - жоқ.
Ұсыныс, ескертулер болған жоқ.
Жиын төрағасы С.Сисатов
Жиын хатшысы М.Қаженов