Елтай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиыны туралы хаттамасы №7

Елтай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиыны туралы

ХАТТАМАСЫ №7

 

Елтай ауылы                                                                           «28» желтоқсан  2020 жыл Өтетін орны: Мәдениет үйі

Уақыты:  сағ 10:00

 

Жиынды  ашып жүргізетін: округ әкімі  О.Хасанов

 

2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасының жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 73-I бабына сәйкес 2019-2021 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетін жасақтап ауданның жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қарауына ұсыну үшін жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу қағидасы және тұрғындарды өкілдерінің сандық құрамына сәйкес бүгін Елтай ауылдық округінің жиналысы өткізілді. Жиналысқа жергілікті қоғамдастық мүшелері шақырылды.

Ауылдың жалпы дауыс беруге құқығы бар қоғамдастық мүшелерінің саны  32 адам, жиынға келгендердің саны 21 адам.

Жиын заңды.

 Хасанов Олжас  қоғамдастық жиналысының төрағасы етіп сайлау ұсынылды.

Қандай  ұсыныстар бар? Жоқ

Басқа ұсыныстар бола ма? Жоқ.

Кім жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы ретінде сайлауға Хасанов Олжас   үшін дауыс береді?

Дауыс берулеріңізді сұраймын.

«Қолдағандар» -  21 адам.

«Қарсы», «Қалыс» - жоқ.

Хасанов Олжас   бірауыздан қабылданды.

 

Бас маман Көбенғалиева Ақбота қоғамдастық жиналысының хатшысы етіп сайлау ұсынылды.

Қандай ұсыныстар бар?  Жоқ

Басқа ұсыныстар бола ма? Жоқ.

Кім жергілікті қоғамдастық жиналысының хатшысы ретінде сайлауға Көбенғалиева Ақбота  үшін дауыс береді?

Дауыс берулеріңізді сұраймын.

«Қолдағандар» -  21 адам.

«Қарсы», «Қалыс» - жоқ.

Көбенғалиева Ақбота  бірауыздан қабылданды

    

   Сөз жиналыс төрағасы Хасанов Олжас Бейбітұлына  беріледі.

                                                         Күн тәртібі:

 

 «2021  жылға арналған  Елтай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы».

Жұмыс жүргізудің келесі уақыт тәртібі ұсынылады:

     Күн тәртібіндегі мәселе бойыша 10 минут.

     Сөйлеушілерге 5 минут.

«Қолдағандар» -  21 адам

Қарсылық бар ма? Жоқ. Қабылданды.

       «2021 жылға арналған  Елтай  ауылдық округінің  бюджетін бекіту туралы».

Хабарламашы: Жалиева Гульнара – Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі.

2021 жылға

Кірістер:

Жеке табыс салығы - 1020,0 мың тенге

Мүлік салығы -20,0 мың тенге

Жер салығы - 340,0 мың тенге

Көлік салығы - 4000,0 мың тенге

 

Барлығы-5380,0 мың тенге

 

Төмендегідей  шығыстар  бойынша  қажетті қаражатқа ұсыныс беріледі :

  1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 42 165,0 мың теңге.    
  2. Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету -300,0 мың теңге.
  3. Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау – 23 189,0 мың теңге.
  4. Елді мекендерде көшені жарықтандыру қызметі -7300,0 мың теңге.
  5. Елді мекендердің санитариялық тазалық жұмыстарын жүргізу -4 600,0 мың теңге.
  6. Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру -1080,0 мың теңге.
  7. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету, мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету- 1 043,0 мың теңге.
  8. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкін басқару - 200,0 мың теңге.

Барлығы – 79 877,0 мың теңге.

 

 

                                Күн тәртібіндегі мәселе бойынша

Шешім:  2021 жылға арналған Елтай ауылдық округінің бюджеті  жоғарыда көрсетілген қаражат көлеміне сәйкес бекітілсін.

«Қолдағандар» -  21 адам.

«Қарсы» - жоқ.

«Қалыс» - жоқ.

 

                              Ұсыныс, ескертулер болған жоқ.

 

 

Жиын төрағасы                                                                          О.Хасанов

 

Жиын хатшысы                                                                          А.Көбенғалиева                          

Елтай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиыны туралы хаттамасы №7
Дата публикации
10 февраля 2021