2016-2020 жылға дейінгі Индер ауданының аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есеп

 

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемеге

2-қосымша

Нысан

2016-2020 жылға дейінгі Индер ауданының аумақтарды  дамыту бағдарламасын іске  асыру туралы есеп

Есепті кезеңі ____2020 жыл___________

Бекітілген  2020 жылғы 25 қараша №-424-VІ аудандық мәслихаттың  шешімі__

Мемлекеттік орган Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі

  1. Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпарат

№

Атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

Қаржыландыру көзі

Бюджеттік бағдарламаның коды

Орындалуы туралы ақпарат

Базалық (бастапқы) мәні

жоспар

факт

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

І. Экономика бағыты

3.1.Өңірлік макроэкономика

1.Мақсат: Экономиканы тұрақты өсуін қамтамасыз ету

1.

Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны

%

МКБ есебі

АЭжҚБ, МКБ, кент және ауылдық округтер әкімдері

100,1

100,1

121,8

*

*

Жергілікті бюджеттің кірістер бойынша түсімі 2019 жылы 1070,6 млн.теңге болса, есепті жылы 1305,0 млн. теңге болып, 21,8 пайызға артты.

 Орындалды.

Іс-шаралар

1

Салықтар мен мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, салық базасының толық жиналуын қамтамасыз ету

*

Ақпарат

АЭжҚБ, кент және ауылдық округтер әкімдері

*

*

*

*

*

2020 жылдың қорытындысымен ауданның бюджетіне түскен түсімдер өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 235 млн.теңгеге немесе 21,8 пайызға артты. Өсім негізінен 101111 коды бойынша «Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы» - 25 563,4 мың теңге (2019 жыл қорытындысы  бойынша бірлік (разовый) тендер есебіне  сәйкес  ЖасылАймак ЖШС-гі 24.06.2020 ж   6984,2  мың  тенге төледі); 101201 коды «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» - 121 291,0 мың теңге; 103101 коды «Әлеуметтік салық» - 71 587,5 мың теңге (01.01.2020 жылдан бастап жергілікті органдардың  жалақылары өсуіне байланысты); 104101 коды «Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық» - 31 035,7мың теңге (АНУ КАЗТРАСНОЙЛ  АҚ-ң филиалы филиал  бойынша   мүлікке салынатын салық негізгі құралдарына   бағалау  есебі  бойынша 2020 жылдың қараша айында   қосымша салық декларация есебін тапсырып 35012,0  мың тенге  қосымша  төленді); 105434 коды «Қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы» - 377,8 мың теңге (Арақ өнімдеріне  рұқсат лицензия  үшін     түскен алым).

3.2. Өнеркәсіп және инвестициялар

2.Мақсат: Экономиканың әртараптандыру өсімін қамтамасыз ету

2.

Өндеу өнеркәсібіндегі өнеркәсіп өндірісінің индексі

%

Ресми статистикалық деректер

АКжТБ, округтер әкімдері

100,0

100,0

135,2

*

*

2020 жылдың қорытындысымен  аудан бойынша өнеркәсіптік өнімдердің өндірілген өнімі  2  941,0  млн. теңгені құрап, 2019 жылмен  салыстырғанда 809,0 млн.теңгеге артып отыр. Яғни  нақты көлем индексі 135,2%- ды құрады. Орындалды.

3.

Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі

Млн. теңге

Ресми статистикалық деректер

АКжТБ, округтер әкімдері

60,0

60,0

110,6

*

*

Облыстық Статистика басқармасының деректеріне сүйенсек 2020 жылдың қортындысымен негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8 132,0 млн.теңге оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 110,6 млн.теңгені құрады.

Орындалды.

Іс-шаралар

1.

Мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде өнеркәсіпті дамыту мәселелері жөніндегі жедел көмек

*

ЖАО ақпараты

АКжТБ

*

*

*

*

*

Аудан бойынша  ірі және орта кәсіпорындарға ай сайын мониторинг жүргізіліп отыр. Аудан бойынша 2021 жылдың 1 қаңтар жағдайына барлығы ШОБ саны-1977, оның ішінде ЖШС саны-107, ЖК саны-1544, ШҚ саны-326. Өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдар тарапынан көмек көрсетілуде.

 

2

«BIAS TECH» ЖШС – нің құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауытын қайта іске қосу

*

ЖАО ақпараты

АКжТБ

 

*

*

*

*

*

«Биас Тэк» ЖШС-і 2019 жылдың 23 мамырында «Ақтау Битумы» ЖШС-і атауымен қайта құрылып, қазіргі таңда құрғақ құрылыс қоспаларын өндіріп отыр. 2020 жылдың қортындысымен аталған өндіріс орны 3906,6 тонна өнім өндіріп, 60 адамды жұмыспен қамтып отыр.

3

"Ахмадияр" ЖШС -нің тазартылған ауыз суын өндіру цехын іске қосу

*

ЖАО ақпараты

АКжТБ, "Ахмадияр" ЖШС

*

*

*

*

*

"Ахмадияр" ЖШС -нің тазартылған ауыз суын өндіру цехы іске қосылды. 2018 жылы квас және лимонад шырынын өндіру бағытында 3900,0 мың теңге несие алып, 2019 жылы бұл мақсатта «Бизнестің жол картасы 2020 мемлекеттік бағдарламасы арқылы қайтарымсыз 1 млн 500 мың теңге көлемінде қаражат алып, құрал жабдықтар сатып алды, квас лимонад шырынын өндіріп отыр.

4

Инвестициялық форумдар, көрмелер, ауданда жаңа өнеркәсіп құруға ынтымақтастық туралы кәсіпкерлік-кездесу, инвестициялық климатты жақсарту, ақпараттық-жарнама мақалаларын жариялау, өңірге инвесторларды тарту бойынша бетшелер шығару

*

ЖАО ақпараты

АКжТБ

*

*

*

*

*

Инвесторларды шақыру мақсатында ауданның табиғи байлығы, өндіріс орындарын және т.б жерлері видео роликке түсіріліп, қысқа метражды ролик дайындалды. Бөлім жанынан инвесторлар кабинеті ашылып, кабинетке аудандағы ірі өндіріс орындарынан өндірілетін өнімдер туралы ақпаратты баннерлер дайындалуда. 2020 жылы елдегі карантиндік шараларға байланысты форумдар ұйымдастырылмады.

3.3. Агроөнеркәсіптік кешен

3.Мақсат:Агроөнеркәсіп кешені субъектісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау

4

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) нақты көлемінің индексі *

%

Ресми статистикалық деректер

АШБ,

 кент, ауылдық округтер әкімдері

104,0

104,0

104,5

*

*

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің көлемі 2020 жылдың қортындысымен 10 607,8 млн.теңгеге жетіп, 104,5 пайыз құрады.

Орындалды.

Іс – шара

1

Асыл тұқымды мал басының үлес салмағын өсіру

млн. теңге

ЖАО ақпараты

АШБ,    округтер әкімдері

7,0

7,0

7,0

БК

*

Аудан бойынша 17 шаруашылық құрылымдары 32 бас асыл тұқымды аталық ІМҚ малдарын сатып алып, 2015 бас аналық ІМҚ малдары тұқымдық түрлендіру жұмыстарына қатынасуда. Ауданда 20 372 бас ІМҚ мал басы болса, оның ішінде 16 624 басы аналық мал басы.

2

Мал азығымен қамтамасыз  ететін облыстың өзге өңірлерімен тұрақты байланыс жасау

млн.

теңге

ЖАО ақпараты

АШБ,    округтер әкімдері

40,0

40,0

46,0

БК

*

Мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында, қөршілес Қызылқоға ауданы  және Батыс Қазақстан облысындағы аудандарымен тұрақты байланыс жасалынып келеді.

3

Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру үшін субсидиялауды жүзеге асыру

Млн.

теңге

ЖАО ақпараты

АШБ,    округтер әкімдері

15,6

15,6

15,7

ЖБ

255053000

Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру үшін субсидиялауды жүзеге асыру бағытында «Алға – 1» шаруа қожалығы айналысып келеді. 2019жылы «Алға – 1» шаруа қожалығына шұбат, қымыз өндіргені үшін 11 780,0 мың теңгенің субсидиясы берілсе, 2020 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында 15 677,6 мың теңгенің субсидиясы берілді.

4

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін субсидиялауды жүзеге асыру

Млн.

теңге

ЖАО ақпараты

АШБ,    округтер әкімдері

20,8

20,8

25,8

ЖБ

255053000

2019 жылы аудан бойынша 24 шаруа қожалықтарына (сиыр, қой) аналық мал басын асылдандыру және асыл тұқымды аталық малды сатып алып, түрлендіру жұмыстарын жүргізгенге мемлекет тарапынан барлығы 24 640,0 мың теңгеге субсидия берілсе, есепті жылы 24 шаруашылық құрылымдарына бұл бағытта 28 810,0 мың теңгеге субсидия берілді.

5

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында инвестициялық жобалар еңгізу

Млн.

теңге

ЖАО ақпараты

АШБ,    округтер әкімдері

220,0

220,0

521,0

БК

*

2019 жылдың  қорытындысымен ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 216,0 млн теңгенің инвестициялары тартылса, есепті жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар 521,0 млн теңгені құрады.Нақты көлем индексі 105,0 пайызға орындалды.

3.4. Шағын және орта бизнес

4.Мақсат. Шағын және орта кәсіпкерліктің субьектілерін қолдау және дамыту

5.

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі

%

Ресми статистикалық деректер

АКжТБ, кент, ауылдық округтер әкімдері

88,0

88,0

90,3

*

*

2020 жылдың қорытындысымен  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 1977 болса, оның 90,3%, яғни 1785-і белсенді субъектілер.

Орындалды.

Іс шара

1.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету, сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытуды насихаттау

*

ЖАО ақпараты

АКжТБ, округ әкімдері, кәсіпкерлер палатасының филиалы

*

*

*

*

*

Кәсіпкерлерге қаржы институттары арқылы несие алу және жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында 2020 жылы елдегі карантиндік ахуалға байланысты онлайн турде 3 рет бөлімнің әлеуметтік желісі арқылы түсінік жұмыстары өткізілді. Сонымен қатар кәсіпкерлік саласының мәселелері бойынша кәсіпкерлік палатасының Индер аудандық филиалына барлығы 178 адамға мемлекеттік бағдарламалар арқылы 380 кеңес берілді. Бизнес мектеп оқуы бойынша ауданда 33 адам оқып,оның 4 адамы Бизнестің жол картасы бойынша төмен пайызда 26 млн.теңгеге несие алды. «Бастау-Бизнес» оқыту курсын 2020 жылы 150 адам оқып сертефикаттарын алса 87 адам 48 млн 337 мың 200 теңге мемлекеттік грантқа ие болды. Сонымен қоса 2020 жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мемлекеттік грантты 3 жоба барлығы 6 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз қаражат иеленді.

2

Ауыл кәсіпкерлерін жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету.

*

ЖАО ақпараты

АКжТБ, округ әкімдері, кәсіпкерлер палатасының филиалы

*

*

710,1

РБ, ЖБ

РБ (082,

005, 069,

10);

ЖБ (9).

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы барлығы 69 жоба 710 млн. 117 мың теңге көлемінде несиемен қаржыландырылды. («Ауылдық жерлерді шағын несиелендіру» бағдарламасы бойынша 11 жоба 84 млн. 401 мың теңге, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы 26 жоба 122 млн. теңге және «Индер АКО» несие серіктестігі арқылы 3 жоба 15 млн. теңге, «Атырау-Болашақ» несие серіктестігі арқылы 12 жоба 76 млн 900 мың теңге, Қайтарылған қаражат есебінен 10 жоба 49 млн теңге, «Агро-Бизнес» дағдарламасымен 4 жоба 93 млн. 660 мың теңге, «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 1 жоба 8 млн.800 мың теңге, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы субсидияға 2 жоба 260 млн. 356 мың. теңге).

ІІ. Әлеуметтік сала

3.5. Білім беру

5.Мақсат: Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру қызметтерін көрсету сапасын арттыру  

6

Жұмыс істеп тұрған апаттық және үш ауысымдық мектептердің саны

бірлік

 «Құрылыс консалтинг» АҚ Ұлттық орталығының қорытындысы бойынша

АББ, АҚБ, округ әкімдері

1/0

1/0

1/0

*

*

Есбол ауылындағы Қ.Есқалиев атындағы орта мектеп "Техэксперт-Эко" ЖШС-нің №00266  2017 жылдың 12 ақпанында берген  қорытындысы негізінде апаттық  жағдайдағы мектеп деп танылды. 320 орындық жаңа мектеп салу үшін ЖСҚ жасақталып, сараптамаға жолданды. Сараптама оң нәтиже берді. Қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы ағымдағы жылдың 7 қаңтар күні жарияланды.Үш ауысымдық мектеп жоқ.

Орындалды.

 

7

Балаларды

(3-6 жас)  мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту)

%

Білім беру ұйымдарының есебі

АББ, округтер әкімдері

100

100

100

*

*

Аудан бойынша 3-6 жастағы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен қамту  1848 бала бар, барлық бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, көрсеткіш 100 пайызды құрап отыр.

Орындалды.

Іс шара

1

Индер ауданы Индер кенті Көктем орта мектебінен 80 орындық жапсаржай құрылысын бастау

млн. теңге

қабылдау актісі

АҚБ

100,0

100,0

100,0

ЖБ

467024015

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау" бағдарламасы бойынша 100,0 млн теңге бөлініп, қаржы толықтай игерілді. Жапсаржай құрылысын салу жұмыстары 2020 жылдың тамыз айында аяқталғанымен, пайдалануға берілмеді. 

2

Индербор кентіндегі шығармашылық орталығының ғимаратын күрделі жөндеу

млн. теңге

қабылдау актісі

Облыстық құрылыс басқармасы

68,1

 

7,6

68,1

 

7,6

59,3

 

6,6

РБ

 

ЖБ

471077011

 

471077028

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының үнемделген қаржысы мемлекеттік сатып алу заңы бойынша бюджетке қайтарылды.

3.6.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

6. Мақсат: Жұмыспен қамтудың және азаматтарға әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету

8

Жұмыссыздық деңгейі

%

Ресми статистикалық деректер

АЖҚӘБжХАТБ, кент және ауылдық округтер әкімдері

5,0

 

 

*

*

2020 жылдың қорытындысымен статисткалық деректемелер шықпауынан жұмыссыздық деңгейін анықтауға мүмкіндік болмай отыр.

9

Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішіндегі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар үлесі

%

ЖАО ведомствалық  есебі

АЖҚӘБжХАТБ,

кент және ауылдық округтер әкімдері

19,5

19,5

21,0

*

*

Аудан бойынша 2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылар саны 1878 адамды құраса, оның ішінде еңбекке жарамды адамдардың саны 394 болып, атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі 21,0% құрап отыр, жоспар 1,5 % артық орындалды.

Орындалды.

10

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің ішінен жұмысқа орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдардың үлесі

%

ЖАО ведомствалық  есебі

АЖҚӘБжХАТБ,

 кент және ауылдық округтер әкімдері

90,0

90,0

117,2

 

 

2020 жылы аудандық жұмыспен қамту орталығына  58 мүмкіндігі шектеулі адам жүгініп, қорытындысында 68 адамдарды жұмысқа орналастыру шаралары алынды. Яғни, 2020 жылға көрсеткіш орындалысы 27,2% -ы құрап отыр.

Орындалды.

Іс-шара

1

Жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде мониторинг жүргізу

мониторинг

ЖАО ақпараты

АЖҚӘБжХАТБ,

кент және ауылдық округтер әкімдері

*

*

*

*

*

Индербор кенті және ауылдық округтерден ай сайын жаңа жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер алынып, жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде мониторинг  жүргізілді. 2020 жылы 2571 жаңа жұмыс орны ашылып, 2019 жылмен салыстырғанда (1093) 235,2 пайызға орындалды. 2020 жылы «Жұмыспен қамту Жол картасы 2020-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы шеңберінде ауданда 10 жоба іске асырылып, 1753 жаңа жұмыс орындары пайда болу себебімен көрсеткіште едеуір өсім болып отыр.

2

Бос жұмыс орындарының  жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу.

бірлік

ЖАО ақпараты

АЖҚӘБжХАТБ,

 кент және ауылдық округтер әкімдері

*

*

*

*

*

2020 жылы аудан бойынша 4 рет бос жұмыс орындарына жәрмеңкесі  өткізіліп, жәрмеңкеге қатынасқан 440 адамның  түйіндемелері жолданып, 378-і  тұрақты жұмыспен қамтылды.

3

Жұмыспен қамту мәселесі бойынша халыққа хабардар етуді арттыру

бірлік

ЖАО ақпараты

АЖҚӘБжХАТБ,

 кент және ауылдық округтер әкімдері

*

*

*

*

*

«Нәтижелі  жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын аудан тұрғындары арасында насихат жұмыстары жүргізілді. Аудандық «Дендер» үнқағазына  «281 бала кепілді төлеммен қамтылды», «Шалыс басқандар жұмыспен қамтылуда», «Жаңа жобалар жұмысын бастады», «Несиеден-несібеге», «Facebook» желісінің парақшасында «Ауданның ішкі жолдарына жөндеу жұмыстары қайта жаңғыртылуда»  атты  мақалалар жарияланып тікелей эфирлер өткізілді.

4

Еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес кәсіптер мен мамандықтары бойынша жұмыссыздарды кәсіби оқыту жүйесін одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Млн. теңге

ЖАО ақпараты

АЖҚӘБжХАТБ,

кент және ауылдық округтер әкімдері

 

8,9

 

8,9

8,9

ЖБ

 

Бағдарламамен қамту жоспары 1997 адам болса, қамтылғандардың саны 1389 болып, қамтылғандардың үлесі 69% құрайды. Аталған бағдарлама арқылы «Бастау-Бизнес» жобасымен жұмыссыздарды кәсіпкерлікке оқыту, қосымша мамандық алу үшін – 150 адам оқытуға жолданды. ЖК «Аралова», «Союз Альбион» оқыту орталықтары, Энергетика және құрылыс колледжі, Индер көпбейінді ауыл шаруашылық колледжіне мамандықтар алуға қысқа мерзімді оқуға – 71 жұмыссыз жолданды. Өз кәсібін ашуға 51 адам – 262,9 млн теңге көлемінде шағын несие алды. 139 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен, 83 жас маман жастар тәжірибесіне, 503 жұмыссыз азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға жолдама алды. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында қатысушыларына жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант 87 адамға 48,3 млн теңге көлемінде қаражат берілді.

5

Жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, соның ішінде нысаналы топтарды жұмыспен қамту

бірлік

ЖАО ақпараты

АЖҚӘБжХАТБ,

кент және ауылдық округтер әкімдері

*

*

*

*

*

2020 жылы жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыздар саны 2312 болса, жұмыспен қамтылғандардың саны 2226-ды құрады. Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру жоспары 2020 жылы 78 адамды құраса, жыл қорытындысымен 83 адам жұмыспен қамту шаралары алынып, 44 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Аудандық ішкі істер бөлімі және пробация есебінде тұрғандарды жұмысқа орналастыру бағытында 12 тұрақты жұмысқа орналасса (о.і. квота арқылы 3 адам), 3 адам қайтарымсыз грант алып өз кәсібін ашты.

3.7.Мәдениет

7. мақсат. Отандық мәдениет пен өнерді дамыту

11.

Мәдениет ұйымдарына 1000 адамға шаққандағы келушiлердiң орташа саны:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.

кiтапханаға келушiлер

адам

 

АМТДДШжСБ есебі

 

 

 

АМТДДШжСБ, округтер әкімдері

196,3

196,3

223,2

*

*

2020 жылы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі 13 кітапхана бөлімшелерінде 411 офлайн, 466 онлайн шара өтіп, көрермен саны 5194, кітап берілімі  - 115519 дана, кітапханаға келушілер саны-37835 адам, кітап қоры-214165  оқырмандар саны 7193 адам. Аудан бойынша 1желтоқсанға халық саны (стат. бойынша) 32217 адам құрайды, оны 1000 адамға шаққандағы  келушілердің орташа саны  223,2 адам. 

Орындалды.

2.

 

 

 

 

мұражайға келушiлер

адам

 

 

Аудандық мұражайдың есебі

 

Аудандық  мұражай

97,8

97,8

117,9

*

*

Ауданда облыстық  тарихи-өлкетану  мұражайына қарасты  аудандық  мұражай, Махамбет атындағы орта мектептің базасынан  ашылған Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Махамбет Өтемісұлының әдеби мемориалдық мұражайы, Көктоғай ауылындағы Б.Нысанбаев мектебінен ашылған Б.Нысанбаев атындағы әскери-даңқ мұражайы  және Елтай  ауылдық  мұражайы, Қарой жазығындағы Махамбет Өтемісұлы тарихи-қорығы халыққа қызмет етеді. Аудандық мұражайда- 5024 жәдігер қойылған,  өткен көрмелер саны-4, лекция-4,  Барлық мұражайға келушілердің саны- 3800 адам. Аудан бойынша                       1 желтоқсанға халық саны 32217 адам құрайды, оны 1000 адамға шаққандағы  келушілердің орташа саны 117,9 адам.

 Орындалды.

Іс-шара

1

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

3.8. Денешынықтыру және спорт

8. мақсат. Дене шынықтыру және спортты дамыту

12.

Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі

%

ЖАО ведомствалық  есебі

АМТДДШжСБ

9,2

9,2

21,0

*

*

Аудан бойынша 2 спорт кешені, 16 спорт зал, 1 атқыштар тирі, 16 ашық алаң,  14 жасанды футбол алаңдары халыққа қызмет көрсетеді.

Орындалды.

Іс-шара

1

Жарсуат ауылынан спорт кешенінің құрылысын салу

Млн. теңге

Қабылдау актісі

АҚБ

260,4

260,4

260,4

РБ

467079011

Спорт кешенінің жұмысы жалғасуда. 2021 жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

2

Атырау облысы Индер ауданындағы 4 орта мектепке спорт алаңдарының құрылысын жүргізуге ЖСҚ жасақтау

Млн. теңге

ақпарат

АҚБ

0,8

0,8

0,8

ЖБ

467024015

С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ш.Уәлиханов, Көктем орта мектептерінің спорт алаңдарының жобалау сметалық құжаттарына2019-2020 жылдары  3,2 млн. теңге бөлініп игерілді.

3

Индербор кенті, Тайсоған көшесіндегі жаңадан балалар ойын алаңын салу

Млн. теңге

Қабылдау актісі

АҚБ

21

21

21

ЖБ

467008015

Тайсойған көшесіндегі спорт алаңының жұмысына 21,0 млн. теңге бөлініп, жұмысы  90 пайызға орындалды. Келісім-шарт негізінде 2021 жылы пайдалануға беру жоспарлануда

Жалпы жобаның құны 36 млн. тенге.

 

Индербор кентіндегі Ш.Уәлиханов о/м спорт алаңының құрылысы

Млн. теңге

Қабылдау актісі

АҚБ

100

100

100

ЖБ

467008015

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің спорт алаңының құрылысына 100 млн. теңге бөлініп 80 пайызға жұмысы орындалған. Келісім шарт негізінде бұл жоба   2021 жылы пайдалануға беріледі.

Жалпы бөлінген қаржы 136 112 млн тенге.

3.9.Туризм

9. мақсат. Аса тиімді бәсекеге қабілетті сервис жүйесі дамыған туристік индустрияны құру

13.

Өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілер санының ұлғаюы

%

Статистикалық ақпарат

АКжТБ

63,5

63,5

89,1

*

*

Облыстық Статистика басқармасының деректеріне сүйенсек 2020 жылдың ІІІ тоқсан қортындысымен ауданда барлығы 6 қонақ үй тіркелсе, ондағы қызмет көрсетілген келушілер саны 1162 адам немесе  89,1% -ды құрады.

Орындалды.

Іс-шара

1.

Ішкі туризм бойынша өткізетін шаралардың санын арттыру

*

Ақпарат

АКжТБ

*

*

*

*

*

2020 жылдың шілде айында тұзды көл жағалауынан ауданға келген туристерге қажетті жағдай жасау мақсатында ЖК " Тлегенова" Тұзды көл басынан туристерге арнап 2 киіз үй тұрғызып, келген туристерге қызмет көрсетті.

2.

Бұқаралық ақпарат құралдарына ауданның көрікті жерлерін кеңінен насихаттау.

*

Ақпарат

АКжТБ

*

*

*

*

*

Аудандық «Дендер» қоғамдық саяси газетіне ауданның табиғи байлығының бірі тұзды көл туралы мақала жарияланды.

3.10.Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

10.Мақсат: Қоғамдық тәртіпті нығайту, алдын-алуды ұйымдастыру мен табиғат апаттары мен аварияларды жою

14.

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы

%

АПБ

есебі

АПБ, округтер әкімдері

11,2

11,2

9,7

*

*

Есепті жылы жалпы қылмыс саны 82, оның ішінде, көшелерде жасалған қылмыстардың саны-8.

Орындалды.

15.

Жасөспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы

%

АПБ

есебі

АПБ, округтер әкімдері

2,6

2,6

1,2

*

*

Есепті жылы жалпы қылмыс саны 82, оның ішінде жасөспірімдермен жасаған қылмыс-1 жағдай.

Орындалды.

16.

Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі

%

ИАТЖБ, МҚжТЖБ есебі

ИАТЖБ, МҚжТЖБ

50

50

50

*

*

Ауданда 2 өрт сөндіру бекеті халыққа қызмет етеді. Жалпы ауданға қосымша Жарсуат ауылынан қосымша 1 өрт сөндіру бекетін салу үшін жобалау-сметалық қужаттары жасақталды.

Орындалды.

Іс шара

1

Қоғамдық орындар мен көшелердегі құқықтық тәртіпті қадағалау

*

ақпарат

АІІБ

*                           

*

*

*

*

Аудан аумағында көшелердегі қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және болдырмау мақсатында, Индербор кентінің көшелеріне бейнекамералар орнату жөнінде және қоғамдық орындар мен көшелерге және аудандағы кафе, асхана, мейрамхана, дүкендердер, шаштараздар, сұлулық салондары, көлік жуу орындары және осыған ұқсас басқа да қызмет көрсету нысандарының терезелерін темір торлармен, бейнекамералармен, дабыл қаққыштармен және дабыл қаққыштарды орнату жөнінде аудандық  маслихатқа 2020 жылдың 07-маусымында шығыс №5-1-93-230 санымен ұсыныстар жолданды.

2

Жедел профилактикалық іс-шараларды өткізу

*

ақпарат

АІІБ

*                           

*

*

*

*

Есепті жылы аудан көлемінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртіп», «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Жасөспірім», «Тұрмыс», «Локалды іс-шара», «Учаске», «Бекіре-2019», «Браконьер», «Түнгі қаладағы жасөспірім», «Тұрмыс және жасөспірім», «Қару», «Альтернативник», «Нелегал» және т.б. жедел алдын алу мен аудан көлемінде локалды іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Сонымен қатар, өткізілген «құқықтық тәртіп», «Қауіпсіз жол», «Аумақтық», «Тұрмыс», «Есеп», «Түңгі қаладағы балалар» «Отбасындағы зорлы-зомбылыққа жол жоқ» және т.б ЖПІШ кезінде Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі қызметкерлерімен жұмыстар атқарылды. 2020 жылдың  12 айында Индер АПБ ЖПҚ бөлімшесімен 2 азамат әкімшілік қадағалау орнатылған тұлға ретінде есепке алынса, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласында құқық бұзғаны үшін  77 құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, сот қаулысымен мінез-құлқына ерекше талаптар орнатылған 21 азамат, әкімшілік қадағалауға формальды түсетіндер ретінде 14 азамат, спирттік ішімдікті теріс пайдаланатындар санатымен 48 маскүнем есепке алынды және маскүнемдікпен, нашақорлық пен уытқұмарлықтан зардап шегетін ерікті түрде емдеуден және олардың әлеуметтік медициналық оңалтудан жалтаратын адамдарды мамандандырылған профилактикалық-емдеу мекемелеріне мәжбүрлеп 5 маскүнем жіберілді.

3

Криминогендык жағдайда полиция қызметін күшейту

*

ақпарат

АІІБ

*                           

*

*

*

*

Криминогендік жағдайда полиция қызметін күшейту бағытында электронды түрдегі хаттамаларды толтыру үшін 27 планшеттері мен 22 портатипті бейне камераларымен қамтамасыз етілді.

ІІІ бағыт: Инфрақұрылым

3.11. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

11 мақсат. Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету

17.

Бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету

бір адамға шаққандағы ш.м.

ЖАО ақпараты

АТКШЖКАЖБжТҮИБ

18,0

18,0

18,7

*

*

2020 жылы аудандағы жалпы тұрғын үй қоры: 603735,5 мың шаршы метр. Халық саны  32217. Бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз ету үлесі: 18,7 ш.м. құрап отыр. Орындалды       

Іс-шара

1.

Индербор кентінен 5 қатарлы 80 пәтерлік тұрғын үй құрылысы

млн. теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АҚБ

318,0

318,0

318,0

РБ

467003011

Индербор кентінен 5 қатарлы 80 пәтерлік тұрғын үй құрылысы  2021 жылы жылы аяқталады деп күтілуде

2.

Индербор кентінен 5 қатарлы 80 пәтерлік тұрғын үй құрылысы

млн. теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АҚБ

348,2

348,2

348,2

РБ

467003011

Индербор кентінен 5 қатарлы 80 пәтерлік тұрғын үй құрылысы  2021 жылы жылы аяқталады деп күтілуде

3.

Индер ауданы Индербор поселкесінен 4 қатарлы 48 пәтерлік 4 тұрғын үй құрылысы

млн. теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АҚБ

458,6

458,6

458,6

РБ

467003011

Индер ауданы Индербор поселкесінен 4 қатарлы 48 пәтерлік 4 тұрғын үй құрылысы 2021 жылы жылы аяқталады деп күтілуде

4.

Индербор кенті Көктем ы/а №11 уч. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (жылумен қамту)

млн. теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АҚБ

270,1

270,1

270,1

РБ

467003011

Индербор кенті Көктем ы/а №11 уч. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (жылумен қамту)  2021 жылы жылы аяқталады деп күтілуде

5.

Индербор кенті Көктем ы/а №11 уч. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (сумен қамту)

млн. теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АҚБ

48,6

48,6

48,6

РБ

467003011

Индербор кенті Көктем ы/а №11 уч. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (сумен қамту) 2020 жылы аяқталды

6.

Индербор кенті Көктем ы/а №11 уч. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (кәріз)

млн. теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АҚБ

43,4

43,4

43,4

РБ

467003011

Индербор кенті Көктем ы/а №11 уч. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (кәріз) 2020 жылы аяқталды

7.

Индербор кенті Көктем ы/а №11 уч. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдары)

млн. теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АҚБ

356,4

356,4

356,4

РБ

467003011

Индербор кенті Көктем ы/а №11 уч. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдары) 2021 жылы жылы аяқталады деп күтілуде

8.

Индербор кенті Көктем ы/а №11 уч. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (Электр жүйесі)

млн. теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АҚБ

465,4

465,4

465,4

РБ

467003011

Индербор кенті Көктем ы/а №11 уч. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (Электр жүйесі) 2020 жылы аяқталды

9.

Индербор кенті Көктем ы/а №11 уч. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (газ)

млн. теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АҚБ

159,0

159,0

159,0

РБ

467003011

Индербор кенті Көктем ы/а №11 уч. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (газ)  2021 жылы жылы аяқталады деп күтілуде

10.

Индер ауданы, Аққала а. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (газ)

млн. теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АҚБ

46,8

46,8

46,8

РБ

467003011

Индер ауданы, Аққала а. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (газ)  2020 жылы аяқталды

11.

Индер ауданы, Бөдене а. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (газ)

млн. теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АҚБ

30,4

30,4

30,4

РБ

467003011

Индер ауданы, Бөдене а. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (газ) 2020 жылы аяқталды

12.

Индер ауданы, Елтай а. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (газ)

млн. теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АҚБ

50,3

50,3

50,3

РБ

467003011

Индер ауданы, Елтай а. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (газ) 2020 жылы аяқталды

13.

Индер ауданы, Есбол а. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (газ)

млн. теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АҚБ

45,2

45,2

45,2

РБ

467003011

Индер ауданы, Есбол а. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (газ) 2020 жылы аяқталды

14.

Индер ауданы, Жарсуат а. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (газ)

млн. теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АҚБ

17,0

17,0

17,0

РБ

467003011

Индер ауданы, Жарсуат а. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (газ) 2020 жылы аяқталды

15.

Индер ауданы, Өрлік а. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (газ)

млн. теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АҚБ

31,2

31,2

31,2

РБ

467003011

Индер ауданы, Өрлік а. инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (газ) 2020 жылы аяқталды

12.мақсат Тұтынушыларды сапалы және сенімді коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету

18.

Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілу

%

ЖАО ақпараты

АТКШЖКАЖБжТҮИБ

100

100

100

*

*

Ауданның ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілу деңгейі 100 пайызды құрады.

Орындалды.

Іс-шара

 

1

Индер ауданы Жарсуат ауылындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (Су жүйесі)

млн. теңге

Мемлекеттік қабылдау актісі

АТКШЖКАЖБжТҮИБ

2,9

2,9

2,9

ЖБ

467004015

Индер ауданы Жарсуат ауылындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы 2019 жылы басталып, 2020 жылы аяқталды.

 

2

Индер ауданы Бөдене ауылындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы(Су жүйесі)

млн. теңге

Мемлекеттік қабылдау актісі

АТКШЖКАЖБжТҮИБ

5,3

5,3

5,3

ЖБ

467004015

Индер ауданы Бөдене ауылындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы 2019 жылы басталып, 2020 жылы аяқталды.

 

3

Индер ауданы Елтай ауылындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы(Су жүйесі)

млн. теңге

Мемлекеттік қабылдау актісі

АТКШЖКАЖБжТҮИБ

10,2

10,2

10,2

ЖБ

467004015

Индер ауданы Елтай ауылындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы 2019 жылы басталып, 2020 жылы аяқталды.

 

 

4

Индер ауданы Есбол ауылындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы(Су жүйесі)

млн. теңге

Мемлекеттік қабылдау актісі

АТКШЖКАЖБжТҮИБ

7,3

7,3

7,3

ЖБ

467004015

Индер ауданы Есбол ауылындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы 2019 жылы басталып, 2020 жылы аяқталды.

 

5

Индер ауданы Өрлік ауылындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы(Су жүйесі)

млн. теңге

Мемлекеттік қабылдау актісі

АТКШЖКАЖБжТҮИБ

5,4

5,4

5,4

ЖБ

467004015

Индер ауданы Өрлік ауылындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы 2019 жылы басталып, 2020 жылы аяқталды.

 

6

Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор ауылында қуаттылығы тәулігіне 1800 м3 су тазартқыш құрылыс кешенін күрделі жөндеу

млн. теңге

Мемлекеттік қабылдау актісі

АТКШЖКАЖБжТҮИБ

53,8

53,8

53,8

ЖБ

492012015

Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор ауылында қуаттылығы тәулігіне 1800 м3 су тазартқыш құрылыс кешенін күрделі жөндеу жұмыстары 2020 жылы аяқталды

85,4

85,4

85,4

РБ

492079011

Жолдар және көлік

13. Мақсат. Автомобиль жолдарын және көлік инфрақұрылымын дамыту

19.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі

%

 

ЖАО ақпараты

АТКШЖКжАЖБ, АТҮИ

56,5

56,5

56,5

*

*

2020 жылы жергілікті автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 211,5 км. Оның 120,7 км асфальтталған.

 Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2019 жылдың қорытындысымен  56,5 пайызды құрап отыр.

Орындалды.

Іс шара

1

Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылының ауылішілік 20 км автокөлік жолын және жаяу жүргіншілер жолын күрделі жөндеу жұмыстары

      

 

     Млн.

 теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АТКШЖКжАЖБ, АТҮИ

947,8

947,8

947,8

ЖБ

492045000

Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылының ауылішілік 20 км автокөлік жолын және жаяу жүргіншілер жолын күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылдың наурыз айында басталып, жоба бойынша 2020 жылы аяқталды.

2

Ақтан және Қызылжар 3 км кірме жолдарын қайта жаңғырту

      

 

     Млн.

 теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АТКШЖКжАЖБ, АТҮИ

309,8

309,8

309,8

ЖБ

492045000

Атырау облысы Индер ауданы Ақтан және Қызылжар 3 км кірме жолдарын қайта жаңғырту 2020 жылы аяқталды.

 

3

Индербор кентішілік автомобиль және жаяу жүргіншілер жолын қайта жаңғырту (22 км )

      

 

     Млн.

 теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АТКШЖКжАЖБ, АТҮИ

2010,8

2010,8

2010,8

ЖБ

492045000

Индербор кентішілік автомобиль және жаяу жүргіншілер жолын қайта жаңғырту жұмыстары 2019 жылдың наурыз айында басталып, жоба бойынша 2020 жылы аяқталды.

4

Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай ауылына кірме ауылішілік 12,9 км автокөлік жолын және жаяу жүргіншілер жолын күрделі жөндеу

      

 

     Млн.

 теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АТКШЖКжАЖБ, АТҮИ

1074,8

1074,8

1074,8

ЖБ

492045000

Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай ауылына кірме ауылішілік 12,9 км автокөлік жолын және жаяу жүргіншілер жолын күрделі жөндеу жұмыстары 2020 жылы басталып, 2021 жылы аяқталады деп күтілуде

5

Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылының 12,5 км ауылішілік автокөлік жолын және жаяу жүргіншілер жолын күрделі жөндеу

      

 

     Млн.

 теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АТКШЖКжАЖБ, АТҮИ

1551,8

1551,8

1551,8

ЖБ

492045000

Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылының 12,5 км ауылішілік автокөлік жолын және жаяу жүргіншілер жолын күрделі жөндеу жұмыстары 2020 жылы басталып, 2021 жылы аяқталада деп күтілуде

6

Индербор кентіндегі автокөлік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын бастау

      

 

     Млн.

 теңге

мелекеттік қабылдау актісі

АТКШЖКжАЖБ, АТҮИ

мелекеттік қабылдау актісі

АТКШЖКжАЖБ, АТҮИ

387,9

387,9

387,9

ЖБ

492045000

Индербор кентіндегі автокөлік жолдарын орташа жөндеу жұмыстары 2020 жылы басталып, 2021 жылы аяқталада деп күтілуде

14.Мақсат.  Қоршаған орта сапасын жақсарту

20

Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі

%

ЖАО ақпараты

АТКШЖКжАЖБ, округтер әкімдері

18

18

18

*

*

Аудан бойынша  2020 жылы – 6612 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, 2812 тонна полигонға шығарылды. Полигонға шығарылған 2818 тонна ҚТҚ 507 тонна сұрыпталды, сғни 18 пайыз құралды.

Орындалды.

21

Экологиялық  талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан)

%

АТКШЖКжАЖБ деректері

АТКШЖКжАЖБ, округтер әкімдері

25,5

25,5

0

*

*

Индер ауданының аумағындағы 13 елді мекеннің 11-інде қоқыс алаңшалары (свалка) бар. Барлық алаңшаның жер актілері алынды.  Индербор кентіндегі қоқыс алаңшасының қоршау жұмыстарына сметалық құжаттама жасақталды. Алайда, аталған алаңшарларда қоршаған ортаға эмиссия рұқсаты жоқ (Индербор кенті бойынша алынған эмиссияның 13.03 2015 ж. №KZ88VCZ00025191 рұқсатының мерзімі 2019 жылы бітті).

Елді-мекендерде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын алаңшарларды қоршау үшін 2020 жылдың 14 ақпанында Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына (№05-07-01-14/282 санды), 2020 жылдың 25 ақпанында Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына (№05-07-01-14/357 санды), 2020 жылдың 25 ақпанында Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына (№05-07-01-14/360 санды) хаттармен бюджеттік өтінімдер жолданған болатын.

Алайда, бүгінгі күнге бюджеттік өтінімдер оңтайлы шешімін таппай отыр.

Осыған орай, 2020 жылы «Экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі» индикаторына қол жеткізу мүмкін болмады.

Орындалмаған.

 

Іс шара

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

                           

 

 

 

 

 

 

  1. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау

Нысаналы индикатордың/нәтиже көрсеткішінің атауы

Бірлесіп орындаушы

Өзара іс-қимылды талдау

1

2

3

Өңірлік макроэкономика

Жергіліті бюджетке салықтық, салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны

Аудандық экономика және қаржы бөлімі, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, кент және ауылдық округтер әкімдері

Жергілікті бюджеттің кірістер бойынша түсімі 2019 жылы 1070,6 млн.теңге болса, есепті жылы 1305,0 млн. теңге болып, 21,8 пайызға артты.

Өнеркәсіп

Өндеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі

Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, кент, ауылдық округтер әкімдері

2020 жылдың қортындысымен  аудан бойынша өнеркәсіптік өнімдердің өндірілген өнімі  2  941,0  млн. теңгені құрап, 2019 жылмен  салыстырғанда  375,0 млн.теңгеге артып отыр. Яғни  нақты көлем индексі 135,2%- ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі

Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, кент, ауылдық округтер әкімдері

Облыстық Статистика басқармасының деректеріне сүйенсек 2020 жылдың қортындысымен негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8 132,0 млн.теңге оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 110,6 млн.теңгені құрады.

Агроөнеркәсіптік кешені

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) нақты көлемінің индексі

Аудандық статистика басқармасы, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, шаруашылық құрылымдары, кент және ауылдық округтер.

Аудандық статистика басқармасына шаруашылық құрылымдар ай сайын есептерді уақытылы тапсыру, тұрақты талдау және мониторинг жүргізу.

 

Шағын және орта бизнес

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі

Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, кент, ауылдық округтер әкімдері

2020 жылдың қорытындысымен  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 1977 болса, оның 90,3%, яғни 1785-і белсенді субъектілер.

Білім беру

Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық

мектептер саны

Аудандық білім бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі

Есбол ауылындағы Қ.Есқалиев атындағы орта мектеп "Техэксперт-Эко" ЖШС-нің №00266  2017 жылдың 12 ақпанында берген  қорытындысы негізінде апаттық  жағдайдағы мектеп деп танылды. 320 орындық жаңа мектеп салу үшін ЖСҚ жасақталып, сараптамаға жолданды. Сараптама оң нәтиже берді. Қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы ағымдағы жылдың 7 қаңтар күні жарияланды.Үш ауысымдық мектеп жоқ.

Балаларды  (3-6 жас)  мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

Аудандық білім бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

Аудан бойынша 3-6 жастағы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен қамту  1848 бала бар, барлық бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, көрсеткіш 100 пайызды құрап отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Жұмыссыздық деңгейі

Кент және ауылдық округтер әкімдері және аудандық жұмыспен қамту орталығы

2020 жылдың қорытындысымен статисткалық деректемелер шықпауынан жұмыссыздық деңгейін анықтауға мүмкіндік болмай отыр.

Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішіндегі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар үлесі

Кент және ауылдық округтер әкімдері және аудандық жұмыспен қамту орталығы

2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылар саны 1878 адамды құраса, оның ішінде еңбекке жарамды адамдардың саны 394 болды. Атап айтқанда, тұрақты жұмысқа орнласқандар 44 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа орнласқандар 38, әлеуметтік жұмыстарға 4 адам, кәсіби оқытуға жолданғандар 8 адам, бала күтімінде 151 адам және басқа да шаралармен қамтылғандар 34 адам.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің ішінен жұмысқа орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдардың үлесі

Кент және ауылдық округтер әкімдері және аудандық жұмыспен қамту орталығы

Облыс, аудан көлеміндегі кәсіпорындар мен мекемелердің бос жұмыс орындарының сұраныстарына сай және өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде күрделі жөндеу жұмыстарына бөлім есебінде тұрған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру жұмыстары ұйымдастырылғандықтан түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді.

Мәдениет

Кітапханаға 1000 адамға шаққандағы  келушілердің орташа саны

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, жергілікті округ әкімдері

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 13 бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді. 2020 жылы жалпы оқырмандар саны 7193, кітап берілімі  - 115519 дана, кітапханаға келушілер саны-37835 адам, кітап қоры-214165 . Жыл ішінде мәдени көпшілік шара өткізуге 250,0 мың теңге бөлініп, оған 45 шара өткізілді.

 Мұражайға 1000 адамға шаққандағы келушілердің орташа саны

Мұражай, жергілікті округ әкімдері

Ауданда облыстық  тарихи-өлкетану  мұражайына қарасты  аудандық  мұражай, Махамбет атындағы орта мектептің базасынан  ашылған Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Махамбет Өтемісұлының әдеби мемориалдық мұражайы, Көктоғай ауылындағы Б.Нысанбаев мектебінен ашылған Б.Нысанбаев атындағы әскери-даңқ мұражайы  және Елтай  ауылдық  мұражайы, Қарой жазығындағы Махамбет Өтемісұлы тарихи-қорығы халыққа қызмет етеді. Барлық мұражайда- 5024 жәдігер қойылған,   өткен көрмелер саны-4, лекция-4,

Барлық мұражайға келушілердің саны- 3800 адам.

Спорт

Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі

Округ әкімдері, Аудандық білім бөлімі, Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі, аудандық орталық аурухана

«Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткізу» бағдарламасы бойынша аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі  2020 жылы 28 аудандық спорттық шара өткізілді.

Туризм

Өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілер санының ұлғаюы

Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, кент, ауылдық округтер әкімдері

Облыстық Статистика басқармасының деректеріне сүйенсек 2020 жылдың ІІІ тоқсан қортындысымен ауданда барлығы 6 қонақ үй тіркелсе, ондағы қызмет көрсетілген келушілер саны 1162 адам немесе  89,1% -ды құрады.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы

Көшелерде жасалатын қылмыс санын азайту мақсатында аудандық әкімдікпен, төтенше жағдайлар бөлімімен, ауыл шаруашылық бөлімімен, аудандық маслихатпен, аудандық білім беру ұйымдарымен, аудандық ауруханамен, облыстық денсаулық орталығымен, үкіметтік емес ұйымдармен және т.б мекемелермен жұмыстар атқарылады.

2020 жылдың 12 айында Индер ауданында тіркелген қылмыс саны 82 (2019 ж-64) + 28,1 пайызға өскен. Соның ішінде, көшеде жасалған қылмыстар 8 /2019 ж - 9/, яғни, -11,1 пайызға төмендеген.

        Аудан көлемінде қылмыс саны өскенімен, қоғамдық орындармен, көшелерде, алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде жасалған қылмыс саны, жасөспірімдермен жасалған қылмыс санынынң төмендегені байқалады.

       Қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстардың, ұрлық қылмыстары, соның ішінде мал ұрлығы қылмысының жолын кесу мақсатында қараусыз жүрген малдарды уақытша қамауға арналған арнайы орынын (загон) Индербор кенті, Көктоғай, Есбол ауылдық округтерінде ашуға ұсыныс беріліп, қазіргі уақытта Индербор кентінен бір орын белгіленді. Алайда, уақытша ұстау орны          Атырау облысы маслихатының №485 шешімінің талаптарына сай қарастырылмаған.    

        Сонымен қатар, Индербор кентінің көшелеріне бейнекамералар және кафе, асхана, мейрамхана, дүкендердер, шаштараздар, сұлулық салондары, көлік жуу орындары және осыған ұқсас басқа да қызмет көрсету нысандарының терезелерін темір торлармен, бейнекамералармен, дабыл қаққыштар орнатуға Индер ауданы және аудандық маслихатқа 2020 жылдың 07-маусымында шығыс №5-1-93-230 санымен ұсыныс жолданды.

        Сонымен қатар, 2020 жылдың 12 айында 23 /2019 ж- 25/ жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның ішінде, жарақат алғандар-27 /2019 ж- 58/ тұлға,  қаза тапқандар 8 /2019 ж- 11/ тіркелді.

Жасөспірімдердің қатынасуымен орын алған жол-көлік оқиғалары барлығы-2 /2019 ж-7/, оның ішінде жарақат алғандары-3 /2019 ж- 20./, қаза тапқандар 0 /2019 ж-1/ тіркелді.

        2019 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар төмендеуді көрсетеді.

Жол-көлік оқиғаларының басты себептері, жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асырып, жол ережелерін сақтамаудан орын алуда. Сондай-ақ, облыстық маңызы бар тас жол бойында қараусыз жүрген малдар. Бұл бағыттарды жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігіне бірнеше мәрте, яғни, «Атырау-Индер» тас жолы жиегіндегі шөптерді жою, қоғамдық орындар мен адамдар көп шоғырланатын орындарға бейне бақылау камераларын орнатуға, үй жануарларына жарыққа шағылысатын ленталар тағуға, жол-көлік оқиғаларының алын алуға баннерлер орнатуға және тағы да басқа ұсыныстар жолданды.

       Бұдан басқа, Аудандық әкімдікке мал қағу деректерінің алдын алу және тұрмыстық-зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу мақсатында көшелерде баннерлер орнатуға ұсыныс беріліп, баннерлер орнатылды.

        Сонымен қатар, көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстарды болдырмау, алдын алу және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында, «Тұрмыс», «Браконьер-2020», «Есеп», «Түңгі қаладағы жасөспірім», «Пробация», «Мотокөлік», «Қауіпсіз жол», «Автобус» және тағы басқа да жедел іс-шаралар өткізіліп, Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен жұмыстар атқарылды.

Жасөспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы

Жасөспірімдер жасайтын қылмыс санын азайту мақсатында аудандық әкімдікпен, төтенше жағдайлар бөлімімен, аудандық маслихатпен, аудандық білім беру ұйымдарымен, аудандық ауруханамен, облыстық денсаулық орталығымен, үкіметтік емес ұйымдармен және т.б мекемелермен жұмыстар атқарылады.

       Ағымдағы жылы жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында 7 алдын алу шаралары (Жасөспірім және
Қауіпсіз мектеп, Түнгі қаладағы балалар, Түнгі қала балалары
) және 1 акция (Бала еңбегін қанауға қарсы- 12 күн ҰАН) 44 локальді жұмыстар жүргізілді.

       Сонымен қатар Аудандық Жастар орталығымен, Денсаулық сақтау мекемелерімен, Үкіметтік емес ұйымдармен Білім бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып әр түрлі құқықтық тақырыптарда 126 сөз сөйлеулер,дөңгелек үстелдер өткізілді. Оның ішінде білім беру ұйымдарында 101, БАҚ-ы арқылы 25 түсіндірме жұмыстары жүргізілді.             

        Сондай-ақ, Аудандық кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына жеті ұсыныс жолданып, оның ішінде бір ата-ананың құқығын шектеу туралы ұсыныс қанағаттандырылып, сот шешімімен ата-ана құқығынан шектелді.  2020 жылдың 12 айындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарға келетін болсақ: 204 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, оның ішінде 193-і жасөспірімге қатысты, 12-і ересектерге қатысты.

        Ал жасөспірімдермен жасалған бір қылмыстық құқық бұзушық тіркеліп отыр.

Алдын-алуды ұйымдастыру және табиғат апаттары мен аварияларды жою

Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі

Аудандық әкім аппараты, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

Ауданда 2 өрт сөндіру бекеті халыққа қызмет етеді. Жалпы ауданға қосымша Жарсуат ауылынан 1 өрт сөндіру бекетін салу үшін жобалау-сметалық қужаттары жасақталып, сараптамадан өткізілді.

Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

Бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету

Аудандық құрылыс бөлімі 

Аудан бойынша тұрғын үй құрылысы қарқынды салынуда.

Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілу

Аудандық құрылыс бөлімі 

Аудан бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау 100 пайызды құрайды.

 

Жол

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі

Облыстық автомобильдер жолдары басқармасы

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 56,5 пайызды құрайды. 2020 жылы Индербор кенті 22 км кентішілік жолдарды қайта жаңғырту құрылысы аяқталды. Сонымен қатар Көктоғай, Есбол, Елтай елді мекендердің автомобиль жолдары қайта жаңғыртылып, ал Ақтан және Қызылжар ауылдарына 3 км кірме жол салынды.

Қоршаған орта сапасын жақсарту

Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі

«Жасыл-Аймақ» ЖШС

Индер ауданына қарасты 13 елді-мекеннің 11-інде қалдықтарды сақтайтын қоқыс алаңшалары орналасқан.

Аудан бойынша  2020 жылы – 6612 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, полигонға шығарылды. Ауданда қатты тұрмыстық қалдық шығарумен "Жасыл-Аймақ» ЖШС-і айналысады.

Экологиялық және санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (орналастыру орындарының жалпы санынан)

Облыстық табиғи ресурстан және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Индер ауданының аумағындағы 13 елді мекеннің 11-інде қоқыс алаңшалары (свалка) бар. Барлық алаңшаның жер актілері алынды.  Индербор кентіндегі қоқыс алаңшасының қоршау жұмыстарына сметалық құжаттама жасақталды. Алайда, аталған алаңшарларда қоршаған ортаға эмиссия рұқсаты жоқ (Индербор кенті бойынша алынған эмиссияның 13.03.2015ж. №KZ88VCZ00025191 рұқсатының мерзімі 2019 жылы бітті).

 

 

 

  1. Сыртқы әсерді талдау

Сыртқы әсер факторлары және олардың нысаналы индикаторға/нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсері

Қабылданған шаралар

1

2

Өнеркәсіп

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі           

Ауданнан өндірілетін өнімдерді халыққа таныстыру мақсатында ірі өндіріс орындарымен бірге  жиналыстар ұйымдастырылды

Шағын және орта кәсіпкерлік

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі

 Мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен  насихаттау мақсатында аудан халқына көшпелі мәжілістер ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Дүниежүзілік дағдарыс

Аудандық бөлім, аудандық жұмыспен қамту орталығы, кент, ауылдық округтері және барлық мекемелермен бірлесіп, жұмыссыздық деңгейін төмен түсіру бағытында «Халықты жұмыспен қамту» Заңың басшылыққа ала отырып, жұмыссыз азаматтарға жұмыспен қамту шараларын ұйымдастырады.

Дүниежүзілік дағдарыс

Аудандық бөлім, аудандық жұмыспен қамту орталығы, кент, ауылдық округтері және барлық мекемелермен бірлесіп, жұмыссыздық деңгейін төмен түсіру бағытында «Халықты жұмыспен қамту» Заңың басшылыққа ала отырып, жұмыссыз азаматтарға жұмыспен қамту шараларын ұйымдастырады.

Денсаулығына байланысты жұмысқа орналаса алмауы

Аудандық бөлім нысаналы топ азаматтарының тұрақты жұмысқа орналасу бағытында «Халықты жұмыспен қамту» Заңың басшылыққа ала отырып, азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілейді

Қоршаған орта сапасын жақсарту

Экологиялық және санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (орналастыру орындарының жалпы санынан)

Елді-мекендерде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын алаңшарларды қоршау үшін 2020 жылы бюджеттік өтінімдер жолданып, бүгінгі күнге бюджеттік өтінімдер оңтайлы шешімін таппады.

 

 

 

  1. Қаржы қаражатын игеру

Қаржыландыру көзі

Жоспар, млн.теңге

Факт, млн.теңге

Пайдаланбаудың себептері

 

1

2

3

4

 

Агроөнеркәсіптік кешен

 

Жергілікті бюджет

36,4

41,5

 

 

Басқа көздер

267

574

 

 

Барлығы

303,4

615,5

 

 

Шағын және орта бизнес

 

Республикалық бюджет

260,3

260,3

 

 

Жергілікті бюджет

449,8

449,8

 

 

Басқа көздер

-

-

 

 

Барлығы

710,1

710,1

 

 

Білім беру

 

 

 

Республикалық бюджет

68,1

59,3

Үнемделген қаржы

 

Жергілікті бюджет

107,6

106,6

Үнемделген қаржы

 

Барлығы

175,7

165,9

 

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

 

Жергілікті бюджет

8,9

8,9

 

 

Барлығы

8,9

8,9

 

 

Дене шынықтыру және спорт

 

Республикалық бюджет

260,4

260,4

 

 

Жергілікті бюджет

121,8

121,8

 

 

Барлығы

382,2

382,2

 

 

Құрылыс

 

Республикалық бюджет

2 688,6

2 688,6

 

 

Барлығы

2 688,6

2 688,6

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

 

Республикалық бюджет

85,4

85,4

 

 

Жергілікті бюджет

84,9

84,9

 

 

Барлығы

170,3

170,3

 

 

Автомобиль жолдары

 

Жергілікті бюджет

6 282,9

6 282,9

 

 

Барлығы

6 282,9

6 282,9

 

 

Жиынтығы:

7 655,8

7 655,8

 

 

Республикалық бюджет

               3 362,8

3 354,0

 

 

Жергілікті бюджет

7 092,3

7 096,4

 

 

Басқа көздер

267

574

 

 

 

  1. Талдамалық жазба

2016-2020 жылдарға арналған Индер ауданы аумағын дамыту бағдарламасының іс-шара жоспарын іске асыру барысында өнеркәсіп өнімдерін өндіру, шағын және орта бизнес, инновациялар мен инвестициялар, ауыл шаруашылығы, сонымен қоса әлеуметтік салалары да ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келеді.

Өңірлік макроэкономика. Жергілікті бюджеттің кірістер бойынша түсімі 2019 жылы 1070,6 млн.теңге болса, есепті жылы 1305,0 млн. теңге болып, 21,8 пайызға артты. 2020 жылдың қорытындысымен ауданның бюджетіне түскен түсімдер өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 235 млн.теңгеге немесе 21,8 пайызға артты. Өсім негізінен 101111 коды бойынша «Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы» - 25 563,4 мың теңге (2019 жыл қорытындысы  бойынша бірлік (разовый) тендер есебіне  сәйкес  ЖасылАймак ЖШС-гі 24.06.2020 ж   6984,2  мың  тенге төледі); 101201 коды «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» - 121 291,0 мың теңге; 103101 коды «Әлеуметтік салық» - 71 587,5 мың теңге (01.01.2020 жылдан бастап жергілікті органдардың  жалақылары өсуіне байланысты); 104101 коды «Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық» - 31 035,7мың теңге (АНУ КАЗТРАСНОЙЛ  АҚ-ң филиалы филиал  бойынша   мүлікке салынатын салық негізгі құралдарына   бағалау  есебі  бойынша 2020 жылдың қараша айында   қосымша салық декларация есебін тапсырып 35012,0  мың тенге  қосымша  төленді); 105434 коды «Қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы» - 377,8 мың теңге (Арақ өнімдеріне  рұқсат лицензия  үшін     түскен алым).

 Өнеркәсіп. 2020 жылдың қортындысымен  аудан бойынша өнеркәсіптік өнімдердің өндірілген өнімі  2  941,0  млн. теңгені құрап, 2019 жылмен  салыстырғанда  375,0 млн.теңгеге артып отыр. Яғни  нақты көлем индексі 135,2%- ды құрады. Облыстық Статистика басқармасының деректеріне сүйенсек 2020 жылдың қортындысымен негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8 132,0 млн.теңге оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 110,6 млн.теңгені құрады.

Агроөнеркәсіп кешені. Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 104,5 пайызды құрады немесе 10 млрд. 607 млн. 800 мың теңгеге (01.01.2020 жыл 10 223,1 млн.теңге). жетіп отыр. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 384,7 млн. теңгеге артық орындалды.

Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі жыл қорытындысымен 521,4 млн.теңгеге жетіп, 2,4 есеге артты.

Ірі қара мал басы 5,8 пайызға (20 372  бас), қой мен ешкі 2,2 пайызға (97 502 бас), жылқы 12,5 пайызға (9 408 бас), түйе 5,1 пайызға (3 557 бас), жалпы төрт түлік мал басы 3,5 пайызға артты.   Ет – 6 762,3 тонна (104,1%), сүт – 8 854,3 тонна (104,5%)  өндірілді.

Ауылшаруашылығы дақылдарының көлемі 85 гектарға немесе 5,8 пайызға артып, шаруа қожалықтары мен жеке сектор қоса алғанда барлығы 1545  гектар егіліп (2019 жылы – 1460 га),  алған өнімнің көлемі 25 989 тоннаға (оның ішінде картоп 7 144,0 тн, көкөніс 12 650,0 тн., бақша өнімдері 4 995,0 тн., екпе шөп 1 200,0 тн.,)  жетті.

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2020 жылдың қорытындысымен  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 1977 болса, оның 90,3%, яғни 1785-і белсенді субъектілер.

Білім беру. Есбол ауылындағы Қ.Есқалиев атындағы орта мектеп "Техэксперт-Эко" ЖШС-нің №00266  2017 жылдың 12 ақпанында берген  қорытындысы негізінде апаттық  жағдайдағы мектеп деп танылды. 320 орындық жаңа мектеп салу үшін ЖСҚ жасақталып, сараптамаға жолданды. Сараптама оң нәтиже берді. Қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы ағымдағы жылдың 7 қаңтар күні жарияланды.Үш ауысымдық мектеп жоқ.

          Аудан бойынша 3-6 жастағы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен қамту  1848 бала бар, барлық бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, көрсеткіш 100 пайызды құрап отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған адамдардың санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі 96,3 пайызды құрады, жоспар 69,0 пайыз.  Облыс аудан көлеміндегі кәсіпорындар мен мекемелердің бос жұмыс орындарының сұраныстарына сай және өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде күрделі жөндеу жұмыстарына бөлім есебінде тұрған жұмыссыздар жұмысқа жолданып, жоспар артығымен орындалды. «Нәтижелі  жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының аясында 1997 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланса, нақты 1389 жұмыссыз азамат жұмысқа орналасып, жоспар 69 пайызға орындалды.

Жұмыссыз азаматтарға кеңестік, әдістемелік көмек үнемі көрсетіледі. Сонымен қатар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандық полиция бөлімі, пробация қызмет тобы, жұмыспен қамту орталығының және пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтардың қатынасуымен нақты заңдылықтарға сай жұмыс істеу, сотталған азаматтарға әлеуметтік қолдау шараларын алу бағытында 2017 жылдан бастап аудан орталығында аудандық прокуратурасының бастамасымен «пробация кабинеті» ашылып, әр жұмыс сайын прокуратура, ішкі істер, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту салаларының мамандарымен бірге әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту бағытында түсінік жұмыстары жүргізілді.

Аудан бойынша 4 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, жәрмеңкеге қатынасқан 440 адамның 378-і жұмыспен қамтылды, 71 адамға консультация берілді. «Еңбек» бағдарламасы арқылы «Бастау-Бизнес» жобасымен жұмыссыздарды кәсіпкерлікке оқыту, қосымша мамандық алу үшін – 150 адам оқытылып,  жобаларына оң шешім тапты. Өз кәсібін ашуға 51 адам 262,9 млн теңге шағын несие алса, 87 адам өз кәсібін ашуға 48,3 млн теңге көлемінде  қайтарымсыз грант алды. 139 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 83 адам жастар тәжірибесіне, 503 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолдама алды.

Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру жоспары 78 адамды құраса, жыл қорытындысымен 83 адамға жұмысқа орналастыру шаралары алынған. Оның ішінде 44 адам тұрақты жұмысқа, 20 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 4 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 6 адам «Бастау-Бизнес» оқыту курстарына жолданса, 5 адам қайтарымсыз грант пен 4 адам шағын несие алып өзіне өзі қызмет етуде. Яғни, 2020 жылдың жоспары 106,4%  орындалып, жоспардан тыс 5 мүмкіндігі шектеулі адамдар  жұмысқа тұрды.

Аудан бойынша 2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1878 адамды құраса, оның ішінде еңбекке жарамды адамдардың саны 394 болып, атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі 21,0 пайызды құрап отыр.

            Мәдениет. 2016-2020 жылдарға арналған Индер ауданы аумағын дамыту бағдарламасының іс-шара жоспарын іске асыру барысында аудандағы                      аудандық орталықтандырылған  кітапхананың 13 бөлімшелері, 5 мұражай халыққа  мәдени-демалыс  қызметтерін ұйымдастыру, мемлекеттік  бағдарламаларды  орындау және дәстүрлі, ұлттық мерекелерді  ұйымдастыруда  мәдени  шаралар  өткізді.

Кітапханаға келушілердің 1000  адамға  шаққандағы орташа саны 196,3  көрсетіліп, жоспарды нақты орындалысы  223,2  болды, яғни жоспар  толығымен орындалды. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі 13 кітапхана бөлімшелерінде оқырмандары саны-7193 адам, келушілердің саны-37835 адам, барлығы  877  шара, оның ішінде карантиндік шектеуге байланысты  466 онлайн шара ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ онлайн кітап көрмелері, танымдық сағаттар, поэзиялық кештер, библиографиялық шолулар, имандылық сағаттары, «Кітапхана түні», кітап апталығы, «Өнегелі өмір»  атты  Т.Досымовқа  арналған  блог  жұмыс  жасауда.

Мұражайға келушілердің 1000 адамға шаққандағы орташа саны 97,8 көрсетіліп, жоспарды нақты орындалысы 117,9 болды. Жоспар толығымен орындалды.К арантиндік шектеулерге байланысты шаралар онлайн форматта ұйымдастырылды. Күні бүгінге  аудандық мұражайда- 5024 жәдігер қойылған,  өткен көрмелер саны-4, лекция-4,  Барлық мұражайға келушілердің саны- 3800 адам.

Спорт. Соңғы жылдары елімізде денешынықтыру мен спорттң бұхаралық сипатта дамуына айырықша көңіл бөлініп келеді. Бұл саладағы басты мақсат жастардың саламатты өмір салтын ұстану арқылы денсаулығын сақтауға ықпал ету. Жастар арасында спорт түрлерін насихаттау, спорттың маңыздылығы мен ерекшелігін таныту бағытында округ әкімдері және мекемелермен бірлескен түрде бұхаралық спорттық көпшілік шаралар өткізілді. 2020жылы «Ауыл Ел бесігі» жобасы арқылы республикалық бюджеттен 260,4 млн тенге қаржы бөлініп Жарсуат ауылынан спорт кешенінің құрылысы басталса, жергілікті бюджеттен 221,8 млн теңге бөлініп 5 спорт алаңы 2021 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Туризм. Облыстық Статистика басқармасының деректеріне сүйенсек 2020 жылдың ІІІ тоқсан қортындысымен ауданда барлығы 6 қонақ үй тіркелсе, ондағы қызмет көрсетілген келушілер саны 1162 адам немесе  89,1% -ды құрады.

Қоғамдық қауіпсіздік. Аудан аумағында көшелердегі қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және болдырмау мақсатында, Индербор кентінің көшелеріне бейнекамералар орнату жөнінде және қоғамдық орындар мен көшелерге және аудандағы кафе, асхана, мейрамхана, дүкендердер, шаштараздар, сұлулық салондары, көлік жуу орындары және осыған ұқсас басқа да қызмет көрсету нысандарының терезелерін темір торлармен, бейнекамералармен, дабыл қаққыштармен және дабыл қаққыштарды орнату жөнінде аудандық  маслихатқа 2020 жылдың 07-маусымында шығыс №5-1-93-230 санымен ұсыныстар жолданды.

Есепті жылы аудан көлемінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртіп», «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Жасөспірім», «Тұрмыс», «Локалды іс-шара», «Учаске», «Бекіре-2019», «Браконьер», «Түнгі қаладағы жасөспірім», «Тұрмыс және жасөспірім», «Қару», «Альтернативник», «Нелегал» және т.б. жедел алдын алу мен аудан көлемінде локалды іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Сонымен қатар, өткізілген «құқықтық тәртіп», «Қауіпсіз жол», «Аумақтық», «Тұрмыс», «Есеп», «Түңгі қаладағы балалар» «Отбасындағы зорлы-зомбылыққа жол жоқ» және т.б ЖПІШ кезінде Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі қызметкерлерімен жұмыстар атқарылды. 2020 жылдың  12 айында Индер АПБ ЖПҚ бөлімшесімен 2 азамат әкімшілік қадағалау орнатылған тұлға ретінде есепке алынса, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласында құқық бұзғаны үшін  77 құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, сот қаулысымен мінез-құлқына ерекше талаптар орнатылған 21 азамат, әкімшілік қадағалауға формальды түсетіндер ретінде 14 азамат, спирттік ішімдікті теріс пайдаланатындар санатымен 48 маскүнем есепке алынды және маскүнемдікпен, нашақорлық пен уытқұмарлықтан зардап шегетін ерікті түрде емдеуден және олардың әлеуметтік медициналық оңалтудан жалтаратын адамдарды мамандандырылған профилактикалық-емдеу мекемелеріне мәжбүрлеп 5 маскүнем жіберілді.

Криминогендік жағдайда полиция қызметін күшейту бағытында электронды түрдегі хаттамаларды толтыру үшін 27 планшеттері мен 22 портатипті бейне камераларымен қамтамасыз етілді.

               Алдын-алуды ұйымдастыру және табиғат апаттары мен аварияларды жою. 2017-2018 жылдары 3 дала өрті тіркелсе, 2019-2020 жылдары аудан көлемінде дала өртінің жаңу фактісі тіркелген жоқ. Қажетті қаражаттар бөлініп, тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Қазіргі уақытта №5 мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшесімен 10 елді мекендер қорғалады, дегенмен кейбір елді мекендер өртке қарсы қызметімен толық көлемде қорғалмай тұр. Халық саны 1–5 мыңға жететін 5 елді мекендерде өртке қарсы қызметтері жоқ. Ал қазіргі қолданыстағы өрт сөндіруші бөлімшенің нормативтік талаптардан қызмет көрсету радиусы 2-3 есе асады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің саны жеткіліксіздігінен өрт болып жатқан аймағына өрт сөндіру қызметінің келуіне уақытты көп талап етеді. Өрт көлемінің ұлғаюына сәйкес табиғаттың зақымдануы мен шығыны болады.

Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы. 2020 жылы ауданда барлық көздер есебінен 33064,7 шаршы метр жеке тұрғындар үйлері. Статистикалық ақпаратқа  сәйкес, 2020 жылдың қорытындысы бойынша аудандағы бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету – 18,7 шаршы метрді құрады

Автомобиль жолдары. Аудан  бойынша барлығы 364,9 шақырым автомобиль жолы болатын болса, оның 82 шақырымы  республикалық маңызы бар Атырау-Орал автомобиль жолы, 63 шақырымы облыстық маңызы бар Атырау-Индер автомобиль жолы, қалған 219,9 шақырымы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының барлығы 282,9 шақырымды құрайды. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2020 жылдың қорытындысымен 56,5% құрап отыр.

Экология. Индер ауданына қарасты 13 елді-мекеннің 11-інде қалдықтарды сақтайтын қоқыс алаңшалары орналасқан. Аудан бойынша  2020 жылы – 6612 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, полигон шығарылды. Ауданда қатты тұрмыстық қалдық шығарумен "Жасыл-Аймақ» ЖШС-і айналысады.

 

 

 

Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің

басшысы

___Г.Ә.Қонасова_______________

Қолы, Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)

 

 

 

 

 

Индер  ауданы  әкімінің орынбасары

___        С.Ө.Өтеғұлов____________

Қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

 

 

 

 

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

 

 

АКжТБ - аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі

АШБ – аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі

                         

 

АСБ - аудандық статистика басқармасы

                         

 

 

ОСД - облыстық статистика департаменті

 

 

АББ - аудандық білім бөлімі

 

 

ББҰ- білім беру ұйымдары

 

 

ОҚБ - облыстық құрылыс басқармасы

 

 

АҚБ -  аудандық құрылыс бөлімі

 

 

АТКШЖКАЖБжТИБ - аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекция бөлімі

 

 

АЖҚӘБжАХАБ - аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу  бөлімі

 

 

АМТДДШжСБ - аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі

                     

 

 

АПБ - аудандық полиция бөлімі

                         

 

                                                       

 

2016-2020 жылға дейінгі Индер ауданының аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есеп
Дата публикации
09 февраля 2021