Жарсуат ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиыны туралы
ХАТТАМА №5
«8» желтоқсан 2020 жыл Жарсуат ауылы
Сағат : 15.00
Жарсуат ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиыны шақырылды, жиын мүшелерінің жалпы саны –47, жиынға қатысқан мүшелерінің саны – 22.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе
2021 жылға арналған Жарсуат ауылдық округі бюджетінің жобасы туралы.
Тыңдалды
Жарсуат ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджетінің жобасы туралы. Хабарламашы: Кабдығалиева Кайша – Жарсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепші.
Округ бюджетінің жобасы 8 бағдарлама бойынша барлық шығыстар
85 049,0 теңге болып отыр. Оның ішінде:
Осы бюджеттік жобаға келісім берулеріңізді сұраймын.
Сөйлеу
Т.Азанов – зейнеткер. Жарсуат ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджетінің жобасымен танысып отырмыз, әрине бұл жергілікті басқару жүйесін жетілдіруге байланысты жүзеге асырылып отырған жұмыс. Биылда бірқатар жұмыстар атқарылды Махамбет, М.Мөңкеұлы көшелеріне жарық орнатылып, Қызылжар,Ақтан ауылдарына кірме жол салынып, денешынықтыру сауықтыру кешенінің жұмыстары жүргізілуде. Ауыл тұрғындары үшін қуантарлық жағдай. Жобаны мақұлдаймын.
С.Даутбаев –ауыл тұрғыны. Менде негізінен жобаны мақұлдаймын. Көшелерді жарықтандыру жұмыстарына қаржы қаралғаны ауыл тұрғындары үшін жақсы ұсыныс болар еді. Қалай болғанда да, түнгі жарықтандыру жұмыстары ауыл келбетін арттырып қана қоймай, қылмыстық әрекеттерге де тосқауыл қоюға өзіндік себеп болмақ. Сондықтан бұл ұсынысты қолдаймын.
Күн тәртібі толық қарастырылды.
Дауыс берудің қорытындысын жариялауға рұқсат етіңіздер.
Жарсуат ауылының қоғамдастық жиналысы күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе Қаулы етеді:
Жарсуат ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджетінің жобасы мақұлдансын.
Жиын төрағасы: А.Балахметов
Жиын хатшысы: А.Жубанышкалиева